Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ЖАРИЯЛАНДЫ:29.06.2026.

Том 81, № 2 (2026)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ТАРИХ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯ

7-18 177
Аңдатпа

Бұл мақалада Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі он жыл ішінде Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасы арасындағы мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастықтың дамуы оның тарихистратегиялық аспектілері ескеріле отырып, хронологиялық тәртіпте қарастырылады. Мақаланың мақсаты – 1990- жылдары екі ел арасындағы әскери-саяси және стратегиялық қайшылықтар мен қарым-қатынастардағы ауытқуларға қарамастан, сауда қатынастарының қайта құрылу, кеңею және әртараптану себептерін жан-жақты талдау. Мақалада посткеңестік кезеңдегі экономикалық-саяси үдерістер талданып, 1990-жылдардың ортасынан бастап Түркия мен Ресей үкіметтерінің «бәсекелестіктен ынтымақтастыққа көшуге» деген ұмтылысының себептері қарастырылады. Экономикалық қажеттіліктер негізінде бір-біріне жақындаған екі түрлі геосаяси бағыттағы елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюі бағаланады. Мақалада 1992–2000 жылдар аралығындағы сыртқы сауданың жалпы көлемі көрсетіліп, өңірлік және жаһандық үдерістердің дамуы аясында тараптар арасындағы өзара сенімсіздіктің тікелей көріністері атап өтіледі. Сонымен қатар, аталған хронологиялық жүйелілік негізінде екіжақты экономикалық қатынастардағы негізгі кезеңдер, тәуекелдер мен қауіп-қатерлер, сондай-ақ қатынастарды одан әрі дамыту перспективалары талданады. Мақалада Қара теңіз өңіріндегі Экономикалық ынтымақтастық ұйымының маңыздылығы атап көрсетіледі. Энергетикалық сауда саласында табиғи газды сатып алу мен сатудың жаңа мүмкіндіктерінің екі ел үшін де тартымдылығы қарастырылып, Ресей мен Түркияның осы саладағы өзара мүдделері көрсетіледі. Сондай-ақ мақалада екі елдің сауда, құрылыс және туризм бағыттарындағы мемлекеттік саясаты сипатталады. Бұдан бөлек, екіжақты қатынастарға қауіп төндіретін факторлар ретінде Түркияның НАТО-ға мүшелігі, АҚШ пен Еуропалық Одақтың жаңадан тәуелсіздік алған мемлекеттерге қатысты саясаты, Ресейдің Кавказдағы, Таяу және Орта Шығыстағы саясаты, сондай-ақ НАТО-ның шығысқа қарай кеңею жоспары қарастырылады. Қорытынды бөлімде Ресей мен Түркия арасындағы 1990-жылдардағы экономикалық ынтымақтастық кеңестік кезеңдегі экономикалық ынтымақтастықпен салыстырылады.

19-30 146
Аңдатпа

Зерттеу XVIII ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы империялық саясаты аясында Ақмола өңіріндегі діни институттарды маңызды құрылымдық буын ретінде қарастыруға арналған. Жұмыстың негізін шіркеулік және азаматтық басқару органдарының қызметін бейнелейтін архивтік материалдарды талдау құрайды. Зерттеуде рухани консисториялардың құжаттары, өңірлік әкімшілік материалдары және рухани басқармалардың іс жүргізу деректері пайдаланылды. Ресей империясының империялық саясаты контекстінде XVIII – XX ғасырдың басындағы Ақмола өңіріндегі діни институттардың қалыптасу, қызмет ету және трансформациялану ерекшеліктерін анықтап, талдау, әкімшілік, демографиялық және қоныс аудару үдерістерінің конфессиялық саланың дамуына ықпалын айқындау. Зерттеу діни ұйымдардың қалыптасу, қызмет ету және трансформациялану заңдылықтарын анықтауға бағытталған. Бұл үдерістер далалық аумақтарды игеру және қоныс аудару қозғалысының күшеюі жағдайында жүзеге асты. Діни саланың институционалдық дамуы біркелкі болмағаны және нақты әлеуметтік-демографиялық әрі әкімшілік жағдайларға тәуелді болғаны анықталды. Мұндай динамика орталықтандырылған шіркеулік басқару үлгісінің өңірлік кеңістіктің нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмеуін көрсетеді, соның нәтижесінде діни құрылымдар жергілікті жағдайларға бейімделуге мәжбүр болды. Дереккөздерді талдау діни бірлестіктер қызметінің тек ғибадат ету шеңберімен шектелмегенін көрсетеді. Олар қоғамдық өмірді ұйымдастыруда маңызды рөл атқарып, қоныс аударушыларды аймақтың әлеуметтік құрылымына енгізуге және қоғамдық тұрақтылықты сақтауға ықпал етті. Рухани басқармалардың аралық әкімшілік буын ретіндегі қызметі, сондай-ақ XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Омбы епархиясы мен викариаттардың құрылуымен байланысты реформалар ерекше маңызға ие. Ақмола өңіріндегі діни институттар империялық басқару жүйесінің маңызды, алайда құрылымдық тұрғыдан осал элементі болды. Олардың дамуы демографиялық үдерістерге, әкімшілік өзгерістерге және далалық кеңістіктің ерекшеліктеріне тәуелді болды.

31-48 161
Аңдатпа

Мақалада 1943–1944 жылдардары Солтүстік Кавказдан Оңтүстік Қазақстан облысына депортацияланған халықтардың қайғылы тағдыры зерттеледі. Күшпен қоныс аудартудың себептері, көші-қон шарттары және оның салдары қарастырылады. Зерттеуде облыстық Ішкі істер халық комиссариаты басқармасының (УІІХК) баяндамалары, арнайы қоныс аударушыларды қоныстандыру мен жұмысқа орналастыру туралы баяндамалық хаттары, есептері, анықтамалары, сондай-ақ депортацияланғандардың саны жөніндегі статистикалық мәліметтері негізге алынды. Депортация 1943 жылдың қара күзінен бастап жүзеге асырылып, Солтүстік Кавказдан қарашайлар, чечендер, ингуштар, балкарлар және басқа да ұсақ халықтар еріксіз қоныс аударылды. Көші-қон барысында арнайы қоныс аударушылар ауыр жол азабын бастарынан өткеріп, азық-түлік пен медициналық көмек жетіспеушілігінен өлім-жітімнің жоғары болуына себеп болды. Оңтүстік Қазақстанға келген соң, депортацияланғандар барақтар мен сарайларда, өмір сүруге жарамсыз жеркепелерде тұруға мәжбүр болды. Мақалада депортацияланғандардың еңбек жағдайлары, жергілікті өмірге бейімделудегі қиындықтар және билік өкілдері тарапынан орын алған кемсітушілікпен жасалған еңбек шарттары да талданады. Арнайы қоныс аударушылар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс салаларында жоғары өнімділікпен еңбек етті, алайда олардың құқықтары шектеуді, еңбек ақысы төмен және азық-түлік жетіспеуі салдарынан өмір сүрудің басқа тәсілдерін іздеуге мәжбүр болды. Мақалада сондай-ақ депортацияның әлеуметтік және психоэмоционалды салдары, оның ішінде туған жеріне оралу үмітінің жоғалуы, әлеуметтік оқшаулану мен жатсыну сезімдері де талданады. Зерттеудің мақсаты – мұрағаттық құжаттар мен статистикалық материалдар негізінде 1943–1944 жылдары Солтүстік Кавказдан Оңтүстік Қазақстан облысына қарашайлар, шешендер, ингуштар, балқарлар және басқа да халықтардың мәжбүрлі депортациялануының ерекшеліктерін анықтап, талдау, олардың қоныс аудару, орналастыру және еңбек ету жағдайларын ашып көрсету, сондай-ақ депортацияның арнайы қоныстандырылған халықтарға және өңірге тигізген салдарын айқындау. Зерттеу нәтижесінде депортацияның әлеуметтікэкономикалық және демографиялық салдары айқындалып, дәстүрлі өмір салтының бұзылуы, туған жерінен айырылуы және ұзақ мерзімді реабилитация мәселелері анықталды. Мақала депортацияның аймақтық және ұлттық деңгейде тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында осы тақырыпты әрі қарай зерттеу қажеттілігін негіздейді.

49-62 147
Аңдатпа

Зерттеу қазақ даласында, әсіресе XIX ғасырдағы патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты кезінде Ислам дінінің таралуы мен орнықтылығын талдайды. Архивтік құжаттар, тарихи жазбалар, саяхатшылардың еңбектері мен ғылыми әдебиеттерді зерттеу арқылы, діннің қазақтардың рухани, моральдық және интеллектуалдық өміріндегі маңызды рөлін сақтап қалғаны көрсетіледі. Зерттеудің мақсаты – Ресейдің отарлық билігі кезеңінде қазақ даласында исламның таралуының тарихи динамикасы мен ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ отарлық ықпал мен орыстандыру саясаты жағдайында оның қазақ қоғамының діни бірегейлігін, зияткерлік әлеуетін және мәдени тұтастығын сақтаудағы әлеуметтік, білім беру және мәдени рөлін айқындау. Ерекше назар исламдық білім беру институттарының, діни қайраткерлердің, қажылықтың және жәдидшілдік қозғалысының қазақтардың ислам мәдениеті мен білімінің дамуы мен трансформациясындағы рөліне аударылады. Мәдреселер мен ауыл мектептері діни біліммен қатар шығыс тілдері, логика, философия және тарих пәндерін қамти отырып, кешенді білім беру жүйесін қамтамасыз етті. Белгілі қожа әулеттері мен молдалар Ислам білімін тарату мен моральдық тәрбиенің негізгі қозғаушы күші болды, ал қажылық әртүрлі қауымдастықтар арасында діни бірлік пен ұлттық сана қалыптастырды. Сонымен қатар, Жәдидтік қозғалыстың ықпалы да қарастырылып, оның Еуропалық педагогикалық әдістерді мұсылман білім беру жүйесіне енгізгені, білім реформасының алғашқы қадамдары ретінде бағаланады. Жалпы, бұл зерттеу колониялық қысымға қарамастан, Исламның қазақ қоғамында мәдени және интеллектуалдық тұрақтылықты сақтауда негізгі күш болғанын дәлелдейді.

63-72 159
Аңдатпа

Мәжбүрлі көші-қон тарихы кеңестік ұлт саясаты мен этносаралық қатынастарды зерттеуде маңызды орын алады. Бұл саясаттың ең маңызды көріністерінің бірі сталиндік кезеңде жекелеген этностарды жаппай депортациялау болды. Солардың ішінде кеңестік немістер КСРО тарихындағы ең ауқымды мәжбүрлі қоныс аударулардың бірін бастан кешірді. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін, 1941 жылы Кеңес үкіметі этникалық немістерді сенімсіз халық ретінде қарастырып, Еділ бойы Неміс автономиялық кеңестік социалистік республикасын таратып, жүздеген мың немісті Қазақстанға, Сібірге және КСРО-ның басқа да шалғай аймақтарына күштеп көшірді. Солтүстік Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығына қолайлы жағдайлары мен еңбек ресурстарына деген сұранысына байланысты жер аударылған немістерді қабылдаған негізгі өңірлердің біріне айналды. Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына көптеген депортацияланған немістер қоныстандырылып, негізінен ауылдық жерлерде орналастырылды және ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісіне тартылды. Зерттеудің мақсаты – сталиндік ұлттық саясат кезеңінде кеңестік немістердің Солтүстік Қазақстанға мәжбүрлі депортациялануының ерекшеліктерін анықтап, талдау, олардың Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныс аударуының ауқымы мен негізгі бағыттарын айқындау, сондай-ақ депортацияның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ Қазақстанның полиэтносты қоғамының қалыптасуына тигізген тарихи салдарын ашып көрсету. Солтүстік Қазақстанға немістердің депортациялану тарихын зерттеу кеңестік этносаясаттың ерекшеліктерін, демографиялық өзгерістерді және мәжбүрлі көшіқонның ұзақ мерзімді салдарын түсіну үшін маңызды. Сонымен қатар, бұл зерттеу Қазақстанның көпэтносты қоғамының қалыптасу үдерісін түсіндіруге және жер аударылған халықтардың тарихи жадын сақтауға мүмкіндік береді.

73-88 140
Аңдатпа

Мақала еліміз тарихының аз зерттелген беттерінің біріне – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы эвакуациялық госпитальдарға арналған. Зерттеудің мақсаты - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан эвакуациялық госпитальдарының қызметін талдау, госпиталь жүйесінің қалыптасуындағы негізгі мәселелер мен ерекшеліктерді анықтау, сондай-ақ жараланған және науқас әскери қызметшілерді емдеу, оңалту және қатарға қайтарудағы оның рөлін айқындау. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ кеңес жауынгерлері мен офицерлерінің өмірін сақтап, денсаулығын қалпына келтіру – аса маңызды міндет болып тұрды. Оларды мүмкіндігінше тезірек өз бөлімшелерінің қатарына қайтару – басты мәселе еді. Бұл міндеттерді шешуде медициналық мекемелерге, әсіресе эвакуациялық госпитальдарға үлкен рөл жүктелді. Қазақстанның әскери іс-қимылдар театрынан қашық орналасуына байланысты, республика аумағы бұл емдеу орталықтарының шоғырланатын орнына айналды. Олардың міндеті – жауынгерлердің сауығып, денсаулығын қалпына келтіріп, кейіннен майданға қайта оралуын қамтамасыз ету болды. Мақалада соғыс жылдарында Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтарындағы госпитальдардың қызметі талданады. Республикада госпиталь жүйесін құрудың алғашқы кезеңдерінде кездескен қиындықтарға ерекше назар аударылады. Бұл қиындықтарды медициналық және қызмет көрсету персоналы да, науқас және жарақаттанған жауынгерлер де еңсеруге мәжбүр болды. Қазақстан реабилитациялау және денсаулықты қалпына келтірудің ең маңызды орталықтарының біріне айналды. Республикада санаторлық-курорттық емдеудің жолға қойылған құрылымы қалыптасқан болатын, ол соғыс жағдайында да табысты қолданыс тапты және жалғасын тапты.

89-97 136
Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, Батыс Алашорда үкіметінің қызметіне белсене араласқан қоғам қайраткері Хасан Нұрмұхамедовтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі жан-жақты талданады. Хасан Нұрмұхамедовтің қалыптасу жолы мен дін саласындағы атқарған қызметін, Алаш идеяларын жүзеге асырудағы рөлін, сондай-ақ Кеңестік қуғын-сүргін кезеңіндегі тағдырын архивтік және ғылыми деректер негізінде қарастырады. Хасан Нұрмұхамедовтің діни-ағартушылық, әлеуметтік және саяси бағыттағы қызметі Батыс Алашорда тарихымен сабақтастықта қарастырылады. Мақалада Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар және Алаш қозғалысының кезеңдері ашылып, талданды. Алаш қозғалысының қазіргі Қазақстандағы ұлттық мүддемемен байланысы сарапталды. Зерттеудің мақсаты — Хасан Нұрмұхамедовтың өмір жолы мен қоғамдық-саяси, діни-ағартушылық қызметін кешенді зерттеу, оның «Алаш» қозғалысы идеяларын жүзеге асыруға және Батыс Алашорда қызметіне қосқан үлесін ашып көрсету, сондай-ақ оның тағдыры мен ұрпақтарының қызметін кеңестік қуғын-сүргін, ұлттық мемлекеттілік және тарихи жадты сақтау контекстінде қарастыру. Сонымен қатар, оның ұрпақтарының білім мен ғылым саласындағы қызметі мен жетістіктеріне де назар аударылады. Алаш қайраткерлерінің ұлттық мемлекеттілік жолындағы күресі мен тарихи маңызы ашылған. Отан тарихындағы «ақтаңдақ» беттердің қатарына жататын кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргінге ұшыраған дәстүрлі ислам өкілдерінің тағдырларымен байланыстыра отырып қарастырылған. Мақала ұлттық сана мен тарихи жадыны жаңғыртуға бағытталған.

98-116 134
Аңдатпа

Мақалада Азамат соғысы кезеңіндегі Шығыс Қазақстандағы азаматтық тұрғындар мен әскери құрылымдар арасындағы өзара қатынастар қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Азамат соғысы кезеңіндегі әскери билік органдарының Шығыс Қазақстанның азаматтық халқына қатысты жүргізген саясатының ерекшеліктерін зерделеу, оны жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін талдау, сондай-ақ әскери құрылымдардың бейбіт халықтың өміріне ықпалының сипаты мен деңгейін зерттеу. Зерттеуде саяси режимді қолдау мен қоғамды бақылауда маңызды құрал болған қарсыбарлау және құқық қорғау органдарының қызметіне ерекше назар аударылады. Өңірлік үдерістер бұрынғы Ресей империясының кеңістігін қамтыған ауқымды саяси қақтығыс контексінде талданады. Зерттеу әскери құрылымдар мен қауіпсіздік органдарының тек әскери іс-қимылдарда ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындардың күнделікті өмірінде де елеулі рөл атқарғанын көрсетеді. Архивтік құжаттар мен кезең материалдары негізінде өңірлік деңгейдегі қарсыбарлау және құқық қорғау органдарының қызмет ету тетіктері қайта қалпына келтіріледі. Олардың қызметі оппозициялық көңіл-күйлерді басуға, қоғамдық жағдайды бақылауға және ықтимал қауіптердің алдын алуға бағытталды. Сонымен қатар олардың қатысуы әлеуметтік ортаға елеулі ықпал етіп, көші-қон үдерістерін, экономикалық тәжірибелерді және қоғамдық қатынастарды өзгертті. Мақалада азаматтық халықтың тек ықпал ету нысаны ғана емес, сонымен бірге саяси тұрақсыздық пен қарулы қақтығыс жағдайында өмір сүру мен бейімделудің түрлі стратегияларын қалыптастырған тарихи үдерістердің белсенді қатысушысы болғаны көрсетіледі.

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ

117-130 152
Аңдатпа

Жалпы орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектінің (ЖИ) пайда болуы оқыту мен білім алудың дәстүрлі сынып шеңберінен шығатын трансформациясына ықпал етіп, цифрлық делдалдықтағы білім беру экожүйелерінің қалыптасуына жағдай жасауда. Мақалада Гвадалахара университетінің №7 жоғары мектебі мысалында ЖИ-ді білім беру үдерісіне интеграциялаудағы оқушылардың мінез-құлқына, этикалық ұстанымдарына, оқу үлгеріміне және сыни ойлау қабілетіне әсері зерттеледі. Зерттеудің мақсаты – ЖИ-ді пайдалану жиілігі мен оқушылардың мінез-құлықтық, академиялық және этикалық сипаттарындағы өзгерістер арасындағы өзара байланысты анықтау, сондай-ақ ЖИ-дің оқуды қолдау құралы ретінде басымдық танытатынын немесе дербес ойлауды алмастыру қаупін тудыратынын бағалау. Жүйелік экожүйелік тәсіл негізінде зерттеуде ЖИ-ді қолданудың технологиялық аспектілерімен қатар оның когнитивтік және этикалық салдары тұрақты даму мақсаттары аясында қарастырылды. Әдіснамалық негізді ЖИ-ді пайдалану жиілігі мен оқушылардың мінезқұлқындағы өзгерістер арасындағы байланысты анықтауға бағытталған сандық диагностикалық зерттеу құрады. Зерттеу барысында оқушылардың жеке қызығушылықтары мен міндетті оқу мазмұны ескерілді. Нәтижелер ЖИді пайдалану қарқындылығы мен білім беру нәтижелері арасында күрделі өзара байланыстың бар екенін көрсетті. ЖИ-ді жиі пайдалану уақытты үнемдеумен және когнитивтік тәуелділіктің ықтимал қаупімен байланысты болғанымен, оны қарқынды пайдалану мен академиялық адалдық арасында әлсіз оң байланыс анықталды. ЖИді жиі қолданатын оқушылар дереккөздерді тексеру және ақпаратқа саналы скептицизм таныту деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Нәтижелер этикаға, сыни ойлауға және технологияларды жауапты пайдалануға басымдық беретін білім беру ортасында ЖИ-мен тұрақты өзара әрекеттесу алгоритмдік сауаттылықты дамытуға ықпал етуі мүмкін екенін көрсетеді.

131-141 175
Аңдатпа

Мақала болашақ информатика мұғалімдеріне генеративті жасанды интеллектті оқытудың ғылымиәдістемелік моделін әзірлеуге және тәжірибелік тексеруге арналған. Зерттеудің өзектілігі жасанды интеллект технологияларының білім беру жүйелеріне жылдам интеграциялануына және болашақ мұғалімдер арасында цифрлық құзыреттілікті дамыту қажеттілігінің артуы болып табылады. Зерттеуде теориялық талдау, педагогикалық эксперимент, сауалнама, бақылау және статистикалық мәліметтерді өңдеу сияқты аралас әдіс қолданылды. Ұсынылған модель мақсатқа бағытталған, мазмұнды, технологиялық, бағалау компоненттерін қамтиды және генеративті жасанды интеллект құралдарын оқу процесіне жүйелі түрде енгізуге бағытталған. Зерттеудің мақсаты - болашақ информатика мұғалімдеріне генеративті жасанды интеллектті оқытудың әдістемелік моделін жасау және ғылыми негіздеу. Зерттеу Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде жүргізіліп, оған 75 білім алушы қатысқан. Эксперименттік топтағы білім алушылардың жасанды интеллект құзыреттілігінің деңгейі бақылау тобымен салыстырғанда айтарлықтай артқанын көрсетті, бұл ұсынылған модельдің тиімділігін растады. Нәтижелер генеративті жасанды интеллект құралдарын оқу процесіне енгізу болашақ мұғалімдердің кәсіби, цифрлық және шығармашылық құзыреттіліктерінің дамуына оң әсер ететінін көрсетеді. Ұсынылған ғылымиәдістемелік модельді жоғары оқу орындарында жасанды интеллектпен байланысты оқытуды жетілдірудің практикалық негізі ретінде пайдалануға болады.

142-155 128
Аңдатпа

Информатика мұғалімдерінің бағдарламалау құзыреттілігі мен педагогикалық мазмұндық білімінің бір мезгілде дамуын бағалау ашық өлшеу мәселесі болып табылады. Сауалнамаға негізделген құралдар мінезқұлықтың орнына сенімдерді анықтайды, ал стандартты бағдарламалау аналитикалық құбырлары мұғалім кандидаттарын қарапайым есептеу студенттерінен ерекшелейтін педагогикалық білім өлшемін модельдемей, бір ғана дағды мақсатын бақылайды. Бұл мақалада бағдарламалау зертханалық сабақтары кезінде контейнердің жұмыс уақытында жиналған мінез-құлық іздері бойынша технологиялық білім, педагогикалық білім, мазмұндық білім және педагогикалық мазмұндық білімнің барлық төрт TPACK компонентін меңгеру деңгейлерін бағалайтын көп шығысты градиентті күшейту архитектурасы ұсынылған. Алты санатты ерекшелік таксономиясы Docker демоны оқиға ағындарынан, қолданбалы қабат компиляция журналдарынан, пернетақтаны басу тізбектерінен, нұсқаны басқару суреттерінен, көмек іздеу өзара әрекеттесулерінен және дәл бапталған DistilBERT педагогикалық рефлексия классификаторынан алынған. 850 аннотацияланған сессияның синтетикалық эталонындағы эксперименттер стандартты Байес білімін бақылау және бір шығысты градиентті күшейтуді қоса алғанда, сегіз модель конфигурациясын төрт базалық деңгейге сәйкес бағалайды. Ұсынылған архитектура барлық төрт TPACK компоненті бойынша макроорташа F1 мәніне 0,791 жетеді, бұл ең күшті бір шығыс базалық деңгейінен 6,8 пайыздық пунктке асып түседі және үздіксіз меңгеру бағалауларындағы орташа абсолютті қатені BKT-мен салыстырғанда 18,3%-ға төмендетеді. Абляция нәтижелері педагогикалық рефлексия ерекшеліктерінің PCK болжамына 9,2 F1 пунктін қосатынын, TK және CK-ға шамалы пайда әкелетінін, із таксономиясының компонентке тән дизайнын растайтынын растайды. Ерекшеліктердің маңыздылығын талдау пернеаралық кідіріс орналастыру және компиляция қателерінің ауысу үлгілері CK бағалауы үшін ең ақпараттық сигналдар екенін, ал лексикалық PCK ерекшеліктері педагогикалық компонентті болжауда басым екенін көрсетеді.

156-166 128
Аңдатпа

Мақалада жалпы білім беретін мектепте физика пәнін оқыту барысында CinQASE моделі мен проблемалық оқыту әдісін кіріктіріп қолданудың оқушылардың сыни ойлауын дамытуға әсері қарастырылды. Зерттеудің мақсаты – физика сабағында CinQASE моделінің кезеңдерін проблемалық оқыту әдісімен ұштастыра отырып, оқушылардың талдау, дәлелдеу, сұрақ қою, зерттеу және қорытынды жасау дағдыларын дамыту тиімділігін анықтау. Зерттеу объектісі ретінде 9-сынып оқушыларының физика пәнін оқу үдерісі алынды, ал зерттеу пәні – CinQASE моделі мен проблемалық оқыту әдісінің интеграциясы арқылы сыни ойлауды қалыптастыру жолдары. Зерттеу 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың мамырына дейін Ақмола облысындағы №2 Қосшы орта мектебінің 9-сынып оқушыларының қатысуымен жүргізілді. Экспериментке барлығы 54 оқушы қатысты: 27 оқушы эксперименттік топқа, 27 оқушы бақылау тобына бөлінді. Зерттеу барысында педагогикалық эксперимент, диагностикалық тестілеу, бақылау, сауалнама, оқушылардың рефлексиялық жазбаларын талдау және салыстырмалы статистикалық өңдеу әдістері қолданылды. Эксперимент нәтижелері бойынша эксперименттік топта сыни ойлау деңгейі 42,3%-дан 71,8%-ға дейін, пәнге қызығушылық 48,1%-дан 82,5%-ға дейін артты. Зерттеудің теориялық маңызы CinQASE моделі мен проблемалық оқытуды кіріктіре қолданудың физика пәніндегі сыни ойлауды дамытуға әсерін негіздеумен сипатталады. Тәжірибелік маңызы ұсынылған әдістемені физика сабақтарында, зертханалық жұмыстарда және проблемалық тапсырмаларды ұйымдастыруда қолдануға болатындығымен анықталады.

167-177 136
Аңдатпа

Мақалада ерекше білім беруді қажет ететін бастауыш сынып оқушыларын оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі инклюзивті білім берудің дамуы және білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың кеңінен енгізілуімен байланысты. Қазіргі жағдайда цифрлық технологиялар білім алушылардың әртүрлі санаттары үшін білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етудің және оқыту тиімділігін арттырудың маңызды құралына айналып отыр. Зерттеудің мақсаты – бастауыш сыныптағы ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқытуда цифрлық білім беру ресурстарының педагогикалық мүмкіндіктерін талдау және олардың оқу процесінің тиімділігіне әсерін анықтау. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, цифрлық білім беру платформаларын салыстырмалы талдау, педагогикалық бақылау және педагогикалық тәжірибені жинақтау әдістері қолданылды. Инклюзивті білім беру тәжірибесінде қолданылатын негізгі цифрлық білім беру ресурстары, соның ішінде интерактивті білім беру платформалары, мультимедиялық материалдар және ойын элементтеріне негізделген оқыту технологиялары қарастырылды. Зерттеу нәтижелері цифрлық білім беру ресурстарын қолдану оқушылардың оқу мотивациясын арттыруға, танымдық белсенділігін дамытуға және оқу материалын жақсы қабылдауына ықпал ететінін көрсетті. Сонымен қатар интерактивті білім беру платформаларын пайдалану оқу материалын оқушылардың жеке ерекшеліктеріне бейімдеуге және білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретіні анықталды. Зерттеу нәтижелерін бастауыш сынып мұғалімдері инклюзивті білім беруді ұйымдастыру барысында цифрлық білім беру технологияларын қолдануда пайдалана алады.

178-189 117
Аңдатпа

Мақалада БҰҰ алға қойған тұрақты даму міндеттері аясында мектеп жасына дейінгі ересек балаларда қаржылық сауаттылық пен тұтыну мәдениетін қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Авторлар сапалы білім беруді қамтамасыз ету критерийлеріне сәйкес келетін қаржылық білім беруді мектепке дейінгі білім беру жүйесіне біріктірудің маңыздылығын атап көрсетеді. Осы критерийлерге сәйкес дұрыс мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруға және экономикалық жүйеге бейімделуге бағытталған білім беру процесінің әлеуметтік құрамдас бөлігі басымдыққа ие. Зерттеудің мақсаты — мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың қаржылық сауаттылығы мен тұтыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған арнайы әзірленген педагогикалық әдістердің теориялық негіздерін айқындау және олардың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік тұрғыдан тексеру

Зерттеу мектеп жасына дейінгі балалардың базалық қаржылық білімі мен тұтыну мәдениетін қалыптастыру қажеттілігіне назар аударады, бұл Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көрсетілген. Мақала авторлары қаржылық сауаттылықты қалыптастырудың міндеттері балаларды қарапайым қаржылық ұғымдармен таныстыру ғана емес, сонымен бірге оларды әлеуметтендірудің алғашқы кезеңдерінде болатын қаржылық сананы дамыту екенін атап көрсетеді.

Мақалада мәселенің теориялық негіздерін талдау нәтижелері, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі ересек балаларда қаржылық сауаттылық пен тұтыну мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс келтірілген. Зерттеудің негізгі гипотезасы ата-аналардың балалардың қаржылық тәрбиесіне айтарлықтай әсер еткеніне қарамастан, білім беру мекемелері арнайы әзірленген педагогикалық әдістер арқылы қаржылық сауаттылықтың дамуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Зерттеу нәтижелері бойынша бұл бағдарлама балалардың қаржылық сауаттылық деңгейін айтарлықтай жақсартуға ықпал ететінін көрсетті. Эксперименттік топ бақылау тобымен салыстырғанда қаржылық сауаттылықтың жоғары деңгейін көрсететін балалар санының өсуін тіркеді, бұл χ2-Пирсон критерийі арқылы анықталған статистикалық маңызды өзгерістермен расталады.

Осылайша, зерттеу қаржылық білім беруді мектепке дейінгі мекемелерге біріктірудің маңыздылығын және мақсатты педагогикалық әдістердің тиімділігін растайды. Осындай бағдарламаларды енгізу балалардың негізгі дағдылары мен білімдерін дамытуға мүмкіндік береді, болашақта жеке қаржыны саналы түрде басқару үшін қажет, бұл олардың экономикалық жүйеге сәтті бейімделуіне ықпал етеді.

190-199 134
Аңдатпа

Зерттеу 2024 жылы Түркістан облысындағы «Келте-Машат» таулы аймағында 10 студенттің қатысуымен жүзеге асырылды. Экспериментті ұйымдастыру барысында студенттердің денсаулық көрсеткіштері зерттеуге дейін және кейін Түркістан қаласындағы облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінде медициналықантропометриялық әдістер арқылы анықталды. Бағалау көрсеткіштеріне студенттің дене салмағы, жүрек соғу жиілігі (ЖСЖ), өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС), жұмыс қабілеттілігінің көрсеткіші (PWC170) және максималды оттегі тұтыну деңгейі (МПК) алынды. Зерттеудің мақсаты - спорттық-рекреациялық туризм арқылы студент жастардың салауатты өмір салты дағдыларын тиімді қалыптастырудың жолдарын теориялық және тәжірибелік тұрғыдан негіздеу. Зерттеу нәтижелері бойынша PWC170 көрсеткіштері барлық студенттерде жоғарылап, жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері және зат алмасу үдерісінің артқаны анықталды. МПК орташа есеппен 714 мл/мин-ға өсіп, аэробтық төзімділіктің жақсарғанын көрсетті. Қатысушылардың дене салмағы орташа 2 кг-ға төмендеді, ал ӨТС көрсеткіштері тұрақты түрде оң өзгерісті көрсетті. Зерттеу барысында алынған нәтижелер спорттық-рекреациялық туризмнің студенттердің дене дайындық деңгейін, функционалдық мүмкіндіктерін және жалпы денсаулық көрсеткіштерін жақсартуда тиімді құрал екенін дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары жоғары оқу орындарында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды жетілдіруге және спорттық-рекреациялық туризмді оқу үдерісіне енгізуге ғылыми-әдістемелік негіз бола алады.

200-213 129
Аңдатпа

Мақала бастауыш сынып оқушыларының функционалдық оқу дағдыларын дамытуда болашақ мұғалімдерді әдістемелік қамтамасыз ету мәселесіне арналған. Зерттеудің мақсаты – мұғалімдерді кәсіби даярлау сатысында әдістемелік қамтамасыз ету қажеттілігін негіздеу, сонымен қатар оқуға үйретудің заманауи стратегияларын қолдануға мұғалімдердің теориялық негіздері мен практикалық дайындығы арасындағы қайшылықтарды анықтау. Зерттеуде әдістемелік қамтамасыз етудің негізгі аспектілері қарастырылып, педагогикалық тәжірибедегі бар кедергілер талданады және болашақ мұғалімдерді дайындау сапасын арттыру үшін оларды еңсеру жолдары ұсынылады. Зерттеудің әдістемелік негізі мұғалімдермен жартылай құрылымдық сұхбат деректерін өңдеу үшін қолданылатын тақырыптық талдау әдісі болды. Бұл әдіс икемділіктің жоғары дәрежесіне ие, бұл оны деректердің әртүрлі түрлеріне және зерттеу тапсырмаларына бейімдеуге мүмкіндік береді. Тақырыптық талдау болашақ мұғалімдердің функционалдық оқуды дамыту әдістерін меңгеру барысында кездесетін негізгі проблемаларды анықтауға, сондай-ақ оларды жоюдың ықтимал шешімдерін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесіне тәжірибеге бағытталған әдістерді, цифрлық технологияларды және педагогикалық жағдаяттарды модельдеуді интеграциялаудың маңыздылығын көрсетеді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің құзыреттілігін қалыптастыруда білім беру ұйымдарының, педагогикалық жоғары оқу орындарының және тәжірибелік мамандардың өзара әрекеттестігі шешуші рөл атқарады. Зерттеудің нәтижелері функционалдық сауаттылық мәселелері бойынша бар ғылыми базаны толықтырады және педагогикалық әдістеме саласындағы одан әрі әзірлемелер үшін пайдаланылуы мүмкін.

214-227 125
Аңдатпа

Мақалада жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыру және ұлттық даралыққа әсері баяндалады. Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке адамды қоғаммен байланыстыратын және адам мен әлемнің бірлігін тудыратын өмірлік құндылықтардың жиынтығы ретінде адамзат өркениетінің дамуымен бірге дамыды. Мәдениеттер арасындағы өзара әрекеттестіктің негізгі принциптерінің бірі басқа мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас кезінде мәдени айырмашылықтарды ескеру және құрметтеу.

Зерттеудің мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың мәдениетаралық қарым-қатынасқа және ұлттық даралыққа әсерін айқындау.

Кез келген адам нәтижелі қарым-қатынасқа қол жеткізу үшін әңгімелесушінің мәдениеті мен дәстүрін терең білу қажет. Сонымен қатар, әртүрлі мәдениеттер арасындағы өзара әрекеттестік қарым-қатынас процесінде икемділік пен бейімделуді талап етеді. Қарым-қатынастың сәтті болуы оның қатысушылары арасындағы келісім мен сенім дәрежесіне тікелей байланысты. Зерттеу Қазақстанда тұратын қазақтар, сондай-ақ шетел азаматтарының ұлттық құндылықтар туралы көзқарастарын талдауға және оның мәдениетаралық қатынасқа әсерін зерттеуге негізделген. Зерттеуде сауалнама әдісі қолданылды. Сауалнамалар респонденттердің ұлтқа, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен дәстүрлерге деген көзқарасын, сондай-ақ әртүрлі ұлт өкілдерінің әлеуметтік-мәдени және мәдениетаралық өзара әрекеттесу ерекшеліктерін анықтауға бағытталды. Қорытындыда ұлттық құндылықтардың мәдениетаралық қарым- қатынас құзыреттілігін қалыптастыруға, ұлттың мәдениеті, дін мен дәстүр, қоғамдағы тұрақтылықты, рухани тұтастықты айқындап отыратын ұлттық бірегейліктің сақталуына негіз болатыны айқындалды.

228-237 135
Аңдатпа

Мақалада цифрлық трансформация жағдайында математиканы оқыту тәжірибесіне әсер ететін факторлар зерттелді. Зерттеудің мақсаты – математиканы оқытуға енгізіліп жатқан цифрлық шешімдердің қолданылу ерекшеліктерін, мұғалімдердің қабылдауын және оларды енгізуге ықпал ететін шектеуші факторларды анықтау. Зерттеу аралас әдіснама негізінде ұйымдастырылды және сандық әрі сапалық тәсілдерді біріктірді. Эмпирикалық деректер Қызылорда қаласының білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 63 математика пәні мұғалімі арасында жүргізілген онлайн сауалнама арқылы жиналды. Деректерді жинау 2024 жылғы ақпан–сәуір айларында жүзеге асырылды. Нәтижелерді өңдеу барысында сипаттамалық статистика әдістері қолданылып, абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер есептелді. Зерттеу нәтижелері математиканы оқыту үдерісіне цифрлық шешімдерді енгізу барысында негізгі кедергілердің техникалық және әдістемелік сипатта екенін көрсетті. Респонденттердің 77,8%-ы цифрлық ресурстарды пайдалануға қажетті арнайы техникалық құрылғылардың жеткіліксіздігін негізгі шектеуші фактор ретінде белгіледі, ал 47,6%-ы интернет байланысының тұрақсыздығы цифрлық құралдарды тұрақты қолдануға кедергі келтіретінін көрсетті. Сонымен қатар, ресурстардың пәндік мазмұнға сәйкестігі, оқыту тілі және мұғалімдердің уақыт шығыны маңызды факторлар ретінде анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы математиканы оқытудағы цифрлық шешімдерді енгізуге әсер ететін факторларды жүйелеу және оларды пәндік оқыту контексінде түсіндірумен сипатталады. Практикалық маңыздылығы математиканы оқытуға арналған цифрлық ресурстарды әзірлеу, педагогтердің біліктілігін арттыру және білім беру бағдарламаларын жетілдіру мүмкіндігімен анықталады.

238-251 143
Аңдатпа

Макалада мектепте информатика пәнін оқытуда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын бағалау үшін осы бағыттағы және саладағы жарық көрген бірнеше ғылыми зерттеу жұмыстарына талдаулар жасалынды. Нәтижесінде геймификация арқылы оқыту оқушылардың қызығушылыктарын арттырып, сабаққа деген көзқарастарының жақсы жақтарға қарай өзгергенін көруге болады. Сонымен қатар сабақ өткізген пән мұғалімдері де геймификацияны пайдаланып дәріс беру өте жақсы деп есептейді, өйткені оқушыларға сабақ беру кезінде ойнауға мүмкіндік беріліп, компьютерлік ойындарды оқыту құралы ретінде пайдалану оқушылардың білімге деген белсенділігін арттырып, қажетті мәліметтерді жақсы меңгеретінін айтады. Зерттеудің мақсаты - мектепте информатика пәнін оқыту барысында геймификацияның оқушылардың пәнге деген қызығушылығына, оқу белсенділігіне және білім нәтижелеріне әсерін зерттеу, сондай-ақ оқу үдерісінде ойын элементтерін қолданудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік тұрғыдан бағалау. Оқыту технологиялары мен әдістемелердің қазіргі кездегі заман талабына сай дамуы білім беруде жаңа көзқарастардың, жаңа мүмкіндіктердің, жаңа оқытуәдістемелік технологиялардың пайда болуын талап етеді. Қазақстанның үш мектебінде 11-13 жас аралығындағы 120 оқушының қатысуымен педагогикалық эксперимент жүргізілді. Оқушылар бақылау және эксперименттік топтарға бөлінді. Эксперименттік топ үш ай бойы геймификация элементтерін қамтитын сабақтарға қатысты. Нәтижесінде эксперименттік топтағы оқушылардың 92%-ы информатика пәнін қызықты деп тапты (бақылау тобында 61%), ал білімнің жоғары деңгейіне жеткен оқушылар 42%-ды құрады (бақылау тобында 28%). Оқу процесіне қатысудың жоғары деңгейі эксперименттік топта 50%-ға жетті (бақылау тобында 25%).

ЭКОНОМИКА

252-263 151
Аңдатпа

Мақалада посткеңестік Орталық Азиядағы шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) дамуы қарастырылады, негізгі назар Қазақстан мен Өзбекстанға аударылады. Халықаралық ұйымдар ұсынатын және салықтар, сыбайлас жемқорлық пен бюрократиялық тиімсіздікті ШОК дамуының басты кедергілері ретінде сипаттайтын кең тараған көзқарастан айырмашылығы, бұл зерттеу тереңірек және өзге сипаттағы мәселелерді анықтайды. Зерттеудің мақсаты - посткеңестік Орталық Азиядағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын айқындайтын негізгі операциялық, институционалдық және контекстік факторларды Қазақстан мен Өзбекстан мысалында анықтау және талдау, сондай-ақ жергілікті бизнес ортаның ерекшеліктері мен кәсіпорындардың күнделікті қызмет ету жағдайларын ескеру. Тереңдетілген сұхбаттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының контент-талдауы негізінде зерттеу осы уақытқа дейін жеткілікті зерттелмеген негізгі операциялық кедергілерді айқындайды. Тереңдетілген сұхбаттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының контент-талдауы негізінде зерттеу осы уақытқа дейін жеткілікті зерттелмеген негізгі операциялық кедергілерді айқындайды. Зерттеу нәтижелері институционалдық және нормативтік шектеулерден бөлек, күнделікті операциялық шындықтардың да өңірдегі ШОК дамуына айтарлықтай әсер ететінін көрсетеді. Талдау институционалдық теория мен контекстуалдық тәуелділік теориясына сүйенеді, олар формалды институттар, тарихи мұра және жергілікті контекстік факторлардың әртүрлі ортадағы ШОК қызметін қалай қалыптастыратынын түсіндіреді. Қазақстан мен Өзбекстан бойынша алынған сапалық деректер посткеңестік экономикалардағы ШОК дамуына әсер ететін құрылымдық және контекстуалдық факторларды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Нәтижелер өтпелі экономикасы бар елдердегі кәсіпкерлік туралы ғылыми түсінікті кеңейтеді және аймақтық ерекшеліктерді, бизнестің нақты операциялық қажеттіліктерін және институционалдық ортаның ерекшеліктерін ескере отырып, ШОБ-ты қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуде пайдаланылуы мүмкін.

264-277 115
Аңдатпа

Соңғы жылдары Қазақстанда электрондық үкіметтің (e-Government) дамуы мемлекеттік басқаруды цифрландыру деңгейінің артуына және халықаралық рейтингтердегі ел позициясының жақсаруына ықпал етті. Алайда цифрлық жетілудің жоғары деңгейі әрдайым экономикалық тиімділіктің өсуімен қатар жүрмейді. Зерттеудің мақсаты – транзакциялық шығындардың төмендеуі, экономикалық пайданың әртүрлі экономикалық агенттер арасында бөлінуі және цифрлық сервистердің нақты әкімшілік және экономикалық процестерге интеграциялану дәрежесі негізінде Қазақстандағы e-Government экономикалық тиімділігін бағалау. Эмпирикалық база макроинституционалдық көрсеткіштер мен азаматтар және бизнес өкілдері бойынша микроэкономикалық деректерді қамтиды. Талдау барысында сипаттамалық статистика және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері e-Government жүйесінің экономикалық әсерлері әртүрлі пайдаланушылар арасында біркелкі бөлінбейтінін көрсетті. Цифрлық сауаттылығы жоғары пайдаланушылар транзакциялық шығындарды көбірек қысқартады және цифрлық қызметтерді тиімдірек пайдаланады. Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің негізгі факторы цифрландырудың формальды деңгейі емес, цифрлық сервистердің нақты әкімшілік және экономикалық процестерге интеграциялану дәрежесі екені анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы e-Government экономикалық тиімділігін транзакциялық шығындар, экономикалық пайданың бөлінуі және институционалдық интеграция тұрғысынан кешенді бағалаумен байланысты. Нәтижелер цифрлық теңсіздіктің цифрлық реформалардың тиімділігіне әсер ететін маңызды экономикалық фактор екенін көрсетеді.

278-291 116
Аңдатпа

Білім беру қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі, цифрлық трансформация үдерістерінің жеделдеуі және мүдделі тараптар талаптарының артуы жағдайында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету университеттердің ұзақ мерзімді дамуының негізгі факторларының біріне айналуда. Осыған байланысты тұрақтылық көрсеткіштерін білім беру ұйымының стратегиялық басқару жүйесіне интеграциялау тетіктерін іздестіру ерекше өзектілікке ие болып отыр. Зерттеудің мақсаты – экономикалық тұрақтылық көрсеткіштерін университеттің стратегиялық басқару жүйесіне интеграциялау тәсілдерін негіздеу және оларды басқарушылық шешімдер қабылдау процесінде пайдалану моделін әзірлеу. Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелік, құрылымдық-функционалдық және салыстырмалы талдау, университет қызметі көрсеткіштерінің динамикасын талдау, сондай-ақ модельдеу әдісі құрады. Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде AlmaU университетінің 2022– 2025 жылдардағы стратегиялық, талдамалық және қаржылық құжаттары, оның ішінде университеттің даму стратегиясы, тұрақты даму жөніндегі есептері және қаржылық есептілік деректері пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде университеттің экономикалық тұрақтылығының негізгі құрамдас бөліктері айқындалды, олар қаржылық, академиялық, ғылыми-зерттеу, халықаралық және ESG-тұрақтылықты қамтиды. AlmaU университетінің стратегиялық және қаржылық көрсеткіштерінің динамикасына талдау жүргізіліп, университеттің ұзақ мерзімді дамуына елеулі әсер ететін факторлар анықталды. Мониторинг жүргізу, тәуекелдерді бағалау және стратегиялық шешімдерді түзету тетіктерін қамтитын экономикалық тұрақтылық көрсеткіштерін университеттің стратегиялық басқару жүйесіне интеграциялаудың авторлық моделі әзірленді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы экономикалық тұрақтылықты университет қызметінің нәтижесі ретінде ғана емес, сонымен қатар стратегиялық басқару құралы ретінде қарастыруды негіздеуде жатыр. Зерттеудің практикалық маңыздылығы ұсынылған модельді білім беру ұйымдарының даму стратегияларын әзірлеу, іске асыру және түзету барысында экономикалық тұрақтылық көрсеткіштерін ескере отырып қолдану мүмкіндігімен айқындалады.

292-307 131
Аңдатпа

Инвестициялық ресурстардың шектеулілігі және инвестициялық тәуекелдердің өсуі жағдайында есептікталдамалық ақпараты пайдалануға негізделген кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын дұрыс бағалаудың маңыздылығы артады. Бұл үдерісте бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің деректері негізінде қалыптастырылатын және шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістілігін, тәуекелін және қаржылық тұрақтылығын сандық бағалау үшін қолданылатын есептік-талдамалық индикаторлар ерекше рөл атқарады. Зерттеудің мақсаты – кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын бағалау кезінде есептік-талдамалық индикаторларды пайдаланудың әдіснамалық тәсілдерін талдау және жүйелеу болып табылады. Жұмыста отандық және шетелдік авторлардың негізгі қаржылық көрсеткіштерді интерпретациялауға қатысты көзқарастары жинақталып, олардың инвестициялық талдаудағы аналитикалық рөлі айқындалды, сондай-ақ салалық ерекшеліктер мен институционалдық ортаны ескермей оларды қолданудың шектеулері анықталды. Зерттеудің әдіснамалық негізі ғылыми дереккөздерді талдау әдістері, қаржылық-аналитикалық және құрылымдық-логикалық әдістер болып табылады. Зерттеу шеңберінде бухгалтерлік-аналитикалық индикаторлар кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, өтімділігін, кірістілігін, іскерлік белсенділігі мен инвестициялық әлеуетін сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер жүйесі ретінде қарастырылады. Оларды салалық айырмашылықтарды ескере отырып, инвестициялық тартымдылықты кешенді және интегралды бағалау құрамында қолданудың орындылығы негізделді. Авторлар сандық бағалау моделіне сапалық сипаттамаларды (бедел, ашықтық) біріктіру әдістемесін ұсынды. Зерттеу барысында есептік-талдамалық индикаторларды нормалауға, салалар бойынша сараланған салмақтық коэффициенттерді пайдалануға және сапалық сипаттамаларды бірыңғай сандық бағалау моделіне интеграциялауға негізделген кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын бағалаудың салалық-бағдарланған әдіснамалық моделі ұсынылды. Ұсынылған тәсіл әртүрлі салалардағы кәсіпорындардың нәтижелерін салыстырмалы бағалаудың дәлдігін арттырып, инвестициялық шешімдер қабылдаудың аналитикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

308-322 142
Аңдатпа

Мақалада Қазақстанда мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың экономикалық, реттеушілік және ұйымдастырушылық негіздері қарастырылады. Жаңадан құрылған реттеуші органның институционалдық құрылымының даму эволюциясына сараптама жасалды. Зерттеудің мақсаты - Қазақстанның атом энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың экономикалық, институционалдық және нормативтікқұқықтық негіздерін кешенді бағалау, реттеуші органның қызмет тиімділігі мен бақылау субъектілерінің транзакциялық шығындарын талдау, сондай-ақ тәуекелге бағдарланған реттеуді жетілдіру, реттеушінің тәуелсіздігі мен ресурстық әлеуетін арттыру және талаптарды сақтау шығындарын төмендету жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау мен бақылауды іске асыру нысандарына ядролық объектілерді, оның ішінде нарық операторын тексеру статистикасы және эмпирикалық деректер массиві негізінде ерекше назар аударылды. Ұлттық оператордың трансакциялық жүктемесі бағаланды. Зерттеуші Қазақстан Республикасы мен шет елдердің реттеуші органдарының сандық параметрлеріне (штаттық санына мен бақылауды қамтамасыз ету бюджеттері) салыстырмалы-салғастырмалы талдау жүргізді. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі талаптарының ұлттық нормативтік база мен реттеудің институционалдық моделінің дамуына тигізетін ықпалы көрсетілді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мемлекеттік қадағалауды тек құқықтық функция ретінде ғана емес, экономикалық институт ретінде кешенді бағалаумен айқындалады. Жүргізілген талдау негізінде экономикалық тиімділігі, реттеушілік базаны және басқару тетіктерін жетілдіру жөнінде ақпараттық асимметрияны жою және оппортунистік мінез-құлық тәуекелін барынша азайту, реттеуші органның тәуелсіздігі мен ресурстық қамтамасыз етілуін нығайту, тәуекелге бағдарланған және профилактикалық тәсілді дамыту, қадағалау қызметін цифрландыру, ашықтық пен қоғамдық қатысуды күшейтуді ұсыныстар тұжырымдалған.

323-337 117
Аңдатпа

Тұрақты ауыл шаруашылығы қоршаған ортаның деградациясы, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелеріне байланысты бірнеше онжылдық бойы ғылыми зерттеулердің нысаны болып келеді. Соңғы жылдары цифрлық технологиялардың өсіп келе жатқан рөлі цифрландырудың тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесін түсінуге деген қызығушылықты арттырды. Зерттеудің мақсаты: 1974– 2025 жылдар аралығындағы тұрақты ауыл шаруашылығы саласындағы жаһандық зерттеу кеңістігіне жан-жақты библиометриялық бағалау жүргізу, цифрландырудың экологиялық және экономикалық тұрақтылықты нығайтудағы рөлін нақты көрсету. Зерттеу нәтижелері бүкіл зерттеу кезеңі бойында ғылыми өнімнің ұзақ мерзімді өскенін, соның ішінде 2015 жылдан кейін ауа-райының өзгеруіне, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын қабылдау, сандық және дәл егіншілік технологияларының таралуына көп назар аударылуына байланысты айтарлықтай жеделдегенін көрсетеді. Зерттеу кеңістігі өзара байланысқан биологиялық, экологиялық, өндірістік және технологиялық кластерлер негізінде құрылымдалған. Соңғы зерттеулер цифрлық ауыл шаруашылығына, нақты егіншілікке және деректерге негізделген шешім қабылдауға барған сайын көбірек назар аударып, технологиялық тұрғыдан қамтамасыз етілген тұрақтылық тәсілдеріне бетбұрыс жасап жатқанын көрсетеді. Зерттеу үзік-үзік әдебиетті жүйелеп, тұрақты ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеулердегі құрылымдық өзгерістерді анықтау арқылы ғылыми үлес қосады. Практикалық тұрғыдан алғанда, алынған нәтижелер цифрлық технологиялар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ресурстарды пайдалану тиімділігін, экономикалық көрсеткіштерін және климаттық төзімділігін арттыратынын көрсетеді. Библиометриялық дәлелдер осы зерттеудің қосқан құндылығын растап, ауылшаруашылық кәсіпорындарын цифрландыру олардың тұрақты дамуын нығайтады деген негізгі гипотезаны қолдайды, бұл әсіресе ауылшаруашылық секторын жаңғыртуға ұмтылатын Қазақстан сияқты елдер үшін өзекті.

338-350 126
Аңдатпа

Қазақстандағы бухгалтерлік есептің цифрлануы құжат айналымын қарапайым автоматтандыру деңгейінен бастапқы құжаттарды тануға, операцияларды жіктеуге, аномалияларды анықтауға және аналитикалық түсіндірмелер қалыптастыруға қабілетті жасанды интеллект жүйелерін қолдану кезеңіне өтуде. Бұл ретте бухгалтердің кәсіби жауапкершілігі сақталады, ал құқықтық орта жылдам жаңаруда: бухгалтерлік есеп және дербес деректер туралы салалық заңнамамен қатар Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заң және Цифрлық кодекс қабылданды. Мақаланың мақсаты — нақты сервистерді, есеп циклі кезеңдерін және реттеушілік шектеулерді ескере отырып, Қазақстанның бухгалтерлік есебінде ЖИ-ді жауапты қолданудың қолданбалы этикалық-құқықтық моделін әзірлеу. Әдіснама 2019–2026 жылдардағы ғылыми еңбектерге шолуды, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдауды, сенімді ЖИ-дің халықаралық қағидаттарын салыстырмалы қарастыруды, ЖИ-сервистерді функционалдық карталауды және авторлық сараптамалықталдамалық тәуекелдер матрицасын қамтиды. Матрица нақты бұзушылықтар жиілігін эмпирикалық өлшеу ретінде емес, ЖИ қолдану сценарийлерін төрт критерий бойынша алдын ала саралау құралы ретінде пайдаланылады: операцияның құқықтық сезімталдығы, деректер құпиялылығы, алгоритмдік қорытындының ашық еместігі және бухгалтердің кәсіби пайымдауына ықпалы. Зерттеу объектісі — ЖИ қолдану есептік ақпараттың дұрыстығына, құпиялылығына, түсіндірілетіндігіне және тексерілетіндігіне әсер ететін бухгалтерлік процестер. Нәтижесінде ЖИ қолданудың алты қолданбалы аймағы анықталды: бастапқы құжаттарды тану, операцияларды кодтау және жіктеу, салықтық-есептік салыстыру, алаяқтық тәуекелдерін мониторингтеу, есептілікке түсіндірмелер дайындау және аудит. Ең жоғары тәуекел қарапайым OCR-тану деңгейінде емес, салықтық интерпретация, бухгалтерлік жазбаларды автоматтандырылған жіктеу және қаржылық есептілікке түсіндірме қалыптастыру кезеңдерінде туындайтыны көрсетілді. Ғылыми жаңалығы Қазақстан жағдайында этикалық негізді, құқықтық талдауды және бухгалтерлік есеп процестерінің картасын біріктірумен айқындалады. Практикалық маңыздылығы деректерді минимизациялау, міндетті аудит ізі, заңдық маңызы бар шешімдерді адам тарапынан растау, ЖИ-сервистер жеткізушілерін тұрақты тексеру және ұйымның есеп саясатында жауапкершілікті бекіту сияқты бақылау моделін ұсынуда көрінеді.

366-379 128
Аңдатпа

Зерттеу тақырыбының өзектілігі соңғы жылдары бухгалтерлік есепті реттеу және жүргізу жүйесі айтарлықтай өзгерістерге, толықтырулар мен нақтылауға ұшырағандығына байланысты. Бухгалтерлік есепті дамыту статистикалық, бухгалтерлік, жедел есепке алуды қамтитын бір жүйе ретінде жүруі керек. Даму елдегі экономикалық өзгерістерді көрсетуі керек. Сонымен қатар, бухгалтерлік есептің өзі нормаларға заңдарға негізделуі керек, әйтпесе реттеу мағынасын жоғалтады. Қазақстанда және шетелде бухгалтерлік есеп курстарында қолданылатын оқыту әдістерін зерделеу, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық дәстүрлеріне негізделген бухгалтерлік есепті оқытудың жаңа әдісін әзірлеу мақалада қарастырылады. Қазақ халқының этникалық ерекшеліктеріне, атап айтқанда киіз үйдің (қазақтардың ежелгі тұрғын үйінің) құрылымына негізделген бухгалтерлік есеп шотының мысалында бухгалтерлік есепті оқытуда бухгалтерлік есеп шоттарындағы қозғалысты пайдалану, оны қазақ халқының өміріндегі туыстық қатынастармен салыстыру туралы айтылады.

Мнемотехника студенттердің материалды түсінуін жақсартады және осылайша олардың бухгалтерлік есепке деген қызыығушылығын арттырады. Мнемоникалық әдістерді (аббревиатурадан басқа) қолдану мүмкіндігін зерттеп, студенттерді бухгалтерлік есеп теориясын үйренуге және жетілдіруге ынталандыру мнемониканы қолданудың тиімділігін негіздеді. Мнемотехника әдістерін кең ауқымда немесе бухгалтерлік есеппен байланысты басқа пәндерде қолдануды ұсынамыз. Бухгалтерлік есепті оқыту құралдарын кеңінен қолдануды ескере отырып, бұл әдіс бухгалтерлік есепті оқыту ғылымына айтарлықтай үлес қосады. Жоба аясында жазылған ғылыми мақалада Қазақстанның ұлттық дәстүрлеріне негізделген бухгалтерлік есепті оқытуды жаңаша түрде игеруді қарастыру болып табылады. Мақалада бухгалтерлік есеп бойынша мамандарды даярлауда баламалы оқыту әдісі ретінде мнемотехниканы енгізудің экономикалық тиімділігі мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдени ерекшеліктеріне негізделген мнемоникалық әдістерді бухгалтерлік есепті оқытуда қолданудың теориялық негіздерін айқындау және олардың тиімділігін бағалау, сондай-ақ студенттердің теориялық материалды меңгеру сапасын, пәнге деген қызығушылығын және бухгалтерлік есеп мамандарын даярлау тиімділігін арттыруға ықпалын анықтау.

380-395 121
Аңдатпа

Мақалада ақылды қаланы тұрғындардың қабылдауын факторлық талдау нәтижелері негізінде модельдеу мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – тұрғындардың ақылды қала элементтеріне қатысты көзқарасын, бағалау деңгейін және қабылдау құрылымын анықтау, сондай-ақ әлеуметтік-демографиялық факторлардың ықпалын айқындау. Эмпирикалық база ретінде Түркістан және Алматы қалалары тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама деректері пайдаланылды. Зерттеу деректері 680 респонденттің қатысуымен жүргізілген сауалнама нәтижелеріне негізделді. Мәліметтерді талдау барысында сипаттамалық статистика, орташа мәндерді салыстыру тесттері, Спирмен мен Кендаллдың рангтік корреляция коэффициенттері қолданылды. Сондай-ақ факторлық топтар бойынша жауаптардың біркелкілігі мен өзара байланысы бағаланды. Зерттеу нәтижелері Smart Governance және Smart Mobility бағыттары бойынша тұрғындардың бағалауы статистикалық тұрғыдан біртекті екенін көрсетті, ал Smart Environment, Smart Living және Smart City Resources бағыттарында орташа бағалардың мәнді айырмашылықтары анықталды. Корреляциялық талдау барлық факторлық топтар бойынша тұрғындардың жауаптары арасында тығыз әрі статистикалық мәнді байланыстардың бар екенін дәлелдеді (p < 0,001), бұл Smart City элементтерінің тұрғындар санасында жүйелі түрде қабылданатынын көрсетеді. Әлеуметтік-демографиялық айнымалыларды талдау нәтижесінде тек білім деңгейінің Smart City элементтерін қабылдаумен тұрақты және мәнді байланыс көрсететіні анықталды, ал жас, жыныс және тұрғылықты жер факторларының әсері әмбебап сипатқа ие болмады. Зерттеу қорытындылары Smart City стратегияларын әзірлеуде тұрғындардың қабылдау ерекшеліктерін, білім деңгейін және citizen-centric тәсілді ескерудің маңыздылығын айқындайды.

396-410 133
Аңдатпа

Цифрлық технологиялар тұтыну модельдері тұрақты онлайн байланыс пен әлеуметтік өзара әрекеттесу жағдайында қалыптасатын Y және Z ұрпақтары арасындағы тұтынушылық мінез-құлықты түбегейлі өзгертті. Цифрлық тұтыну мәселесіне арналған зерттеулердің көптігіне қарамастан, цифрлық құралдар мен әлеуметтік ықпалдарды ұрпақтар тұрғысынан ескере отырып тұтынушылық мінез-құлықты басқарудың кешенді тетіктері әлі де жеткілікті деңгейде жүйеленбеген. Бұл зерттеудің мақсаты — цифрландыру жағдайында Y және Z ұрпақтарының тұтынушылық мінез-құлқын басқарудың концептуалдық тәсілін әзірлеу және оны эмпирикалық тұрғыда негіздеу. Зерттеуде ғылыми әдебиеттерді теориялық талдау және жүйелеу әдістері, сондай-ақ сандық сауалнамаға негізделген эмпирикалық тәсіл қолданылды. Деректер құрылымдалған онлайн сауалнама арқылы жиналды (n = 62). Ұсынылған гипотезаларды тексеру үшін смартфондарды пайдалану қарқындылығының, мобильді қосымшалардың, әлеуметтік ықпалдың, онлайн платформалардың қолайлылығының және промоакциялардың тұтынушылық мінез-құлыққа әсерін анықтауға бағытталған сипаттамалық және салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері смартфондарды қарқынды пайдалану екі ұрпақ өкілдерінде де онлайн сатып алулар жиілігінің артуымен тығыз байланысты екенін көрсетті. Онлайн платформалардың қолайлылығы көбінесе Y ұрпағының сатып алу арнасын таңдауға әсер етсе, Z ұрпағы үшін әлеуметтік ықпал мен онлайн жеңілдіктер шешуші фактор болып табылады. Сонымен қатар, мобильді сауда қосымшаларының болуы брендке деген адалдықты автоматты түрде қалыптастырмайтыны анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы тұтынушылық мінез-құлықтың цифрлық, әлеуметтік және ұрпақтық детерминанттарын кешенді эмпирикалық талдауда көрініс табады. Алынған нәтижелер тұтынушылық мінезқұлық теориясын толықтырып, цифрлық маркетингтің сараланған стратегияларын әзірлеуде практикалық маңызға ие.

411-420 126
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы аймақтық инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетті ынталандыруға бағытталған мемлекеттік құралдардың тиімділігі жан-жақты бағаланады. Онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың институционалдық механизмдері, соның ішінде қаржылық, инфрақұрылымдық және білім беру құралдары қарастырылады. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамытудағы, инновациялық белсенділіктегі және жастардың кәсіпкерлікке қатысуындағы аймақтық айырмашылықтар талданады. Зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасы өңірлерінің инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ынталандыруға бағытталған мемлекеттік құралдардың тиімділігін кешенді бағалау, олардың шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына, инновациялық белсенділікке және өңірлік теңсіздіктерді қысқартуға ықпалын анықтау, сондай-ақ сараланған өңірлік тәсіл негізінде мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерттеудің әдіснамалық негізі жүйелі және салыстырмалы талдауды, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының ресми деректерін экономикалық-статистикалық өңдеуді қамтиды. Агрегатталған негізгі көрсеткіштерге сүйене отырып, аймақтық инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетті бағалау жүргізілді, оның мемлекеттік қолдаудың ауқымы мен құрылымына тәуелділігін көрсетті. Қолданыстағы құралдар кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне ықпал ететіні анықталды; дегенмен, олардың аймақтық теңсіздікті азайтуға әсері шектеулі болып қала береді. Ресурстардың біркелкі бөлінбеуі және аумақтық инфрақұрылымды дамытудың саралануы байланысты құрылымдық шектеулер анықталды. Сараланған аймақтық тәсілге негізделген үкімет саясатын оңтайландыру бағыттары ұсынылады, соның ішінде институционалдық үйлестіруді күшейту, аймақтық инновациялық экожүйелерді дамыту және кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының тиімділігін арттыру. Алынған нәтижелерді аймақтық даму стратегияларын әзірлеуде және инновациялық кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік саясат құралдарын жетілдіруде пайдалануға болады.

421-436 113
Аңдатпа

Зерттеу аймақтық әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің маңызды құралы ретінде әлеуметтік кәсіпкерліктің рөлін талдауға бағытталған. Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешудің инновациялық тетіктерін іздеу өзекті болып отырған қазіргі жағдайда әлеуметтік кәсіпкерлік экономикалық тиімділік пен әлеуметтік миссияны үйлестіре отырып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, адами капиталды дамытуға және әлеуметтік осалдықты төмендетуге мүмкіндік беретін ерекше сектор ретінде сипатталады. Зерттеу объектісі ретінде индустриалды дамыған, урбанизация деңгейі жоғары және әлеуметтік осал топтары басым Қарағанды облысы алынған [1]. Өңір үшін әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы экономиканы әртараптандыру, жұмыспен қамтуды кеңейту және әлеуметтік инфрақұрылым тапшылығын азайту тұрғысынан маңызды. Дегенмен, облыста монопрофильді қалалардың сақталуы, жастардың сыртқа көшуі, ауылдық жерлерде жұмыс орындарының шектеулілігі және әлеуметтік қызметтерді қолжетімді ету қажеттілігі сияқты бірқатар әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлер өзекті болып отыр. Мемлекет тарапынан үшінші секторды қолдау шараларының артуы, оның ішінде 2021 жылы әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заңнаманың қабылдануы, МЖӘ құралдарының кеңеюі және әлеуметтік бизнеске арналған мемлекеттік бағдарламалардың енгізілуі өңірлік деңгейді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Алайда, қолда бар ресурстар мен институционалдық алғышарттарға қарамастан, Қарағанды облысында әлеуметтік кәсіпкерлік әлеуетінің толық іске аспай отырғаны байқалады. Осыған байланысты зерттеу барысында өңірдегі әлеуметтік кәсіпкерліктің ахуалына кешенді талдау жүргізіліп, оның ішкі және сыртқы факторлары қарастырылады. Әлеуметтік кәсіпкерліктің күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қатерлерін жүйелі бағалау мақсатында SWOT-талдау әдісі қолданылды [2]. Зерттеудің мақсаты – Қарағанды облысында әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуын айқындайтын негізгі факторларды анықтау, аймақтық ерекшеліктер мен бар әлеуетті бағалау, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті аймақтық даму саясатына тиімді енгізуге бағытталған ұсынымдар әзірлеу.

437-446 95
Аңдатпа

Статья посвящена выявлению ключевых аспектов, способствующих эффективному развитию малого и среднего бизнеса (МСБ), а также исследованию современных тенденций и проблем в сфере предпринимательства. Исследование факторов развития МСБ в Казахстане в сопоставлении с опытом развитых стран позволяет определить значимость различных условий и механизмов, влияющих на предпринимательскую активность. Сравнительный и количественный анализ состояния предпринимательской среды и факторов успешности предприятий проведен с учетом специфических особенностей казахстанского рынка и передового зарубежного опыта. Это способствует более глубокому пониманию особенностей предпринимательского климата в Казахстане и формирует информационную основу для разработки стратегий поддержки и стимулирования предпринимательства. Цель исследования заключается в изучении современного состояния и перспектив развития МСБ, имеющего важное значение для экономического развития многих стран, а также в выявлении эффективных зарубежных практик, способных оказать положительное влияние на экономическое развитие Казахстана. Методологическую основу исследования составили общенаучные методы, включая сравнительный, логический и статистический анализ. На их основе проведена оценка современного состояния МСБ, а также выявлены основные проблемы и перспективные направления его развития в Казахстане. В рамках эмпирического анализа использованы данные информационных источников, характеризующих развитие МСБ, материалы аналитических центров, результаты социальных опросов и показатели национальных отчетов, посвященных состоянию предпринимательского сектора. Для проведения сравнительного анализа использованы данные о зарубежном опыте. Для количественной оценки взаимосвязей между исследуемыми показателями применен метод парной регрессии. Результаты исследования представлены в виде выводов о современном состоянии и перспективах развития МСБ в Казахстане. Выявлены эффективные зарубежные практики, которые могут быть адаптированы к национальным условиям, и сформулированы рекомендации, направленные на повышение роли МСБ в обеспечении экономического развития страны.

ҚҰҚЫҚ

460-466 107
Аңдатпа

Мақалада Қырғыз Республикасының еңбек құқығындағы жұмыс берушінің жауапкершілігінің теориялық және практикалық аспектілері зерттеледі. Тақырыптың өзектілігі нарықтық қатынастардың дамуы және ұлттық еңбек заңнамасының жетілдірілуі жағдайында қызметкерлердің еңбек құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігімен айқындалады. Еңбек заңнамасында көзделген жұмыс беруші жауапкершілігінің негізгі түрлері, оның ішінде материалдық, әкімшілік және заңдық жауапкершіліктің өзге де нысандары қарастырылады. Қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуы, жалақыны уақтылы төлемеу, заңсыз жұмыстан шығару, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, сондай-ақ еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мәселелеріне байланысты құқық қолдану тәжірибесінің проблемаларына ерекше назар аударылады. Зерттеудің мақсаты - Қырғыз Республикасының еңбек құқығындағы жұмыс берушінің заңды жауапкершілігінің теориялық және практикалық аспектілерін кешенді зерттеу, құқық қолдану тәжірибесіндегі проблемаларды анықтау және қызметкерлердің еңбек құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету мен әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында жауапкершілік тетіктерін жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындау. Зерттеудің әдіснамалық негізін ғылыми танымның жалпы ғылыми және арнайы әдістері, атап айтқанда талдау, синтез, салыстырмалы-құқықтық және формальды-заңдық әдістер құрайды. Зерттеу барысында Қырғыз Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына, Халықаралық еңбек ұйымының халықаралық еңбек стандарттарына, сондай-ақ жұмыс берушінің жауапкершілігі мәселелеріне арналған отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектеріне талдау жүргізілді.Зерттеу нәтижесінде қарастырылып отырған саладағы заңнаманы іске асырудың негізгі проблемалары анықталып, оны одан әрі жетілдірудің бағыттары айқындалды. Жұмыс берушінің жауапкершілік тетіктерінің тиімділігін арттыру еңбек саласындағы заңдылықты қамтамасыз етудің, қызметкерлердің құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтудың және Қырғыз Республикасындағы әлеуметтік әріптестікті дамытудың маңызды шарты болып табылатыны туралы қорытынды жасалды.

467-479 114
Аңдатпа

Мақалада биотехнологиялар, цифрлық коммуникациялар және қылмыстық желілік практикалардың тоғысында қалыптасып келе жатқан ұйымдасқан қылмыстың жаңа нысаны ретінде көлеңкелі геномдық зертханалар феномені зерттеледі. Зерттеудің өзектілігі генетикалық ақпарат пен биотехнологиялық ресурстарды заңсыз пайдалануға байланысты операциялардың виртуалды коммуникация арналары арқылы таралуымен айқындалады. Бұл жағдай жаңа қылмыстық әрекеттерді анықтауды, олардың құқықтық саралануын және жолын кесуді едәуір қиындатады. Зерттеудің мақсаты – көлеңкелі геномдық зертханаларға қарсы іс-қимыл жүйесіндегі институционалдық және құқықтық олқылықтарды анықтау, сондай-ақ биоцифрлық қылмысқа мемлекеттік ден қоюдың пәнаралық моделін әзірлеу. Зерттеудің әдіснамалық негізін ғылыми әдебиеттерге контент-талдау, халықаралық тәжірибеге салыстырмалы-құқықтық талдау, онлайн-сауалнама және құрылымдық модельдеу әдістері құрады. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанда аталған мәселе ықтимал жоғары латенттілік деңгейімен, ведомствоаралық үйлестірудің жеткіліксіздігімен және жаңа биоцифрлық қатерлерді құқықтық реттеудегі нормативтік айқынсыздықпен сипатталатыны анықталды. Институционалдық өзара байланысты алты кезеңінен тұратын: мониторинг, анықтау, тәуекелдерді бағалау, ведомствоаралық үйлестіру, құқықтық жолын кесу және кейінгі бақылауды қамтитын, аталған іс-қимылға қарсы ұлттық моделі ұсынылды. Модель нормативтікқұқықтық базаны жетілдіру, цифрлық мониторинг тетіктерін дамыту және мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар мен құқық қорғау құрылымдарының өзара іс-қимылын күшейту жөніндегі ұсыныстармен толықтырылды. Зерттеу нәтижелерін геномдық және цифрлық технологияларды заңсыз пайдалануға байланысты ұйымдасқан қылмыстың жаңа нысандарының алдын алу және жолын кесудің ұлттық жүйесін қалыптастыруда қолдануға болады.

480-491 119
Аңдатпа

Қазіргі кезеңде қоғамдық қатынастардың қарқынды цифрлануы құқықтық жүйелердің, соның ішінде қылмыстық сот өндірісінің құрылымдық және функционалдық трансформациясына алып келуде. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттерде қылмыстық процесті жүргізудің дәстүрлі қағаз формасынан электрондық форматқа көшу үрдісі байқалады. Осыған байланысты «электрондық қылмыстық іс» институтының қалыптасуы қылмыстық процестің жаңа цифрлық құқықтық парадигмасының пайда болуына негіз болды. Зерттеудің мақсаты - қылмыстық процестің цифрлануы жағдайында электрондық қылмыстық іс институтының құқықтық табиғатын талдау және оның қылмыстық сот өндірісіндегі рөлін анықтау. Зерттеу барысында диалектикалық, жүйелік-құрылымдық, салыстырмалы-құқықтық (компаративистік) және талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижесінде электрондық қылмыстық іс жүргізудің негізгі құқықтық белгілері айқындалып, оның дәстүрлі қылмыстық іс жүргізу формасынан айырмашылықтары көрсетілді. Сонымен қатар электрондық процестік құжаттардың қалыптасуы, цифрлық дәлелдемелердің құқықтық мәртебесі және ақпараттық жүйелер арқылы жүргізілетін процестік әрекеттердің ерекшеліктері талданды. Зерттеу электрондық қылмыстық іс жүргізудің қылмыстық процестегі дербес институционалдық элемент ретінде қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы «электрондық қылмыстық іс» институтының қылмыстық процестің цифрлық трансформациясы жағдайындағы құқықтық табиғатын теориялық тұрғыдан негіздеуде және халықаралық тәжірибені ескере отырып Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуде көрінеді. Зерттеу нәтижелері қылмыстық процестің цифрлануы жағдайында құқықтық реттеуді жетілдіруге және электрондық қылмыстық іс жүргізу механизмдерін дамытуға практикалық маңызға ие.

492-505 114
Аңдатпа

Мақалада экологиялық зиянды өтеудің азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері қарастырылады. Қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу ең алдымен азаматтық құқықтық заңнама нормаларымен реттеледі. Алайда экологиялық зиянды азаматтық-құқықтық реттеу негіздерінің өзіндік ерешеліктері бар. Ол ең алдымен экологиялық зиянды өтеудің кешенді сипатта болатындығына байланысты. Экологиялық зиянды өтеуге азаматтық заңнама нормаларымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама нормалары да қолданылады. Зерттеудің мақсаты - экологиялық зиянның азаматтық-құқықтық табиғатын ашу, оны өтеудің азаматтық және экологиялық заңнама нормаларының өзара байланысындағы ерекшеліктерін талдау, олардың арасындағы қолданыстағы құқықтық қайшылықтарды анықтау және экологиялық зиянды өтеуді азаматтыққұқықтық реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Қазіргі кездегі отандық және шетелдік заң әдебиеттерінде экологиялық зиянды өтеу азаматтық құқықтық жауапкершіліктің жеке бір көрінісі ретінде сипатталады. Мұның мәнісі мынада: экологиялық құқық бұзушылықпен келтірілген зиян азаматтық-құқықтық зиян келтірудің жекелеген түрі деген тұжырым бар. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік экологиялық кодекстің нормаларында қарастылғанымен оның құқықтық табиғаты азаматтық құқықтық нормаларға сүйенеді. Экологиялық зиянды өтеу азаматтық-құқықтық нормаларға ғана емес басқа да жетекші құқық салаларына негізделетін кешенді құқықтық институт. Мақалада экологиялық зиянның азаматтыққұқықтық табиғатына талдау жасалады. Автор азаматтық және экологиялық заңнама арасында экологиялық зиянды өтеуге байланысты қайшылықтар бар екендігін және оны жою қажеттілігіне назар аударады. Автор экологиялық зиянның құқықтық ерекшілігін ескере отырып азаматтық кодексті экологиялық зиянды реттеуге арнаулы баппен толықтыруды ұсынады.

506-517 112
Аңдатпа

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару саясатын жаңғырту жағдайында ұлттық заңнама нормаларының терминологиялық нақтылығын қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр. Жазаны атқару саласында «қайта әлеуметтендіру», «әлеуметтік бейімдеу», «әлеуметтік оңалту» және «реинтеграция» ұғымдарының қатар қолданылуы олардың мазмұнын түсіндіруде белгілі бір қиындықтар туындатады. Зерттеудің мақсаты – аталған ұғымдардың құқықтық табиғатын, мазмұны мен өзара арақатынасын анықтау, сондай-ақ оларды заңнамалық деңгейде біріздендіру қажеттілігін негіздеу. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін, «Пробация туралы» Заңын және ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді талдау «қайта әлеуметтендіру» және «реинтеграция» терминдеріне қатысты бірыңғай тәсілдің қалыптаспағанын көрсетті. Бұл жағдай олардың құқықтық мазмұнының қайталануына және мемлекеттік органдардың құзыреттерін айқындаудағы белгісіздікке алып келеді. Қайталама қылмыс деңгейінің статистикалық көрсеткіштерін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейін зерделеу негізінде мақалада ұғымдарға нақты анықтама берілмеуі азаматтарды атаулы қолдау тетіктерінің тиімділігін төмендететіні дәлелденген. Зерттеудің негізгі ғылыми нәтижесі ретінде адамның қоғамға қайта оралуының барлық кезеңдерін қамтитын бірыңғай интеграциялық «қайта әлеуметтендіру» ұғымын қолдануға көшу қажеттілігі негізделеді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы автор ұсынған ұсынымдардың нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруде, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен пробация қызметтерінің жұмыс тиімділігін арттыруда қолданылу мүмкіндігімен айқындалады.

518-525 110
Аңдатпа

Мақала таралған реестр технологиясы негізінде бағдарламаланатын ақшаны пайдалану арқылы дәстүрлі пост-бақылаудан алдын алу бақылауына көшуге байланысты мемлекеттік сатып алуларды құқықтық реттеудің сапалық жаңа кезеңін зерттеуге арналған. Мақаланың зерттеу пәні — мемлекеттік сатып алуларда цифрлық теңгені қолдану кезінде туындайтын құқықтық қатынастар, сондай-ақ осы процестің құқықтық олқылықтары мен коллизиялары. Мақаланың мақсаты — бағдарламаланатын ақша технологиясын тиімді енгізуге кедергі келтіретін қолданыстағы заңнамадағы жүйелік құқықтық ақауларды анықтау және оларды жою үшін тұжырымдамалық негіздерді әзірлеу. Өзектілігі 2026 жылдың ақпанында мемлекеттік сатып алуларда цифрлық теңгені пайдалану бойынша пилоттық жобаның іске қосылуымен және жүйенің технологиялық дайындығы мен оның негізгі элементтерінің мәртебесіндегі құқықтық белгісіздік арасындағы қайшылықпен айқындалады. Мақаланың әдіснамалық негізін формалды-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелік-құрылымдық әдістер және құқықтық модельдеу әдісі құрайды. Зерттеудің негізгі нәтижелері «қосарланған артта қалушылық» феноменін көрсетеді: заңнама смарт-келісімшарттар мен бағдарламаланатын ақшаны тиісті деңгейде реттемейді, ал құқықтық доктрина осы құбылыстардың құқықтық табиғатын уақтылы түсінуге үлгермейді. Бағдарламаланатын қаржыны реттеуге арналған құқықтық инфрақұрылымды құру бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар тұжырымдалған.

526-537 133
Аңдатпа

Зерттеу жұмысы Өскемен қаласының білім беру кеңістігінде инклюзивті білім беру құқығын іске асырудың өзекті мәселелерін халықаралық салыстырмалы-құқықтық тұрғыдан зерделеуге арналған. Жұмыстың негізгі мақсаты Норвегия, Германия және Англия елдерінің озық заңнамалық тәжірибелерін талдай отырып, отандық инклюзия моделін жетілдірудің құқықтық тетіктерін ұсыну. Зерттеу барысында салыстырмалықұқықтық талдау, нормативтік актілерді интерпретациялау және жүйелілік тәсілдері қолданылды. Талдау нәтижесінде Норвегияның «бейімделген оқыту», Германияның «ресурсқа негізделген трансформация» және Англияның «құқықтық есептілік пен SEND кодексі» модельдерінің тиімділігі дәлелденді. Авторлар тарапынан Өскемен қаласындағы мектептерде кездесетін басты кедергілер қаржыландырудың ашық еместігі, мамандардың құқықтық мәртебесінің төмендігі және жеке оқу жоспарларының заңдық күшінің әлсіздігі анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде Англияның «EHC жоспары» мен Германияның «мобильді қолдау» тәжірибесін Өскемен қаласының контекстіне бейімдеу жолдары негізделген. Жұмыс қорытындысында Психологиялықмедициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындыларын міндетті мемлекеттік келісімшарт мәртебесіне көтеру және инклюзивті білім беруді жан басына шаққандағы ваучерлік қаржыландыру жүйесіне өткізу туралы нақты ұсыныстар берілген. Зерттеу нәтижелері инклюзивті білім беру саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіруге және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алу құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

538-548 122
Аңдатпа

Мақала экологиялық дауларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін мамандандырылған сот төрелігі органдары ретінде экологиялық соттар мен экологиялық трибуналдар институтын кешенді зерттеуге арналған. Авторлар БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының (ЮНЕП) бағдарламалық құжаттарына, ғылыми әдебиеттердің жүйелі шолуларына және осы мәселе бойынша экология саласындағы жетекші зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, әлемнің 10-нан астам еліндегі, соның ішінде Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия, Қытай, АҚШ және Бразилиядағы экологиялық соттар мен трибуналдарды құру және олардың қызмет ету тәжірибесіне талдау жасайды.

Мақаланың мақсаты - экологиялық соттар мен трибуналдар модельдеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу, олардың негізгі сипаттамаларын анықтау және Қазақстан Республикасында осындай ұлттық институттарды құру перспективаларын бағалау. Жұмыста ECT (Environmental Courts and Tribunals, бұдан әрі – ЭСТ) жүйесіне жататын мамандандырылған сот инстанциялары қарастырылып, олардың тиімді қызмет ету критерийлері, ғылыми-техникалық сараптамаға қолжетімділік және экологиялық юрисдикциядағы істерді қарау жеделдігі талданады. Үндістанның Ұлттық жасыл трибуналының, Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының Жер және қоршаған орта істері жөніндегі сотының, сондай-ақ Қытайдағы экологиялық соттардың тәжірибесіне ерекше назар аударылады.

Зерттеу нәтижелері мамандандырылған экологиялық соттардың экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша сот төрелігінің сапасын арттыруға ықпал ететінін және қылмыстық әрі әкімшілік құқық бұзушылықтар шеңберінде қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеудің тиімді құралына айнала алатынын көрсетеді. Сонымен қатар, олар азаматтардың қоршаған орта саласындағы құқықтарын қорғауға қолжетімді тетікті қамтамасыз етіп, құқық үстемдігін нығайтуға ықпал етеді, өйткені азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабының 1-тармағында бекітілген.

Жүргізілген талдау негізінде авторлар Қазақстанда экологиялық соттарды құру бойынша ұлттық құқықтық жүйенің ерекшеліктерін, өңірдің экологиялық жағдайының спецификасын және озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, ұсыныстар әзірлейді. Мақала қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды басқару саласындағы мамандар үшін, сондай-ақ су саясаты бағытында қызмет атқаратын мемлекеттік органдар үшін теориялық құндылыққа ие.

549-557 118
Аңдатпа

Мақалада шартты түрде мерзімінен бұрын босату (бұдан әрі - ШМБО) рәсімдерінде рецидив тәуекелін алгоритмдік бағалау жүйелерін қолдану мәселесі салыстырмалы тұрғыда зерттеледі. Зерттеуде Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттердің (Нидерланд, Германия, Швеция, Ұлыбритания) тәжірибесі және Қазақстан Республикасындағы шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың құқықтық реттелуінің қолданыстағы моделі талданады. Зерттеудің мақсаты - азаматтық-құқықтық міндеттемелердің орындалуын тексеру мақсатында «Төрелік» ақпараттық жүйесімен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (ҚСжАЕУК) деректер базасымен және Атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен (АИС ОИП) интеграцияланған ұлттық тәуекелді бағалау алгоритмінің архитектурасын негіздеу. Зерттеудің әдіснамалық негізін салыстырмалы-құқықтық, статистикалық және формальды-құқықтық әдістер құрайды. 2020–2025 жылдар аралығындағы Еуропа елдерінің заңнамасын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот статистикасын талдау Қазақстандағы шартты түрде мерзімінен бұрын босату моделі соттың қарауына ұсынылатын мекеме әкімшілігінің сипаттамаларын қалыптастыруда сотталғандардың мінез-құлық дәрежелері жүйесіне сүйенетінін көрсетеді. Алайда аталған көрсеткіштер болжау дәлдігінің төмендігімен және оларды қалыптастырудағы субъективтіліктің жоғары деңгейімен сипатталады. Зерттеу нәтижесінде алгоритмдік тәуекелді бағалау құралдарын Қазақстанның құқықтық жүйесінің ерекшеліктеріне бейімдеудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын ұсынымдары ұсынылады. Қазақстандық модельдің еуропалық баламалардан айырмашылығы, онда қылмыстың қайталану қаупін болжауға арналған верификацияланған құралдың және мұндай бағалауды апелляциялық тәртіппен тексеру тетігінің жоқ екені анықталды. Бұл жағдай шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхаттарды қанағаттандыру көрсеткіштерінің өңірлер бойынша айтарлықтай өзгеруіне алып келеді. Зерттеудің практикалық маңызы соттың қалау құқығының басымдығын сақтай отырып, тәуекелді бағалаудың алгоритмдік құралдарын Қазақстанның құқықтық жүйесіне кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жол картасын негіздеуден тұрады.



ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)