Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ЖАРИЯЛАНДЫ:29.12.2025.

Том 79, № 4 (2025)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ТАРИХ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯ

7-14 291
Аңдатпа

Мақалада Арал және Каспий теңіздері арқылы байланысқан Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің ролі, тарихы, маңызы мен дамуы туралы ақпарат берілген. Мақаланың мақсаты Арал-Каспий дәлізінің исламдану және саяси-мәдени даму тарихын, этносаралық байланыстарын қарастыру болып табылады. Бұл дәліздің әрқашанда саяси-мәдени маңызға ие болғандығы, әсіресе, этномәдени процестердің және тауарлар мен идеялар алмасуға әр түрлі әсер еткендігі айтылады. Соның ішінде ислам діні әртүрлі этникалық топтарды біріктіре отырып, біріктіруші рөл атқарды. Арал теңізі аймағының, оның ішінде Хорезмнің Алтын Орданың құрамына енуі исламдануды нығайтуға және Ханафи теологиясының әртүрлі этникалық құрамдары бар кең географиялық кеңістікте таралуы мен дамуына тағы бір серпін берді. Хорезм мен Үстірт, Еділ өзені бойы мен Жайық өзені аралығындағы рухани мәдениеттің, ислам дінінің таралуы баяндалады. Онда суфизм ілімінің өкілдері ұстаздары мен шәкірттері туралы, олардың ғылыми ілімнің дамуына ықпалдасқаны ғылыми сарапталған. Атасақ, Алтын Орданың заңгері және Хорезмдік Сайид Джалалал ад-Дин ибн Шамс ад-Дин әлГурланидің шәкірті Мұхаммед ибн Шихаб әл-Кердери (8/14 ғғ.) сынды ғұламалардың өмір жолдары баяндалады. Қорытындысында Арал және Каспий теңіздері арқылы байланысқан Солтүстік-Оңтүстік дәлізі аймағындағы дамыған мұсылман діні ортағасыр дәуірінде Харезм мен Алтын Орда территориясындағы халқының рухани ортақ дініне айналды.

15-26 208
Аңдатпа

Соңғы жылдары тарихи карталарға деген қызығушылық белгілі бір ағымдардың танымалдылығынан ғана емес, сонымен қатар Еуразияның далалық кеңістігінің тарихына қатысты жазба және басқа дереккөздердің жеткіліксіздігіне де байланысты туындап отыр. Мақаланың мақсаты-архивтік құжаттар мен карталар негізінде Арал аймағы мен Арал теңізінің географиялық және мәдени орталық ретіндегі тарихын зерттеу. Шетелдік архивтер мен ұзақ мерзімді археологиялық экспедициялардың ашылуы бұрын белгісіз карталар мен басқа да материалдарды зерттеуді бастауға мүмкіндік берді. Өз кезегінде, орыс тарихына қатысты маңызды мәліметтерді қамтитын карталар күрделі және аз белгілі тарихи кезеңдерді зерттеудің маңызды құралына айналды және кейбір жағдайларда жазба деректердегі кемшіліктерге байланысты бірінші кезектегі маңыздылыққа ие болды. Карталарды зерделеу топографиялық, этникалық объектілердің немесе халықтардың атауларын нақтылауға ғана емес, сонымен қатар қалаларды және басқа да тармақтарды оқшаулауға көмектеседі, бұл әсіресе Орталық Азия өңірінің тарихы мен оның Арал өңірінің географиялық және мәдени орталығы үшін өзекті болып табылады.

Арал өңірінің тарихы ежелден құдіретті де сан алуан мемлекеттердің өмір сүруіне тірек болды. Арал өңірінің халықтары көне заманнан бастап жаһандық геосаяси өзгерістердің бастамашылары болды. Арал теңізі орта ғасырларда Хазар қағанатының шығыс шекарасы болған, ал Солтүстік Арал Оғыз қағанатының астаналық округі болған. Дәуірлердің, халықтардың, мемлекеттердің ауысуы Арал теңізінің табиғи ырғақтарына тікелей байланысты болды, ол карталарда және басқа деректерде көрініс тапты. Оны зерттеу қазіргі заманда Орталық Азия аймағындағы еуропалық ғылымның өзіндік шыңына айналды. Сол кездегі саяхатшылардың күнделіктері әлі күнге дейін ғылыми құндылығын жойған жоқ, әрі қарай зерттеуді қажет етеді.

27-39 394
Аңдатпа

Мақалада 1920–1950 жылдары Кеңес Одағында жүзеге асырылған депортациялар мен саяси қуғынсүргіндердің ұзақ мерзімді салдары жан-жақты талданған. Негізгі назар қуғын-сүргіннің қоғамға әсеріне және психоәлеуметтік аспектілерге аударылады, атап айтқанда, мемлекеттік институттарға деген сенімнің жоғалуы, қоғамның жіктелуі және ұрпақтан ұрпаққа берілетін ұжымдық психологиялық жарақаттар мәселелері қарастырылған. Мақаланың мақсаты-саяси қуғын-сүргін мен депортацияның адамдардың психологиясына, олардың басқалармен қарым-қатынасына және билікті қабылдауға әсерін қарастыру. Автор саяси қуғын-сүргін мен депортацияның жеке тұлғалардың психологиясына, олардың әлеуметтік қатынастарына және билікке деген көзқарасына әсерін қарастырған. Мақалада сондай-ақ қуғын-сүргін мен депортация құрбандарының жеке естеліктері мен куәліктері ұсынылып, бұл И. Сталин билігі тұсындағы зардап шеккен адамдардың ішкі күйзелісі мен қайғысын терең түсінуге мүмкіндік береді. Мақалада отбасылық байланыстардың үзілуі, әлеуметтік оқшаулану және зардап шеккендердің ұзақ мерзімді психологиялық жарақаттары сияқты мәселелер егжей-тегжейлі зерттелген. Сонымен қатар, посткеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін мен депортацияның салдары қарастырылып, оның ішінде тарихи жадыны қалпына келтіру және өткенді үнсіз қалдырудың қазіргі қоғамға әсері сараланған. Мақала тарихи шындықты сақтаудың маңыздылығын атап көрсетеді, бұл осындай қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеуге және посткеңестік қоғамда сақталып қалған қорқыныш пен сенімсіздікті түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында тарихи талдау, салыстырмалы әдістер, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін мен депортация құрбандарының естеліктеріне сүйенген сапалы талдау әдісі қолданылған. Сонымен қатар, тарихи оқиғалардың қоғам мен жеке тұлғалардың қабылдауына әсерін анықтауға бағытталған контекстуалды талдау әдістері қолданылған.

40-56 220
Аңдатпа

Ғылыми мақалада қазақ диаспорасының тарихнамасы Түркияға қоныс аударған қазақтардың тарихи тағдыры негізінде қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты –дереккөздер мен ғылыми еңбектерге сүйене отырып, диаспора тарихының саяси, әлеуметтік және мәдени қырларын анықтау, Батыс пен түрік ғалымдарының методологиялық ұстанымдарын салыстыру және олардың қазақ көші-қоны мен ұлттық бірегейлікті сақтау тәжірибесіне қатысты ұсынған ғылыми тұжырымдарын жүйелеу. Осы негізде мақалада Батыс ғалымдарының еңбектері мен түрік тілінде жазылған зерттеушілердің еңбектері негізгі дереккөз ретінде алынып, олардың методологиялық ұстанымдары мен мазмұндық бағыттары салыстырмалы түрде сараланды. Батыстық зерттеушілер қазақ диаспорасын жаһандық миграция үдерісінің бір бөлігі ретінде миграциялық теория тұрғысынан қарастырса, түрік ғалымдары оны түркі дүниесінің тарихи-мәдени жалғасы ретінде интерпретациялайды. Зерттеу барысында куәгерлік сипаттағы деректер мен көші-қонға қатысқан немесе оған куә болған азаматтардың естеліктері де қарастырылды. Бұл материалдар ғылыми еңбектерде әдеби-публицистикалық сипатта болғанымен, диаспораның әлеуметтік-психологиялық болмысын және тарихи жадтағы орнына қатысты құнды мәліметтер ұсынып қазақ диаспорасының тарихын кеңірек түсінуге мүмкіндік туғызады. Зерттеу нәтижелері Батыс пен түркиялық зерттеулерді өзара сабақтастыра талдау арқылы қазақ диаспорасы тарихының саяси, әлеуметтік және мәдени қырларын кешенді түрде зерделеуге жағдай жасады.

57-66 191
Аңдатпа

Франциядағы саяси партиялар Төртінші Республика кезінде елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл негізгі саяси партиялардың қайта құрылуымен байланысты болды. Францияда 1945-1946 жж. бірден үш партия құрылады. Олар: Республикалық еркіндік партиясы; Тәуелсіз республикашылар; Республикалық әлеуметтікшаруа әрекеті тобы (Кейіннен олар тәуелсіздер мен шаруалардың ұлттық орталығына біріккен). Зерттеудің мақсаты-төртінші республика кезеңіндегі Францияның партиялық жүйесінің өзгеруін талдау, оның тұрақсыздығының себептерін анықтау, сондай-ақ саяси партиялардың қайта құрылуының, сайлаушылар мен саяси альянстардың сайлаушылық мінез-құлқының парламенттік демократияның жұмыс істеуіне және атқарушы биліктің күшеюіне әсерін анықтау. Төртінші Республиканың партиялық жүйесінің тарансформациялануына саяси партиялардың электоралдық қызметі өзінше әсер етті. Жасанды түрде құрылған саяси патриялардың одақтары мен саяси партия жетекшілерінің саяси популизмі Франциядағы үкіметтік коалицияларының ішкі және сыртқы дағдарыстар жағдайында тез ыдырауына әкеліп жатты. Саяси жүйенің дағдарысы парламенттік демократияны шектеу және атқарушы билікті күшейту үшін күрескен саяси күштер үшін тиімді болды (голлизм). Сонымен бірге үкімет жанынан әртүрлі комитеттер мен комиссиялардың құрылуы мемлекеттік қызметшілер мен жеке сектор өкілдерінің жақындасуына және «технобюрократтық» жүйесінің қалыптасуына ықпал етті.

67-76 1000
Аңдатпа

Мақалада XVІ ғасырда Еуразия құрлығында қуатты империяға айналып, өз территориясын әскери жорықтар мен дипломатиялық байланыстар барысында нығайтқан Осман империясының тарихи-саяси сипаттамасы ұсынылады. Империя XVI ғасырда Сүлеймен І билігі кезінде саяси-экономикалық, мәдени жағынан шарықтау шегіне дейін жетіп, «алтын ғасыр» кезеңіне айналды. Бұл билеушінің кезінде империя әлемдік өркениет тарихына ықпал еткен әрі құқықтық жүйесі қалыптасқан мемлекеттің бірі ретінде танылды. 1520-1566 жылдары Сүлеймен І тұсында империя тек әскери теңіз күшінің қуаттылығы жағынан ғана емес, құқықтық реформалары, мәдени-сәулет саласындағы жетістіктерімен танымал болды. Зерттеудің мақсатыСүлеймен I кезінде Осман империясының саяси, құқықтық және мәдени дамуын жан-жақты талдау, оның «алтын ғасырының» мәні мен мазмұнын анықтау, сондай-ақ тарихи-салыстырмалы және жүйелік тәсілдер негізінде Осман империясының әлемдік өркениеттің саяси тұрақтылығын, құқықтық жүйесі мен мәдени мұрасын қалыптастыруға қосқан үлесін анықтау. Мақаланың ғылыми мәнін ашуда тарихи-салыстырмалы, жүйелі талдау әдістері қолданылып, заманауи ғылыми әдебиеттер негізінде ғылыми тұжырымдар жасалады. Осы бағыттағы зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, Осман империясының «алтын ғасыр» ұғымының мәні ашылып, ғылыми-педагогикалық әдебиеттегі тарихи кезеңнің саяси тұрақтылығы мен мәдени серпіліске қосқан үлесі жан-жақты талданады. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы және жүйелі талдау әдістері қолданылып, алғашқы деректер мен заманауи ғылыми әдебиеттер негізінде ғылыми тұжырымдар жасалады. Мақала Осман империясының өркендеу кезеңіндегі саяси билік, мәдени өмір және әлеуметтік құрылым арасындағы өзара байланыстарды жан-жақты ашып көрсетуге бағытталған.

77-86 125
Аңдатпа

Мақалада Ташкент қаласындағы ағарту мекемелері және олардың атқарған қызметтері айқындалады. Сонымен қатар аталған ағарту мекемелерінің жұмысы, маңыздылығына қатысты жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары да, жарық көрген іргелі еңбектер де анықталып, талданады. Зерттеудің мақсаты кеңестік ағарту жүйесін қалыптастыру кезеңінде Ташкент қаласындағы білім беру мекемелерінің қалыптасуы мен жұмыс істеу процесін талдау, олардың функциялары мен қызмет ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ әлеуметтіксаяси қайта құрулар мен дәстүрлі оқыту нысандарының өзгеруін ескере отырып, білім беру саласын ұйымдастыру мен дамытудағы халық ағарту комиссариатының рөлін анықтау болып табылады. Қазан революциясынан кейін Ташкент қаласында зайырлы білім беру жүйесі белсенді түрде енгізіле бастаған болатын. Зайырлы білім жүйесінің енгізілуі барысында жергілікті ұлттың мүддесі мен қызығушылықтары ескерілмеген. Өйткені осыған дейін қызмет етіп келген мектеп-медреселер жаппай жабыла бастады. Мұндай оқу орындары діни білім беруге бағытталған деген болатын. Сондай-ақ орыс-түземдік мектептер де өз жұмысын тоқтатты. Олардың орнына зайырлы білім беру жүйесіне сай келетін жаңа үлгідегі мектептер ашыла бастады. Осы бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүруіне жаңадан құрылған Халық ағарту комиссариатының маңызы өте жоғары болды. Халық ағарту комиссариаты білім беру мекемелерінің жұмысын қалыптастырып қана қоймай, олардың қызметінің белсенді жүруіне де жағдай жасады. Ол үшін де түрлі бағыттағы комиссариаттармен тығыз байланыстар орнатып, олардың жұмысын да бір мақсатқа жұмылдыра алды. Нәтижесінде жаңа оқу ғимараттарын салу, мектеп-интернат жұмыстарын іске қосу, оқулықтармен қамтамасыз ету, мектеп ғимараттарының материалдық-техникалық тұрғыдан қолдау жұмыстары белсенді жүрді. Осы мәселелердің зерттелу тарихнамасына баға беріледі.

87-97 174
Аңдатпа

Қазақ қоғамындағы ең бір маңызды орын алатын мәселелердің қатарында түрлі бағыттағы тойлар, оның ішінде үйлену тойлары жататындығы белгілі. Өткен ғасырлардағы үйлену тойларының қазақи салтдәстүрлерге негізделгенін білеміз. Дегенмен уақыт өткен сайын осы мәселе қоғам дамуы барысында өзгерістерге ұшырап отыруы заңдылық. Мақалада қазіргі қазақ қоғамындағы үйлену тойының әлеуметтік маңызы мен ритуалдық құрылымына қатысты дәстүрлі институттардың (құдалық, кәде, серттесу, бата, беташар және т.б.) сақталуы мен ыдырауы процестері талданады. Осы талдау арқылы той мәселесінің бұрынғы кездегі және одан кейінгі кездердегі айырмашылықтары, ерекшеліктері сараланады. Зерттеудің мақсаты-дәстүрлі үйлену рәсімінің өзгеруіне себеп болған себеп-салдарлық байланыстарды жан-жақты ашу, сонымен қатар оның өзгеруінің негізгі бағыттарын анықтау. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында Қазақстан республикасының әр өңіріндегі ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік салт-дәстүрлері тарихисалыстырмалы және құрылымдық-функционалдық тұрғыда қарастырылады. Кеңестік дәуірдегі және тәуелсіздік жылдарындағы өзгерістерге және оның себеп-салдарына назар аударылып, урбанизация, медиа мен діни факторлардың қазіргі заманғы той рәсімдеріне әсері негізделеді. Зерттеуде үйлену мәселесінің ежелгі ғұрыптарынан бастап, қазіргі замандағы неке сарайы мен мешіттердегі неке рәсіміне дейінгі уақыт аралығындағы құдалық, калың мал, бата, беташар сияқты дәстүрлі институттардың трансформациясы жанжақты талданады.

98-106 149
Аңдатпа

Мақалада Қарахандардың мемлекет ішіндегі билікті заңдастырып, сыртқы саяси қызметін жандандыру үшін қажет исламдану жолы мен діннің рөлі ашылады. Осы мақсатта исламданудың себептері, салдары зерттеліп, оның басқа елдермен қарым-қатынас құру дәстүрлерімен байланысы жолға қойылды. Автор араб және парсы деректерінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, мұсылман мемлекеттері арасындағы қарымқатынаста діни билік пен діндарлықтың да үлкен рөл атқарғанын алға тартады. Зерттеудің мақсатыисламданудың Қараханидтердің сыртқы саяси қызметіне әсерін және оның қандай формада қолданылғанын зерттеу. Қарахандықтардың мұсылман емес елдермен қарым-қатынасына да назар аударылады, олармен негізінен сауда-экономикалық байланыстар орнады, бірақ олар бастапқыда бейбіт болмай, көбінесе қарулы қақтығыстармен аяқталды. Қарахандықтардың сыртқы саясатындағы діннің ықпалы мен орны Ғазнауилер, Селжұқтар және Сун Қытаймен қарым-қатынасында айқын көрінеді, бұл туралы автор араб, парсы және шетелтану деректерінен мысал келтіреді. Бұл зерттеуде Ибн әл-Асир, Ибн Тағриберди, Байхақи, әл-Қарши, Низами Арузи, ар-Равендидің еңбектері басты дереккөз болды. Бұл еңбек ортағасырлық мемлекеттер тарихында діннің рөлі әлдеқайда кең және іргелі екенін және исламданудың диалог алаңы болғандығын көрсетеді.

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ

107-115 198
Аңдатпа

Жоғары орта білім беру жүйесінде (ЖОБЖ) енгізілген жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасы оқушылардан өзіндік оқу әрекетін ұйымдастыруды, жоспарлау мен рефлексияны талап етеді. Алайда бұл талаптар жасөспірімдердің атқарушы функцияларының нейробиологиялық жетілу деңгейімен әрдайым сәйкес келе бермейді. Осы зерттеудің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының атқарушы функцияларының даму деңгейін анықтау және алынған нәтижелер негізінде оқу үдерісіне енгізілетін нақты педагогикалық интервенцияны негіздеу.

Зерттеу квазиэксперименттік дизайнда жүргізіліп, 20 оқушының атқарушы функциялардың нейропсихологиялық батареясы (BANFE-3) арқылы бағаланды. Диагностика нәтижелері оқушылардың басым бөлігінде мінез-құлықты реттеуге жауапты орбитофронтальды аймақтың сақталғанын, алайда жоспарлау, жұмыс жадысы және когнитивтік икемділікпен байланысты дорсолатералды префронтальды аймақтың функцияларында 70% жағдайда жеткіліксіз даму бар екенін көрсетті.

Осы нейропсихологиялық деректерге сүйене отырып, «Математикалық білім» оқу пәнінің оқу үдерісіне бағытталған жүйеленген педагогикалық интервенция ұсынылады. Аталған интервенция сабақ барысында формальды логика элементтері бар есептерді кезең-кезеңмен талдау арқылы жоспарлау мен когнитивтік икемділікті дамытуға, сондай-ақ мәтіндерді дауыстап оқу (reading aloud) әдісін қолдану арқылы зейін мен тежеу бақылауын тұрақтандыруға бағытталған. Ұсынылған тәсілдер күнделікті сабақ құрылымына енгізіліп, арнайы қосымша пәнді талап етпейді.

Зерттеу нәтижелері жоғары мектептегі оқу үдерісін тек білім берумен шектемей, атқарушы функцияларды мақсатты түрде дамытатын когнитивтік жаттығу ортасы ретінде ұйымдастырудың педагогикалық маңызын көрсетеді.

116-125 177
Аңдатпа

Зерттеу құзыреттерін дамыту бүкіл әлем бойынша мұғалімдерді даярлау жүйесінің, соның ішінде ағылшын тілін оқыту (ELT) мамандықтарының маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Түркия университеттерінің ELT оқу жоспарларында «Білім беру саласындағы зерттеу» пәні 2006–2007 оқу жылынан бастап міндетті курс ретінде енгізіліп, қазіргі күнге дейін оқытылып келеді. Ал 2024–2025 оқу жылына арналған Қазақстанның ELT бағдарламаларына жүргізілген талдау нәтижесінде, бұл пәннің көптеген жоғары оқу орындарында әлі де міндетті емес екені анықталды. Тиімді оқыту мен рефлексивті зерттеу өзара байланысты екені кеңінен мойындалғанымен, қазақстандық жоғары оқу орындарында құрылымдалған «Білім беру саласындағы зерттеу» пәнінің болмауы болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің зерттеу сауаттылығына қатысты маңызды сұрақтарды тудырады.
Бұл сапалық зерттеу оқу бағдарламаларын жетілдіруге үлес қосу мақсатында «Білім беру саласындағы зерттеу» пәнін Қазақстандағы ELT оқу жоспарларына енгізу жөнінде дәлелге негізделген ұсыныстар беруді және пәннің мазмұнын ұсынуды көздейді. Түркияның 58 мемлекеттік университетінің қолжетімді онлайн оқу жоспарларына жүргізілген құжаттық талдау барысында авторлар 45 оқу бағдарламасынан шамамен 324 тақырыпты анықтап, жүйеледі. Бұл тақырыптар мазмұны бойынша 23 негізгі бағытқа топтастырылды. Ең жиі қамтылған тақырыптарға «Зерттеуге кіріспе», «Зерттеу әдістемелері» (сапалық, сандық, аралас), «Зерттеу ортасы» және «Іріктеу рәсімдері» жатады. Сирек қарастырылатын бағыттар қатарына зерттеудің мақсаты мен маңыздылығы, оның ғылыми ізденіспен байланысы және зерттеу шектеулері кірді.
Түркиядағы ELT бағдарламаларының мазмұнын талдау негізінде бұл зерттеу Қазақстандық контекске бейімделетін үлгілік оқу бағдарламасын ұсынады. Сонымен қатар, зерттеу құрамдастарын құрылымданған түрде енгізу арқылы аналитикалық ойлау, академиялық жазу және дәлелге негізделген тәжірибені дамытуға бағытталған ұсыныстар беріледі. Алынған нәтижелер Қазақстандағы болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің зерттеу сауаттылығын арттыруды көздейтін оқу бағдарламаларын әзірлеушілер мен оқытушылар үшін пайдалы ресурс бола алады. Мақаланың мақсаты – «Білім берудегі зерттеулер" курсының қазақстандық ELT оқу бағдарламаларына енгізілуін негіздеу және түрік университеттерінің бағдарламаларын талдау негізінде мазмұн моделін ұсыну.

126-137 182
Аңдатпа

Мақалада жоғары білім берудегі ашық білім беру ресурстарының (АББР) рөлі туралы бар зерттеулер мен жарияланымдар қарастырылады. Студенттер мен мұғалімдерге әртүрлі оқу материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ашық білім беру ресурстары сарапталған. Мақаланың мақсаты: жоғары білім берудегі ашық білім беру ресурстарының рөлі туралы бар зерттеулерді жүйелеу, олардың оқу процесіне әсерін анықтау, студенттердің құзыреттілігін дамыту және оқытушылық қызметтің тиімділігі, сондай-ақ оларды пайдаланудың негізгі мәселелері мен артықшылықтарын белгілеу.

Жоғары оқу орындарындағы ашық білім беру ресурстарының (АББР) рөлі туралы бар зерттеулер мен жарияланымдарды зерттеу қазірде өзекті мәселе болып табылады. Ол осы саладағы ағымдағы жағдай мен бар білімге шолу жасауға, сондай-ақ алдыңғы зерттеулерде анықталған үрдістер мен жетістіктерді және проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысында ашық білім беру ресурстарының рөлінің негізгі аспектілері анықталды, мысалы, білім беру үдерісінде студенттердің оқуы мен жетістіктері, студенттердің негізгі құзыреттіліктерін дамыту, ашық білім беру ресурстарын пайдаланудың артықшылықтары, білім берудің қолжетімділігі, оқыту мен оқу материалдарына жұмсалатын шығындардың ерекшеліктері, оқу процесінің икемділігі, ашық білім беру ресурстарының тиімділігін бағалау ресурстарын пайдаланумен байланысты жоғары білім беру проблемалары, ашық білім беру ресурстарын бейімдеу проблемалары және білім берудің тиімділігін бағалау проблемалары. Сондай-ақ мақалада ашық білім беру ресурстарын пайдаланудағы мұғалімдердің орны мен рөлі қарастырылады. Ашық білім беру ресурстарын ұсынатын негізгі ең танымал платформалар талданады.

138-149 200
Аңдатпа

Мақалада қазіргі жалпы орта білім беретін мектеп географиясындағы табиғи қауіптерді оқыту жүйесінде заманауи цифрлық платформаны пайдаланудың тиімділігі мен ұтымдылығы, жолдары баяндалады. Жер бетінде жаһандану үдерісі терең қарқын алып ауыр өнеркәсіп салаларының дамуы, завод, фабрикалардың артуы, жылыну деңгейінің мөлшерден тыс жоғарылауы сынды әр түрлі факторлар табиғи процестерге кері әсер етіп отырған кезеңде білім беру жүйесінде табиғи қауіптерді оқыту, осы бағытта жасанды интеллект талаптарына сай келетін ақпараттық технологиялар мен цифрлық платформаларды пайдалану аса маңызды орын алады. Бұл тұрғыда әсіресе жалпы орта білім беретін мектептегі география курсының рөлі ерекше. Мақалада табиғи қауіптерді оқытудың шет елдік тәжірибелеріне талдаулар жасалынып, заманауи жаңа технологиялар арқылы жүзеге асырудағы ерекшеліктерімен бірге тиімді әдістәсілдері қарастырылып, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттырудағы рөліне де мән берілген.

Мақаланың мақсаты — жалпы орта білім беретін мектептердегі география курсында табиғи қауіптерді оқытудың тиімділігін арттыру үшін Aqylspace цифрлық платформасын (оның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін) пайдаланудың әдіс-тәсілдерін негіздеу және оның білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен білім сапасына әсерін бағалау болып табылады. Зерттеу барысында қазіргі жалпы орта білім беретін мектептегі география курсындағы іргелі «Табиғатты пайдалану және геоэкология» тарауын оқыту барысында Aqylspace цифрлық платформасын пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер ұсынылады. Аталмыш цифрлық платформа қазіргі білім беру талаптарына қойылатын жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін де қамтиды әрі сабақтарды белсендіруге, мұғалім мен оқушы арасында жүйелі ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Сауалнама нәтижелері мектеп географиясындағы табиғи қауіптерді оқытуда Aqylspace цифрлық платформасын пайдалану сабаққа қатысты қосымша материалдарға қолжетімділікті арттырып, білім алушылардың өзіндік ізденістерінің дамуына, білім сапасының артуына тиімді ықпал ететінін көрсетеді.

150-161 90
Аңдатпа

Мақалада жазушының «Американың ұлттық байлығы», «Аспандағы ақ көбелектер», «Қытайдан жеткен сәлемдеме», «Тәркі дүние», «Жалғыздық», «Жасырынбақ», «Көрген-баққан», «Тоқтышақ» әңгімелеріндегі көркемдік-эстетикалық ізденістер ұлттық құндылықтар аясында ғылыми сараланған. Шығармалардың өз еліне сүйіспеншілігі жоғары азаматтарды тәрбиелеуде, адамгершілік қасиеттерді жастар бойына егуге, тағылымды тәрбие беруде әсері мол. Эпистолярлық жанр үлгісін тиімді пайдалану «Қытайдан жеткен сәлемдеме» әңгімесіндегі Әсемайдың Өмірбайға жазған хаттарынан көрінсе, «Аспандағы ақ көбелектер» әңгімесіндегі базар қожайыны мен Дәурен, Сырғалым мен Әлима бейнелерін параллель суреттеу арқылы кейіпкерлердің табиғи болмысы айшықталды. Ұлттық құндылықтардың бәсенденуі аталған әңгімелердегі жекелеген кейіпкерлердің іс-әрекеттері, қазіргі педагогикадағы рухани-адамгершілік тәрбие ұғымымен қабаттас көрсетілген. Әңгімелердегі көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері жалпыадамдық құндылықтар, ұлттық танымдық сипаттар, параллелизм, кейіпкер бейнесін сомдау, мистика сынды көркемдіктің негізінде қарастырылған. Жазушының кейіпкерлер жүйесі арқылы берілген рухани азғындау, жалғыздық, ар-ождан, мейірім, ұят сияқты категориялар қазіргі педагогикадағы рухани-адамгершілік тәрбие ұғымымен сабақтас қарастырылған. Дәстүрлі әңгімелермен бірге «Жалғыздықта» лиризм, «Тәркі дүниеде» мистикалық сипаттың басымдығы талдау барысында ғылыми тұрғыда пайымдалған. Жазушы әңгімелеріндегі негізгі кейіпкерлердің типтік дәржеге көтерілу сипаты монолог, диалог арқылы айшықталса, көркемдік ізденістер ой ағымы, түс, елес көріністерін қамту даралығымен ерекшеленеді. Өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды меңгеруге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, еңбекке баулуда, әдемілікті бағалай білу сынды қасиеттерді дарытуға, ұлттық тәрбиенің модельдері – ата-баба өсиеті, туған жерге және елге деген тағзым, отбасындағы қарым - қатынастар, ұлттық сана мен рухани үйлесімділік идеялары талқыланады. Келешек ұрпақты тәрбиелеу және тұлға тағылымына көтерілу тұғырына орай нақтыланады. Мақаланың мақсаты-жазушы шығармаларының ұлттық құндылықтар контекстіндегі көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін және олардың қазіргі рухани-адамгершілік тәрбие жүйесіндегі тәрбиелік әлеуетін анықтау және ғылыми талдау.

162-172 150
Аңдатпа

Осы үш жылдық қысқаша зерттеудің мақсаты Қазақстандағы сегізінші сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде шет тілі (ШТ) ретінде оқу дағдыларын бағалау болып табылады. Оқу сауаттылығы оқу процесінде маңызды рөлдердің бірін атқарады, сонымен қатар кез-келген академиялық салада адамның ойөрісін кеңейтеді (OECD, 2018). Бұл зерттеу Павлодар қаласындағы орта мектептердің сегізінші сынып оқушыларының оқу және сауаттылық дағдыларын зерттеді. 2018-2020 жылдар аралығында компьютерде тестілеуден өткен қатысушылардың саны әр түрлі болды. Деректерді жинау құралдары электрондық диагностикалық бағалау жүйесі (eDia) жүргізетін ағылшын тіліндегі онлайн-тесттер және халықаралық студенттерді бағалау бағдарламасынан (PISA) бейімделген қосымша сұрақтары бар сауалнама (OECD, 2018) болды. Ағылшын тіліндегі оқу тестілері бұрын өзгертілген және жарамды болған (Nikolov & Csapó, 2010), дегенмен елдің мәдени ерекшеліктерін ескеретін кейбір қосымша материалдар қолданылған. Үш жылдық зерттеу барысында ағылшын тіліндегі тестілердің сенімділігі өте жоғары болды, бұл 2018 жылы 8-сынып үшін альфа Кронбах коэффициентімен(α=0.96) және 2019 және 2020 жылдары (α=0.94) бағаланды. Нәтижелер үш жыл ішінде ағылшын тілінен тест нәтижелерінде 8-сынып оқушылары арасында маңызды гендерлік айырмашылықтарды анықтаған жоқ (p>0.05). Алайда, 8-сыныптағы үш жылдық зерттеу барысында бірінші/ана тілінің әсерінің шамалы шамасы Қазақстандағы 8-сынып оқушылары үшін ағылшын тілінде шет тілі ретінде оқу дағдыларын оқытудың маңыздылығын атап өтті.

173-184 120
Аңдатпа

Мақалада кәсіби дайындаудың маңызды құрамды бөлігі болып табылатын мұғалімдердің картографиялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары қарастырылады. Білім беру кеңістігіндегі өзгерістер болашақ мұғалімдердің оқу үдерісіндегі рөлін айқындап берді. Сандық технологиялардың даму жағдайында және білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптардың күшеюіне байланысты мұғалімдер оқу үдерісінде картографиялық әдістерді тиімді пайдалана алатындай құзыреттіліктерге ие болуы қажет. Зерттеудің мақсаты – мұғалімдердің картографиялық іс-әрекетін қалыптастыруға ықпал ететін педагогикалық шарттарды анықтау. Зерттеу жұмысында картографиялық ісәрекетті қалыптастырудың заманауи теориялық тәсілі ретінде іс-әрекеттік, құзыреттілік тәсілдер талданады. Картографиялық іс-әрекетті қалыптастырудың әдістері мен құралдары сипатталады. Білім беру жүйесінде картографиялық іс-әрекетті жүзеге асырудың практикалық негіздеріне ерекше назар аударылады. Педагогикалық шарттарды анықтау үшін қатысушылардан сауалнама алынды. Сауалнама сұрақтары Лайкерт шкала негізінде құрастырылып берілді. Зерттеу жұмысында картографиялық іс-әрекетке қажетті педагогикалық шарттар анықталды. Бұл педагогикалық шарттар тиімді картографиялық іс-әрекетті қалыптастыра алады және мұғалімдердің картографиялық дайындық деңгейлерін арттыруға негіз бола алады. Қорытындыда зерттеудің негізгі тұжырымдары айқындалып, заманауи мұғалімнің кәсіби маман ретінде қалыптасуының ажырамас бөлігі ретінде картографиялық іс-әрекетті дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

185-197 153
Аңдатпа

Университет студенттерінің, әсіресе бірінші курс білім алушылары мен басқа курс білім алушыларының бейімделу механизмдеріне трансверсалды дағдылар әсер етеді. Бұл мақаланың мақсаты - трансверсалды дағдылар мен студенттердің бейімделуінің маңызды факторлары арасындағы байланысты, сондай-ақ, жоғары оқу орнына жүйелі түрде баруы, академиялық және әлеуметтік салалардағы мәселелерді зерттеу. Ғылыми әдебиеттерді зерттеу және талдау барысында университетте ыңғайлы бейімделу үшін білім алушылардың трансверсалды дағдыларын жақсартуға әсер ететін контент анықталды. Зерттеу трансверсалды санатына жатпайтын, білім алушылар үшін қажетті және жоғары оқу орындарының жағдайларына бейімделуіне ықпал ететін қосымша дағдыларды қарастырады. Зерттеу барысында білім алушыларға жүргізілген сауалнама және оның нәтижесінде сандық деректерді жинау және сапалық әдістерді қамтитын аралас әдіс қолданылды. Жүргізілген зерттеудің нәтижелері білім сапасы мен білім алушылардың жетістіктерін арттыру жолдарын ұсынатындықтан жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдары үшін пайдалы болуы мүмкін. Жоғары оқу орындары академиялық құзыреттіліктерден тыс дағдыларды дамытуды кеңейту және жоғары білім берудің қиындықтарына дайындықты қосу арқылы күрделі қажеттіліктері бар білім алушылардың көбірек санын қабылдай алады.

198-209 135
Аңдатпа

Мақалада жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын трансценденттік теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешуге үйретудің әдістемелік негіздерін әзірлеу мәселесі қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – оқушылардың осы тақырыптағы теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, олардың логикалық ойлау, аналитикалық және сандық талдау қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді оқыту әдістерін жасау және оны оқу процесіне енгізу. Мақалада трансценденттік теңдеулердің негізгі типтері мен қасиеттері талданады, оларды шешудің дәстүрлі және жаңа әдістері ұсынылады. Оқыту әдістемесі төрт кезеңнен тұрады: теориялық материалды меңгеру, практикалық тапсырмаларды орындау, ақпараттық технологияларды қолдану және шығармашылық тапсырмалар мен топтық жұмыс. Әр кезең оқушылардың теориялық білімдерін бекітуге және әртүрлі әдістерді қолдана отырып, есептерді шешу дағдыларын дамытуға бағытталған. Зерттеу барысында эксперименттік топтағы оқушыларға арнайы әзірленген оқыту әдістемесі қолданылды. Эксперимент нәтижелері көрсеткендей, оқушылардың трансценденттік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу қабілеттері айтарлықтай жақсарған. Оқушылардың орташа ұпайы бастапқы 44 ұпайдан қорытынды тестте 76 ұпайға дейін артты, бұл жаңа әдістеменің тиімділігін дәлелдейді. Сонымен қатар, оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, пәнге деген қызығушылығы және шығармашылық ойлау қабілеттері жоғарылады. Мақалада ұсынылған әдістеме оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға, олардың пәнге деген қызығушылығын оятуға және жалпы білім беру процесінің тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу нәтижелері Қазақстанның білім беру жүйесінде трансценденттік теңдеулер мен теңсіздіктерді оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға негіз болады.

210-220 123
Аңдатпа

Мақалада болашақ педагогтердің кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігін лингвомәдени білім беру ортасында қалыптастырудың әдіснамалық негіздері қарастырылады. Педагог кадрларды даярлауда құзыреттілікке негізделген, мәдениеттанулық және тұлғалық-іс-әрекеттік тәсілдерді біріктірудің өзектілігі негізделген. Лингвомәдени сипаттағы оқу құралдарын пайдалану арқылы құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді құралдары айқындалды. Мұндай орта болашақ мұғалімдердің мәдениетаралық қарым-қатынас, кәсіби рефлексия және коммуникативтік икемділік дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Мақаланың мақсаты - лингвомәдени білім беру ортасы жағдайында мамандандырылған оқу құралдарын қолдану арқылы болашақ педагог-филологтардың кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың тиімділігін ғылыми негіздеу және эксперименталды түрде тексеру болып табылады. Зерттеу нәтижелерін педагогикалық жоғары оқу орындарына арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен әдістемелік материалдарды жасау барысында қолдануға болады. Мақалада Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Орыс тілі» пәні және «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі (орыс және орыс емес тілінде оқытатын мектептер үшін)» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын филология бағытындағы студенттердің кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға арналған эксперименттік зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің әдіснамалық негізі — лингвомәдени мазмұнды ескеретін құзыреттілікке негізделген үлгі. Зерттеу жұмысына 160 бакалавриат студенті қатысты; эксперименттік топта кәсіби-коммуникативтік және лингвомәдени құзыреттілік компоненттерінің қалыптасу деңгейінің статистикалық тұрғыдан маңызды жоғарылауы байқалды. Ұсынылған лингвомәдени сипаттағы оқу құралы арқылы жүзеге асырылған әдістеме болашақ филолог-педагогтарды жоғары оқу орнында даярлау жағдайында тиімділігін көрсетті.

221-232 169
Аңдатпа

Мақалада студент жастардың рухани-адамгершілік дамуы мен тәрбиесінің мәселелері ашылған. Бұл мәселеге назардың артуы жеке тұлғаның мәдени, интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және патриоттық бірегейлігін қалыптастыру міндеттерінің ерекше мәнге ие болуымен байланысты. Негізгі аспект – тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту барысында олардың бойына адамгершілік, ұлттық құндылықтарды сіңіру, сонымен қатар жалпыадамзаттық мұраттарды жүзеге асыруға, халық пен Отан игілігі үшін қызмет етуге дайын болуды дамыту қажет. Бұл аспектілердің маңыздылығы өмірдің мәнін түсінуге және адамгершілік кемелдікке жетуге байланысты. Шынайы өмірде рухани-адамгершілік мұраттарды нығайту үйлесімді қоғамның қалыптасуына әкеледі. Әлеуметтік-мәдени өзгерістер студенттер қауымына жан-жақты әсер етеді, бұл олардың адамгершілік дамуына әсер ететіні сөзсіз. Қазіргі қоғамдағы адамгершіліктің құлдырауы және отбасы мен мектептің адамгершілік құндылықтарды дамытудағы рөлінің төмендеуі рухани өсу мәселесін күшейтеді. Әлеуметтік ортаның ықпалына бейім жастар ар-намыс, борыш, мейірімділік, әділдік, патриотизм сияқты ұғымдарды дұрыс немесе толық түсінбейді. Жастар арасындағы моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларының нашарлауы, сонымен қатар мәдени, рухани және ұлттық құндылықтардың құлдырауы зерттеуіміздің мәселелері тұрғысынан назар аудартады.

Жеке тұлғаның берік рухани-адамгершілік негізін құру қоғам тұрақтылығын нығайтудың маңызды факторы болып табылады. «Адал азамат» бағдарламасы қоғамдағы адамгершілік ұстанымдарды нығайтуға және рухани-адамгершілік қасиеттері жоғары әділ де шыншыл адамдарды тәрбиелеуге бағытталған, бұл өз кезегінде елдің әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді. Студенттердің өмірлік құндылықтарын дамыту және рухани өсу психологиялық-педагогикалық ғылым саласындағы зерттеушілер үшін ерекше назар аударатын тақырып болып табылады, мұнда адамгершілік және рухани тәрбие процестерін жан-жақты зерттеудің маңыздылығы ерекше атап өтіледі.

Студент жастардың рухани-адамгершілік дамуы мен тәрбиесінің міндеттерін шешу үшін руханиадамгершілік білім мазмұнына теориялық және практикалық талдау жасау қажет. Бұл бағыт жоғары оқу орындарында студенттердің тұлғалық дамуының әртүрлі аспектілерін зерттеудің тиімді әдістерін әзірлеуде және жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Бұл да білім беру жүйесіне студенттердың рухани-адамгершілік тәрбиесінің сапасын арттыруға бағытталған әртүрлі тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.

233-244 149
Аңдатпа

Мақалада студенттердің эмоционалдық тұрақсыздығы мен олардың академиялық үлгерімі арасындағы байланыс талданады. Мақаланың мақсаты - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің эмоционалдық тұрақсыздық (невротизм) деңгейі мен академиялық үлгерімі арасындағы өзара байланысты эмпирикалық түрде зерттеу, сондай-ақ кәсіби-педагогикалық даярлық сапасы үшін психологиялық амандықтың маңыздылығын негіздеу болып табылады. Зерттеу барысында невротизм деңгейі жоғары студенттердің оқу жетістіктеріне теріс әсер ететіні анықталды. Зерттеуде болашақ бастауыш сынып мұғалімдері арасында сауалнама жүргізіліп, Айзенк тұлғалық сауалнамасының деректері талданды. Невротизм мен GPA арасындағы әлсіз теріс корреляция анықталды, бірақ статистикалық тұрғыдан маңыздылығы шектеулі болды. Зерттеу нәтижелері эмоционалдық тұрақтылықтың студенттердің психологиялық саулығы мен академиялық жетістіктерінде маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мақалада студенттердің эмоционалдық тұрақтылығын арттыруға бағытталған ұсыныстар беріліп, бұл қасиеттің білім беру сапасын жақсартудағы маңызы талқыланды. Зерттеу нәтижелері болашақ педагог мамандардың кәсіби және тұлғалық дамуын жетілдіруге арналған ғылыми және практикалық негіз ретінде қарастырылады. Зерттеуде деректерді талдау және өңдеу үшін IBM SPSS Statistics бағдарламасының 29-нұсқасы пайдаланылды. Бағдарлама зерттеу мақсаттарына сәйкес келетін және сенімді статистикалық қорытындылар алуға мүмкіндік беретін түрлі әдістер мен тесттерді қолдануға жағдай жасады. Деректердің үлестірімге сәйкестігін анықтау үшін Колмогоров-Смирнов және Шапиро-Уилк тесттері жүргізілді. Айнымалылар арасындағы байланысты анықтау мақсатында Спирменнің рангілік корреляциясы есептелді, себебі деректер қалыпты үлестірімге сәйкес болмады. Айзенк сауалнамасының шкалаларының сенімділігі Cronbach's α көрсеткіші арқылы бағаланды. Сипаттамалық статистика негізгі айнымалылардың орташа мәндерін, стандартты ауытқуларын, ең төменгі және ең жоғары көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік берді. Бұл әдістер зерттеуге қатысушылардың тұлғалық және академиялық ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге ықпал етті. Қолданылған әдістемелер талдау үдерісінің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз етіп, алынған нәтижелерге негіз болды.

245-256 157
Аңдатпа

Ұсынылған зерттеу мақаласында қазіргі білім беру жүйесінде ерекше маңызға ие мәселе – білім алушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру қарастырылған. Мақаланың әдеби шолу бөлімінде зерттеу құзыреттілігінің мәні, оның құрылымдық компоненттері мен білім беру үдерісіндегі орны сипатталады. Зерттеу мақсаты – биология сабақтарында оқу-зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы 7-9 сынып оқушыларының зерттеу құзыреттілігін дамыту жолдарын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін зерттеушілік сипаттағы тапсырмаларды әзірлеу және сынақтан өткізу, зерттеу құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін оқыту әдістері мен тәсілдерді таңдау және сабақтарды модельдеу міндеттері қойылған.

Зерттеу барысында оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыруда табиғи объектілерді бақылау, тану және анықтау, сипаттау, эксперимент жүргізу мен гипотеза әдістерін қолдану олардың танымдық белсенділігін арттырып, зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ететіні анықталды. Тәжірибелік жұмыс нәтижелері көрсеткендей, биология сабақтарында зерттеу бағытындағы тапсырмалар мен практикалық әдістерді жүйелі қолдану оқушылардың зерттеу құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін едәуір арттырды. Оқушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыруда сөздік, көрнекілік және практикалық әдістердің өзара әрекеттесуі ерекше тиімді екенін айқындайды. Алынған нәтижелер әдістеменің тиімділігін дәлелдеп, зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

257-266 103
Аңдатпа

Зерттеу мектеп оқушыларының кәсіби бағдарын, кәсіби өзін-өзі анықтауын және болашақ кәсіби жоспарларын қалыптастырудағы табыстылығын зерттеуге арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – ерте кәсіби бағдарлау арқылы жоғары сынып оқушыларының жеке кәсіби қызығушылықтары, қабілеттері мен құзыреттерін дамытуға әсерін бағалау. Зерттеу үшін сандық және сапалық әдістерді біріктірген кешенді интегративтік тәсіл қолданылды. Сандық диагностика «Профориентатор» бағдарламасы арқылы оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен қабілеттерін бағалауға бағытталды. Сапалық әдістерге жеке консультациялар, терең сұхбаттар, фокус-топтар, икемді дағдыларды дамытуға арналған тренингтер (эмоциялық интеллект, тайм-менеджмент), шеберлік сабақтары және өндіріс орындарына экскурсиялар кірді. Деректерді талдау автоматтандырылған диагностикалық жүйе арқылы жүргізілді. Зерттеу оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерінің көпқырлылығын және жас ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтарын көрсетті. Ең жоғары қызығушылық «Техника», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес» және «Ғылым» бағыттарында байқалды. Практикалық іс-шаралар оқушылардың өзін-өзі тану, мақсат қою және шешім қабылдау қабілеттерін дамытып, кәсіби өзін-өзі анықтау деңгейін арттырды.

Зерттеу нәтижелері мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жүйелі және кешенді тәсілінің тиімділігін дәлелдейді. Ұсынылған әдістеме оқушылардың білім беру бағдарламаларын өз қажеттіліктеріне бейімдеуге, кәсіби даму мотивациясын қалыптастыруға және мамандықты саналы түрде таңдауға дайын болуына ықпал етеді.

267-279 118
Аңдатпа

Мақалада дивергентті тапсырмаларды қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлауын дамыту мәселесі қарастырылады. Бұл проблема психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Мақаланың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлауын дамыту құралы ретінде дивергентті есептерді қолданудың тиімділігін негіздеу және оларды психологиялық-педагогикалық процесске енгізу бойынша практикалық ұсыныстар ұсыну болып табылады. Қоғамда болып жатқан динамикалық өзгерістер күн сайын жас ұрпақтың зияткерлік дамуына қойылатын талаптарды арттырады. Бүгінгі таңда терең кәсіби білімі бар ғана емес, сонымен қатар ойлаудың икемділігімен және қойылған міндеттерді шешуге шығармашылық көзқарасымен ерекшеленетін мамандар сұранысқа ие. Егер университет түлегі ерте жастан бастап шығармашылық ойлауға үйретілсе, көрсетілген көрсеткіштерге ие болады. Демек, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлауын дамыту проблемасының өзектілігі күмән тудырмайды. Біздің зерттеуіміздің жаңалығы мектеп жасына дейінгі балаларды түсіну мен қабылдауға қол жетімді шығармашылық ойлауды дамытуда дивергентті тапсырмаларды қолдану болып табылады. Мақалада балаларды оқытуда дивергентті тапсырмаларды қолдану мысалдары келтірілген, олар іс жүзінде мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлауын дамытудағы тиімділігін растады. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда дивергентті тапсырмаларды мақсатты әрі жүйелі қолдану, балалардағы шығармашылық идеялардың көрінісін табу олардың шығармашылық ойлауының мақсатты дамуын ынталандырады. Жүргізілген зерттеу психологиялық-педагогикалық идеялардың қоржынын толықтыруға ықпал етеді, ал авторлар ұсынған дивергентті тапсырмаларды педагог-психологтар, тәрбиешілер практикада қолдана алады.

ЭКОНОМИКА

280-291 97
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының мал шаруашылығындағы кооперативтік шаруашылық жүргізу нысандарының тиімділігі 2022–2024 жылдар аралығындағы статистикалық деректер мен қазіргі ғылыми зерттеулерді талдау негізінде бағаланады. 2015 жылы ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы заң қабылданғанына қарамастан, Қазақстанның аграрлық секторындағы кооперация деңгейі әлі де төмен – ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына тек шамамен 2% шаруашылықтар ғана кіреді. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 2022 жылы 3 284-тен 2023 жылы 3 911-ге дейін өсуі, кооперативтер өндіретін өнім көлемі 2023 жылы 30%-ға артуы оң үрдістер ретінде анықталады. Алайда кооперативтердің жалпы мал шаруашылығы өніміндегі үлесі әлі де мардымсыз (1–2% шамасында), ал даму процесі фермерлердің сенімінің төмендігімен, кооперация туралы білімнің жеткіліксіздігімен және агробизнестің мемлекеттік субсидияларға тәуелділігімен тежелуі байқалады. Мақаланың мақсаты — Қазақстанның мал шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы кооперациясының қазіргі жай-күйі мен тиімділігіне кешенді бағалау жүргізу, оның дамуындағы негізгі кедергілерді анықтау және мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін кооперативтік шаруашылық нысандарының өнімділігін арттырудағы цифрлық технологиялардың рөлін негіздеу болып табылады. Кооперацияның ұйымдастырушылық және экономикалық артықшылықтары (ресурстарды бірлесе пайдалану, шығындарды азайту, өткізу мүмкіндіктерін кеңейту) мен аграрлық секторды цифрландыру әлеуеті қарастырылды. Цифрлық технологиялар мен платформаларды (электрондық микронесиелеу жүйелері, жер мониторингі, маркетплейстер) енгізу қаржыландыруға, білім мен нарықтарға қолжетімділікті жеңілдету арқылы кооперативтердің тиімділігін арттыратыны көрсетілді. Қазақстандағы мал шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы кооперациясын нығайту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, фермерлерге кооперация негіздерін үйрету, ауылдық жерлерде цифрлық инфрақұрылымды дамыту және тұрақты әрі инновациялық тәжірибелерді енгізуді ынталандыру жөнінде ұсыныстар жасалады.

292-299 113
Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына қол жеткізуде қаржылық қолдау мен инвестициялардың рөлі қарастырылады. Мақаланың мақсаты - 2000–2023 жылдар аралығындағы Қазақстанның инвестициялық процестері мен қаржылық инфрақұрылымының динамикасына кешенді талдау жасау негізінде құрылымдық теңгерімсіздіктер мен өнімділік өсімін тежейтін факторларды анықтау, сондай-ақ елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін аграрлық секторға, инновацияларға және «жасыл» қаржыға инвестиция салудың стратегиялық бағыттарын негіздеу болып табылады. Статистикалық деректер мен саяси құжаттарды пайдалана отырып, 2000-2023 жылдар аралығындағы үрдістердің сипаттамалық және салыстырмалы талдауы жүргізілді, бұл инвестициялардың өндіруші сектордың пайдасына құрылымдық теңгерімсіздігін анықтады. Жүргізілген факторлық талдау өнімділікке әсер ететін негізгі ішкі және сыртқы факторларды айқындады, олардың қатарына қаржылық инфрақұрылым, технологиялық жаңғырту, адами капитал және мемлекеттік басқару сапасы кіреді. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың тиімсіздігіне және коммерциялық банктердің ұзақ мерзімді несиелеуге шектеулі қатысуына ерекше назар аударылды. Зерттеу нәтижелері инвестициялық саясаттың жеткіліксіз үйлестірілуі, негізгі қорлардың тозуының жоғары деңгейі және институционалдық қолдаудың әлсіздігі өнімділіктің өсуін тежеп, тұрақты дамуды баяулататынын көрсетті. Автор мақсатты инвестициялар ауыл шаруашылығына, инновацияға және «жасыл» қаржыландыруға бағытталса, сондай-ақ институционалдық негіздер нығайтылса, сыртқы күйзелістерді жұмсартуға, өнімділікті арттыруға және Қазақстан экономикасының теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге болатынын алға тартады.

300-310 118
Аңдатпа

Акциялардың құбылмалылығы инвестициялық тәуекелдің маңызды көрсеткіші болып табылады және ықтимал бағалық ауытқуларды сипаттайды. Құбылмалылықтың жоғары болуы ірі пайда алу немесе айтарлықтай шығынға ұшырау ықтималдығының артуын білдіреді. Инвесторлар бұл көрсеткішті сауда мүмкіндіктерін анықтау және өз активтерін тәуекелге төзімділік деңгейімен сәйкестендіру үшін қолданады. Сондықтан құбылмалылық саналы шешім қабылдау, туынды құралдарды бағалау және инвестициялық портфель қалыптастыруда аса маңызды. Мақаланың мақсаты - Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы акциялардың құбылмалылығын болжау және бағалау. Мақалада ғылыми ақпаратқа жүйелі талдау жүргізіліп, қорытындыланып, шетелдік ғалымдардың әдістемелерін зерделеу негізінде ағымдағы дисперсия өзгергіштігінің алдыңғы көрсеткіштер мен дисперсия бағаларына тәуелділігін ескеретін жалпыланған авторегрессиялық шартты гетероскедастикалық модель (GARCH) секілді зерттеу әдіснамасыны қолданылды. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы акциялардың тәуекел деңгейін қолданыстағы теориялар мен эмпирикалық зерттеулерді шолу арқылы бағалау әрекеті жасалды. Зерттеу нәтижелері. HSBK, KZTK және KZTO акцияларының тәуекелдерін салыстыру инвестордың әрбір акцияның тәуекеліне ерекше көңіл бөлуі қажет екенін көрсетті. Ол үшін күнделікті бағалық ауытқулардың таралуын және жоғары әрі төмен құбылмалылық кезеңдерін анықтау қажет. GARCH моделінің нәтижелері KZTK акцияларының басқа акцияларға қарағанда тәуекелі жоғары екенін айқындады. Эмпирикалық зерттеулер бұл қаржы құралдарының жоғары және төмен құбылмалылық кезеңдерінің үздіксіз алмасып отыратынын көрсетті. Сонымен қатар төмен құбылмалылық кезеңдерінде тәуекел деңгейі бұрынғы жоғары құбылмалылық жағдайларына сүйене отырып артық бағалануы мүмкін.

311-319 112
Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік жоспарлау жүйесі, оның принциптері мен негізгі қатысушылары қарастырылады. Индикативті жоспарлауға ерекше назар аударылады, ол өзінің ұсынымдық сипатына қарамастан, күш-жігерді үйлестірудің және ұлттық мақсаттарға жетудің тиімді құралы болып табылады. Мақаланың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы индикативтік стратегиялық бағдарламалар мониторингінің ағымдағы процесін талдау, бағалау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Мақсатқа жету үшін зерттеуде келесі ғылыми әдістер қолданылды: мемлекеттік жоспарлауды күрделі жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін жүйелік талдау; бағдарламаны іске асырудағы негізгі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік беретін тәжірибелік-бағдарланған талдау; иерархиялық бақылау процесі егжей-тегжейлі ұсынылған сипаттамалық әдіс; синтез әдісі, оның негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды. Авторлар даму сапасы, ресурстарды бөлу және үйлестіру дәрежесі сияқты мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне әсер ететін факторларды қарастырады. 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мысалында мақалада әртүрлі мемлекеттік ведомстволардың ынтымақтастығын көздейтін көп сатылы мониторинг процесі егжей-тегжейлі сипатталған. Теңгерімсіз мақсаттар мен үйлестірудің жеткіліксіздігі сияқты анықталған мәселелерге сүйене отырып, процестерді цифрландыруды, үлкен деректерді талдауды және жасанды интеллектті пайдалануды қоса алғанда, жақсарту шаралары ұсынылады. Осы ұсыныстарды іске асыру мониторингті тиімдірек және ашық етуге мүмкіндік береді, бұл ақыр соңында, қабылданатын басқару шешімдерінің сапасын арттырады.

320-329 125
Аңдатпа

Мақалада цифрлық көшпенділердің экономикалық әсері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - цифрлық көшпенділердің қабылдаушы аймақтардың жергілікті экономикасына тигізетін оң және теріс ықпалын анықтау болды.

Зерттеудің әдіснамалық негізіне сандық және сапалық мәліметтердің аралас талдауы, сондай-ақ цифрлық көшпенділердің арасында танымал бағыттар - Индонезия, Португалия, Мексика, Таиланд және Эстонияның тәжірибелерін зерделеу кірді. Негізгі көрсеткіштер ретінде жұмыспен қамту, бағаның өзгеру деңгейі, инфрақұрылымдық жағдайлар мен шағын және орта бизнестің серпіні қарастырылды.

Зерттеу нәтижелері цифрлық көшпенділердің жергілікті экономикалық өсудің маңызды факторы екендігін көрсетті. Олар жалдамалы тұрғын үй, қоғамдық тамақтандыру, коворкинг және соған байланысты қызмет көрсету салаларында табыстың артуына ықпал етіп, кәсіпкерлікті дамытуға және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға ынталандырады. Цифрлық көшпенділердің келеңсіз әсерлерінің қатарына жылжымайтын мүлік пен жалға алу бағасының өсуі, көлік пен коммуналдық қызметтерге қосымша жүктеме, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен шетелдік мамандар арасындағы әлеуметтік жіктелудің күшеюі енгізілді.

Талдау негізінде цифрлық көшпенділерді тарту және реттеу бойынша теңгерімді саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасалды. Мұндай саясат әлеуметтік тәуекелдерді барынша азайтып, аймақтың экономикалық пайдасын арттыруға септігін тигізеді.

330-340 104
Аңдатпа

Қаржылық-экономикалық қысымның күшеюі және кәсіпкерлік ортаның тұрақсыздығы жағдайында экономикалық қауіпсіздікті және кәсіпкерлік ортаның тұрақсыздығын қамтамасыз ету мәселесі, кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзекті болуда. Бұл мәселелер қызметі жоғары тәуекелдермен, ұзақ инвестициялық циклдармен және сыртқы экономикалық ауытқуларға айтарлықтай әсер етумен байланысты құрылыс секторының субъектілері үшін ең маңызды болып табылады.

Мақаланың мақсаты — құрылыс секторының жоғары тұрақсыздығы жағдайында қауіп-қатерлердің алдын алу тетіктерін қалыптастырудағы инновациялық есеп объектілерінің (адами капитал, киберқауіптер, экологиялық және репутациялық тәуекелдер) рөлін ашу және оларды қосу арқылы құрылыс компанияларының экономикалық қауіпсіздігін есептік-талдамалық қамтамасыз етуді кеңейту қажеттілігін негіздеу болып табылады. Мақалада құрылыс компанияларының экономикалық қауіпсіздігінің жалпылама анықтамасы берілген, оның мақсаттары мен міндеттері кәсіпорынды басқаруға жүйелік көзқарас тұрғысынан тұжырымдалған. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздік жүйесіндегі бухгалтерлік және аналитикалық ақпараттың рөліне және оның функционалдық мақсатына ерекше назар аударылады. Құрылыс кәсіпорындарының тұрақтылығына айтарлықтай әсер ететін адами капитал, киберқауіптер, экологиялық және беделділік тәуекелдер, инновациялық әлеует сияқты есепке алудың жаңа объектілерін қосу арқылы бухгалтерлік және аналитикалық ақпараттың құрамын кеңейту қажеттілігі негізделеді. Экономикалық қауіпсіздік қатерлерінің алдын алу және оларға әрекет ету тетіктерін әзірлеу және енгізу процесіндегі инновациялық есеп объектілерінің рөлі зерттеледі. Дәстүрлі және заманауи бухгалтерлік категорияларға салыстырмалы талдау жүргізіліп, соңғыларының құрылыс компанияларының экономикалық тұрақтылығына әсер ету дәрежесі қарастырылады. Зерттеу құрылыс компанияларының экономикалық қауіпсіздігі жағдайында жаңа элементтерді есепке алу қажеттілігін түсінуді тереңдетуге бағытталған.

341-352 100
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты – білімге бағытталған көшбасшылық, білімді басқару қабілеті, білім беру мекемелерінің әлеуметтік жауапкершілігі мен әлеуметтік кәсіпкерлік арасындағы өзара байланысты Қостанай облысының колледждеріндегі білім беру мекемелері контекстінде зерттеу. Жұмыстың өзектілігі білім беру саласындағы көшбасшылықтың әлеуметтік бағыттағы қызметтің дамуына ықпал ететін тетіктерін түсіну қажеттілігімен негізделген. Зерттеуде сандық дедуктивті тәсіл қолданылды. Гипотезаларды тексеру және айнымалылар арасындағы көпөлшемді өзара байланыстарды талдау үшін білім беру мекемелерінің оқытушыларынан жиналған деректер негізінде ең кіші квадраттар әдісімен құрылымдық модельдеу (PLS-SEM) қолданылды. Нәтижелер білімге бағытталған көшбасшылық білімді басқару қабілетіне және әлеуметтік жауапкершілікке, сондай-ақ ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлігіне оң әсер ететінін растайды. Білімді басқару қабілеті мен білім беру мекемелерінің әлеуметтік жауапкершілігі әлеуметтік кәсіпкерліктің маңызды предикаторлары болып табылатыны анықталды, бұл олардың әлеуметтік бағыттағы көзқарасты қалыптастырудағы негізгі рөлін растайды. Медиацияны талдау білімді басқару қабілеті мен әлеуметтік жауапкершіліктің көшбасшылық пен әлеуметтік кәсіпкерлік арасындағы делдалдық тетіктер ретінде әрекет ететінін көрсетті. Бұл қорытындылар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ұмтылатын білім беру мекемелерінің басшылары үшін ұсыныстар бере отырып, теориялық және практикалық маңызға ие.

353-363 141
Аңдатпа

Мақалада Семей ядролық сынақ полигонының базасында қалыптасатын ядролық туризмнің экономикалық әлеуеті жаңа, әлі толық зерттелмеген туризм түрі ретінде қарастырылады. Зерттеу ядролық туризмге деген сұранысты кешенді бағалауды және оның экономикалық тиімділігін Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының көрсеткіштері, ҚР Ұлттық ядролық орталығының деректері, «Маяк» қонақүйі мен жеке гидтердің мәліметтері негізінде табыстылықты есептеу арқылы айқындайды. Зерттеуде статистикалық, сипаттамалық, сандық және сапалық талдау, далалық зерттеулер, сараптамалық сұхбаттар мен социологиялық сауалнамалар қолданылды. 2022 жылдан 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына дейінгі кезеңде ядролық туризмнің тұрақты сұранысқа және айтарлықтай шартты табысқа ие екені, сонымен бірге инфрақұрылымдық шектеулердің (қонақүй қорының ескіруі, СИП музейінің болмауы) және бейресми ұсыныстар үлесінің жоғары екені көрсетілді. Қазақстан мен Ресей респонденттерін сауалнама нәтижелері СИП-ке баруға және ядролық туризмге деген жоғары қызығушылықты дәлелдейді. Туристік нысандар тізілімін, жаңа қонақүй қуаттарын, СИП музейін құру және ядролық туризмді нормативтік реттеу бойынша ұсыныстар әзірленді. Авторлар қауіпсіздік талаптарын сақтау, инвестициялар тарту және туристік инфрақұрылым мен өңірлік маркетингті дамытудың ойластырылған мемлекеттік стратегиясы жағдайында СИП ядролық туризмнің елеулі әлеуетіне ие деген қорытынды жасайды.

364-374 91
Аңдатпа

Шағын және орта кәсіпкерлік – ұлттық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі ретінде елдің инновациялық дамуына ықпал етіп, нарықты қажетті тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етеді, сондайақ экономикалық жүйенің икемділігі мен тұрақтылығын арттырады. Шағын және орта бизнесті (ШОБ) қаржылық қолдау оның тұрақты дамуының негізгі шарты болып табылады Бұл қолдау айналым капиталына, инвестицияларға және инновацияларға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға, ЖІӨ өсуіне, экономиканың әртараптануына және экспорт потенциалын арттыруға ықпал етеді. Мақалада елімізде кәсіпкерлік саланың ахуалы мен белсенділігі, сондай-ақ, ШОБ-тың ел экономикасындағы орны мен үлесі қарастырылған. Мақаланың мақсаты — Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік (ШОБ) субъектілерін қаржылық қолдау бағдарламаларының тиімділігіне статистикалық талдау жасау, қаржыландыру тетіктерін зерттеу және кәсіпкерлердің қаржылық құралдарға қолжетімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Қазақстан Республикасындағы өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ субъектілеріне бағытталған қаржылық қолдау бағдарламаларының мазмұны мен жүзеге асу тетіктері қаралып, олардың нәтижелері статистикалық тұрғыдан бағаланды. Әр бағдарламаның ерекшеліктері мен артықшылықтарына салыстырмалы түрде талдау жасалынды. ШОБ субъектілерін қаржыландыруда екінші деңгейлі банктердің белсенділігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатынан өндеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдараламаның жұмыс істеу тетігі мен нәтижелері зерттелген. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қаржылық құралдаға қолжетімділік мәселелеріне анықталып, оларды шешу бойынша ұсыныстар берілген.

375-386 102
Аңдатпа

Мақала Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті (МЖӘ) іске асыру тетіктерін зерттеуге арналған. Білім беру жүйесін жаңғырту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігі жағдайында МЖӘ жеке инвестицияларды тартудың, инфрақұрылымды дамытудың және кадрларды даярлау сапасын арттырудың тиімді құралы ретінде қарастырылады. Жұмыста инфрақұрылымдық объектілердің бірлескен құрылысын, индустриялық кафедраларды, дуальды оқытуды, зерттеу орталықтарын және стипендиялық бағдарламаларды қоса алғанда, ЖОО мен бизнестің өзара іс-қимылының негізгі модельдері талданды.

2019-2024 жылдардағы статистикалық деректер негізінде түлектердің жұмысқа орналасу деңгейіне МЖӘ негізгі факторларының әсерін корреляциялық-регрессиялық талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері МЖӘ дамуы мен жас мамандардың жұмыспен қамтылуының өсуі арасындағы жоғары деңгейдегі оң байланыстың бар екендігін көрсетті. Жұмыста әріптестік жобалардың тиімділігін бағалау индикаторлары және білім берудегі МЖӘ ұлттық индексінің тұжырымдамасы ұсынылды. Одан әрі дамытудың перспективалық бағыттары ұсынылған: дуальды оқытуды масштабтау, цифрландыру, жобаларды өңірлік кеңейту және KPI әзірлеу. Зерттеу мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары мен инвесторлар үшін қолданбалы маңызға ие.

387-400 123
Аңдатпа

Мақала әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды іске асыруда мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру құралы ретінде жобаларды басқарудың қазіргі тәжірибесін зерттеуге арналған. Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік секторындағы қазіргі жобаларды басқару жүйесіне кешенді талдау жүргізу. Зерттеуде халықаралық тәжірибені бағалау үшін салыстырмалы талдау әдісі мен кейс-стади талдауы, отандық тәжірибеде жобалық қызметті реттейтін заңнаманы зерделеу үшін мазмұнды талдау және мемлекеттік органдардағы жобаларды басқарудың күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOТ талдауы қолданылды. Мақалада негізгі назар нормативтік-құқықтық актілерді талдауға, мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық тәсілді іске асырудың институционалдық және ұйымдастырушылық аспектілеріне бағытталған. Жүргізілген талдау негізінде кадрларды жеткіліксіз даярлауды, цифрлық құралдардың шектелуін және ведомстволар арасындағы үйлестіруді қоса алғанда, жобалық басқаруды енгізудің түйінді проблемалары айқындалды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, қолданыстағы жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсынылды: жобалық кеңселерді дамыту, бірыңғай стандарттарды енгізу, процестердің ашықтығы мен цифрландырылуын арттыру. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның мемлекеттік секторында жобаларды басқарудың жұмыс істеп тұрған моделін жақсарту және жобалық менеджменттің халықаралық стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер жобалық басқару саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

401-411 257
Аңдатпа

Сыбайлас жемқорлық жаһандық ауқымда әлеуметтік-экономикалық дамуға кедергі келтіретін негізгі мәселелердің бірі болып қала береді. Оның салдары күрделі әрі көпқырлы: мемлекеттік институттардың әлсіреуіне, халықтың билікке деген сенімінің төмендеуіне, ресурстарды әділетсіз бөлуге және әлеуметтік теңсіздіктің күшеюіне әкеледі. Бұл құбылыс жеке адамның өмір сүру сапасына ғана емес, сондай-ақ ел дамуының жалпы бағытына да теріс әсер етеді.

Сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық салдары әртүрлі деңгейде көрініс табады. Микродеңгейде ол кедейліктің артуына, теңсіздіктің тереңдеуіне, денсаулық сақтау мен білім беру сияқты негізгі қоғамдық қызметтердің сапасының төмендеуіне ықпал етеді. Макродеңгейде ол елдің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, инвестиция көлемін қысқартады, инновацияны тежейді және мемлекеттік қаражатты тиімсіз пайдалануға себеп болады.

Осы зерттеуде сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен экономикаға әсері жан-жақты қарастырылып, ерекше назар Қазақстан Республикасына аударылған. Жүргізіліп жатқан реформалар мен жаңғырту шараларына қарамастан, сыбайлас жемқорлық институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқару сапасын арттыруға және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге елеулі кедергі келтіріп отыр. Кеңестік әкімшілік жүйенің мұрасы мен нарықтық экономикаға көшу үдерісінің күрделілігі жемқорлыққа бейім құрылымдық жағдайларды қалыптастырды. Бұл мәселе посткеңестік кеңістіктегі елдерге тән, бірақ Қазақстанда айқын байқалады.

Қазақстан жағдайында сыбайлас жемқорлық инфрақұрылымның дамуын тежейді, мемлекеттік қызметтердің сапасын төмендетеді және әлеуметтік жіктелуді күшейтеді. Соның салдарынан халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі әлсіреп, елдің ұзақ мерзімді даму перспективалары шектеледі. Бұл зерттеудің мақсаты Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық салдарын талдау, оның тұрақты сипат алу себептерін анықтау және оның ұлттық даму барысына әсерін бағалау. Алынған нәтижелер тиімдірек және ашық мемлекеттік басқару жүйесін құруға бағытталған болашақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді әзірлеуге негіз бола алады.

412-423 301
Аңдатпа

Интеграцияланған маркетингтік коммуникациялар (ИМК) – брендтің түрлі жарнамалық арналары бойынша бірізділігін қамтамасыз ететін негізгі стратегиялық тәсілге айналды. Соңғы жиырма жылда ИМК маркетинг құралдарының тактикалық үйлесімінен бренд құнын дамытуды көздейтін кешенді жүйеге айналды. Бренд капиталының негізгі құрамдас бөліктерінің ішінде брендке адалдық ерекше назарға ие, себебі ол тұтынушының тұрақты таңдауы мен компанияның ұзақ мерзімді табысына тікелей әсер етеді. Алайда, ИМК мен брендке адалдық арасындағы байланыс туралы академиялық пікірталас әлі де жүйеленбеген және ИМК-ның тұтынушылар адалдығын қалыптастыруға нақты қалай ықпал ететіні толық түсіндірілмеген. Осы олқылықты толтыру үшін бұл зерттеу Scopus дерекқоры негізінде 2005–2024 жылдар аралығындағы 20 жылдық ғылыми еңбектерге библиометриялық талдау жүргізеді. Талдау барысында негізгі үрдістер, беделді авторлар, тақырыптық кластерлер мен ғылыми желілер анықталды, олар ИМК мен брендке адалдық тақырыбының дамуына ықпал етіп келеді. Зерттеу нәтижелері ИМК мен бренд капиталы арасындағы байланыс тереңдеп келе жатқанын, әсіресе цифрлық интеграция, хабарламалар бірізділігі, тұтынушылармен өзара әрекеттесу және стратегиялық брендинг арқылы көрініс табатынын көрсетеді. Бұл зерттеу ИМК мен брендке адалдық саласының құрылымдық картасын ұсынып, ИМК стратегияларын жетілдіруге ұмтылатын ғалымдар мен практиктер үшін маңызды мәліметтер береді.

424-432 143
Аңдатпа

Мұнай-газ саласында жобаларды басқару тәсілдерінің трансформациясы цифрландыру және жаһандық тұрақты энергетикаға көшу жағдайында барған сайын маңызды болып отыр. Бұл мақалада Қазақстанның мұнайгаз секторындағы ІТ-жобаларды басқаруда Agile және Waterfall әдіснамаларының рөлі қарастырылады.

Мақаланың мақсаты-Қазақстанның мұнай-газ секторының IT-жобаларын басқаруда Agile және Waterfall әдіснамаларының қолданылуын талдау, олардың цифрландыру жағдайындағы артықшылықтары мен шектеулерін анықтау және жобаларды басқарудың бейімделген гибридті модельдерін енгізудің орындылығын негіздеу. Зерттеу кешенді әдеби шолуға негізделген, ол екі әдіснаманың теориялық негіздерін, практикалық қолданылуын, шектеулерін және жергілікті контексте интеграциялау әлеуетін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу әдістемесі контент-талдау, салыстырмалы бағалау және халықаралық пен қазақстандық дереккөздерді синтездеуге негізделген, бұл жаһандық үздік тәжірибелерді және өңірлік ерекшеліктерді теңгерімді қарастыруға жағдай жасайды. Нәтижелер Agile әдіснамалары икемділікті, итеративті құндылық жеткізуді және ынтымақтастықты күшейтетінін, ал Waterfall — сәйкестікке, болжамдылыққа және есеп берушілікке кепілдік беретінін көрсетеді. Қазақстанда реттеуші және ұйымдастырушылық дәстүрлерге байланысты Waterfall басымдыққа ие болғанына қарамастан, біртіндеп енгізілетін гибридті модельдер жобалардың нәтижелілігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Мақалада бейімделген гибридті құрылым Қазақстанның энергетикалық секторындағы цифрлық трансформацияны қолдауда және халықаралық әрі ұлттық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқара алады деген тұжырым жасалады.

433-444 94
Аңдатпа

Мақалада аймақты дамытудың инновациялық факторы ретіндегі әлеуметтік кәсіпкерліктің рөлі қарастырылады. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуы маңызды әлеуметтік мәселелерді шешудің нарықтық тетігін көрсететінімен айқындалса, халықтың әртүрлі топтарының өмір сүру сапасының теңсіздігі, жұмыссыздық, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерді жеткіліксіз өндіру, әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуының тежелуі және оның күрделілігі, заманауи жағдайға байланысты орын алған өзектілігі осы мәселелердің айқын көрінісі болып табылады. Аталған мәселенің шешімі елімізде әлеуметтік кәсіпкерліктің белсенді дамуын қажет етеді. Өйткені, аталған кәсіпкерліктің дамуы тиімді сұраныстың шекарасын кеңейту арқылы халықтың әлсіз қорғалатын әлеуметтік топтарын бизнеске тартуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар, жаңа экономикалық инновациялық инфрақұрылым нысандарын құруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік саладағы инновациялық үрдістердің белсенділігін арттыру, өз кезегінде, әлеуметтік кәсіпкерлердің өзгеріс агенттері бола отырып, қоғамның әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз етеді және олар әлеуметтік тепе-теңдікті орнатуға мүмкіндік беретіні белгілі. Әлеуметтік кәсіпкерлердің инновациялар қызметтерін жүзеге асыруда бастамашысы ретіндегі мемлекеттің рөлі айқындалса, осыған байланысты, қоғамда халық үшін қолайлы әлеуметтік атмосфераны құруға негізделген заңнамалық тұрғыдағы қолдау ретінде табылған нормативтіқұқықтық актілер аталған мақалада қарастырылады.

Мақаланың негізгі мақсаты - аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде әлеуметтік кәсіпкерліктің рөлін ғылыми талдау, оны аймақтық деңгейде инновациялық даму факторы ретінде айқындау және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді тетіктерін жобалар негізінде ұсыну. Сонымен бірге, әлеуметтік кәсіпкерлік шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларға тоқталып, осы жобаларды қолдау әлеуметтік кәсіпкерліктің белсенділігін ынталандыратыны, оның іскерлік құндылығын арттырып, оң әлеуметтік әсер беретін басымдылықтары да айқындалады. Осы орайда, АҚШ-тағы әлеуметтік инновацияларды енгізу мысалдарының тәжірибелік нәтижелеріне зерттеу жасалады. Біздің елімізде де әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау шаралары жүзеге асырылуда екені белгілі болса, оның мысалы ретінде Атырау облысы бойынша жүзеге асырылып отырған «Жарқыра» әлеуметтік жобасы аталған мақалада қарастырылады және оның аймақ экономикасын дамыту кезіндегі инновациялық рөлі анықталады.

445-459 94
Аңдатпа

Теміржол көлігі әлемдік көлік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және жүк тасымалдау саласында ерекше орын алады. Шетелдік тәжірибеде теміржол жүк тасымалын ұйымдастырудың тиімділігі жоғары технологиялық шешімдерге, цифрландырылған логистикалық процестерге негізделген. Бұл зерттеуде әртүрлі елдердегі теміржол жүк тасымалы қызметін ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері қарастырылады, атап айтқанда АҚШ, ЕуроОдақ елдері, Қытай және Әзербайжан сынды жетекші көлік державаларының тәжірибесі талданады. Аталған елдерде теміржол инфрақұрылымын басқару, жүк ағындарын үйлестіру, тарифтік саясат және мультимодальды тасымалды интеграциялау секілді факторларға ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, цифрлық платформалар арқылы жүк тасымалын жоспарлау, нақты уақыттағы бақылау жүйелері және автоматтандырылған басқару құралдарының рөлі ашылады. Бұл ерекшеліктерді зерделеу Қазақстандағы теміржол жүк тасымалы жүйесін жетілдіру бағытында тиімді ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты – шетел мемлекеттеріндегі теміржол көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыру жүйесінің ерекшеліктерін анықтау және олардың тиімді тәжірибесін Қазақстан теміржол саласына бейімдеу мүмкіндіктерін талдау мен әртүрлі елдердегі теміржол жүк тасымалының ұйымдастырушылық модельдерін, тарифтік және технологиялық ерекшеліктерін, құқықтық-регуляторлық ортаны және операциялық практикаларды салыстырып, Қазақстанға (ағымдағы жағдайға) қолдану болып табылады. Шетелдік тәжірибені талдау нәтижесінде Қазақстанның теміржол көлігімен жүк тасымалдау жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу қажеттілігі айқындалды. Цифрлық логистика мен автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу ұлттық көлік саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.Зерттеу нәтижелері шетелдік тәжірибені ұлттық көлік саласына бейімдеу арқылы тасымал үдерісінің тиімділігін арттыруға негіз бола алады.

ҚҰҚЫҚ

460-474 107
Аңдатпа

НАТО-ның әскери емес стратегиялары тікелей әскери араласусыз қауіпсіздік мәселелерін шешудің әртүрлі тәсілдерін қамтиды. Бұл стратегиялар бейтарап мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайтуға және оларды қауіпсіздікті тұтынушылардан жеткізушілерге айналдыруға, аймақтық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Әскери және әскери емес күштерді гибридті қауіптерге қарсы біріктіру де өте маңызды, бұл саяси, экономикалық және әлеуметтік аспектілерді қамтитын кешенді тәсілдің қажеттілігін көрсетеді. Осы тұрғыда 2010 және 2022 жылдары НАТО енгізген Стратегиялық Тұжырымдамаларда терроризм, киберқауіптер және энергетикалық қауіпсіздік сияқты сын-қатерлермен күресудің әртүрлі әскери емес тәсілдері көрсетілген. Бұл ауысым дәстүрлі әскери әдістемелерден асып түсетін неғұрлым жан-жақты стратегияның қажеттілігін көрсетеді. Ол қазіргі заманғы қауіпсіздік мәселелерін шешуде альянс шеңберіндегі әскери емес тактиканың өсіп келе жатқан маңыздылығын мойындайды. НАТО-ның серпінді және дамып келе жатқан стратегиясы заманауи қауіпсіздік қатерлерін тиімді шешу үшін басқаруға, саяси келісімге және технологиялық жетістіктерге басымдық беретін әртүрлі әскери емес тактикаларды біріктіреді. Тек "жоғарыдан төменге" директиваларына сүйенудің орнына, "төменнен жоғарыға" стратегиялары арқылы заңды шешім қабылдау процестеріне төменгі деңгейді қамтитын тәсілдерге баса назар аударылады. Бұл инклюзивті әдістеме нато-ның қақтығыстарды азайтуға және тұрақты басқару шеңберін құруға бағытталған әскери емес шараларды қамтитын стратегиялық тәсілдерінен айқын көрінеді. Дәстүрлі әскери шектеулерден басқа, НАТО аймақтық тұрақтылыққа, қауіпсіздікке және энергетикалық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді кешенді түрде шешуге бағытталған негізгі дипломатиялық, саяси, экономикалық және технологиялық бастамаларды белсенді түрде қолдайды. Мақаланың мақсаты - 2010 және 2022 жылдардағы стратегиялық тұжырымдамаларды салыстырмалы талдау негізінде НАТО-ның әскери емес стратегияларының эволюциясын зерттеу, сондай-ақ гибридті қауіптерге, терроризмге және энергетикалық қауіпсіздік сын-қатерлеріне қарсы ісқимылда кешенді тәсілдің («төменнен жоғары») тиімділігін анықтау болып табылады.

475-486 108
Аңдатпа

Мақалада көшпелі қазақ қоғамындағы ауызша сөйлеу өнерінің компоненті ретіндегі сөз бостандығының дауларды шешу мен қоғамдық тәртіпті сақтау ісінде шешуші рөл атқарған құқықтық қызметі қарастырылады. Жазбаша заңнаманың болмау жағдайында ауызша дәстүр мен әдет-ғұрып нормалары құқықтық жүйенің негізін құрады. Бұл ретте сөз тек коммуникация құралы ғана емес, сонымен қатар заңдық тұрғыда танылған реттеуші функцияны да атқарған.

Шешендігімен әрі моральдық беделімен танылған билер институты (дәстүрлі судьялар) даулардың күшпен емес, сендіру, әділеттілік және тараптардың келісімі арқылы шешілгенін көрсетеді.

Сөз бостандығы қоғамдық жиындарда ашық талқылауларға, пікір теңдігіне және халықтың шешім қабылдауға қатысуына мүмкіндік берді. Сөз бостандығын қолдануда сөзге тоқтау қағидасының құқықтық маңызы дауды шешуде қаншалықты маңызды екендігі қарастырылған. Осы механизмнің қоғамдық өмірде жүзеге асуына ықпал етуші негізгі тұлғалар билер болған. Билердің дауды шешуде басшылыққа алған негізгі татуластыру, біріктіру мақсаттарына қол жеткізуде осы сөзге тоқтау қағидасының көмегі зор болды. Көшпелі қазақ қоғамындағы сөз құдыретінің сипатын сөз бостандығы арқылы осындай құқықтық қағидалардың көмегімен қамтамасыз етіліп отырғандығынан байқауға болады.

Зерттеуде тарихи деректер, құқықтық дәстүрлер мен ауызша тәжірибелер талдана отырып, сөз бостандығы қазақ қоғамында әрі мәдени, әрі құқықтық мәнге ие болғаны дәлелденеді. Сонымен қатар, бұл дәстүрлердің Қазақстанның қазіргі құқықтық болмысын қалыптастырудағы және рухани мұрасын сақтаудағы маңызы атап өтіледі. Мақаланың мақсаты - көшпелі қазақ қоғамындағы сөз бостандығының құқықтық және реттеушілік функцияларын ашу, билер институтын шешендік өнер арқылы дауларды сотқа дейін шешу механизмі ретінде талдау және қазақтың әдет-ғұрып құқығы жүйесіндегі «сөзге тоқтау» принципінің заңдық маңызын негіздеу болып табылады.

487-496 109
Аңдатпа

Қазіргі таңда әйел мен бала құқығын қорғау өткен шақтан қарағанда өзектілік пен маңыздылық сипатына аса ие болып, қоғамның барлық мүшелерімен ерекше зейін салып қарастыруды қажет етіп отыр. Авторлармен орындалған ғылыми мақала жұмысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелері болып табылатын, соның ішінде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстары туралы зерттеу мәселелері қарастырылып, соған орай сол мәселелер бойынша қолданылатын жаза мәселелері де көтерілген. Сонымен қатар аталған ғылыми зерттеу жұмысы нәтижелері әйелді, жүкті әйелді, есі кіресілі-шығасылы немесе психикалық ауытқуы бар адамдардың тәуелділігін пайдалана отырып қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту үрдісінде де тұлғалардың құқығына қол сұғушылықтан қорғайтын қылмыстық құқықтық заңнамадағы бұл ұғымдар да адам мен азаматтардың ажырамас конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған. Зерттеу мақаласының негізгі мақсаты әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алу шараларын анықтау және жетілдіру болып табылады. Зерттеу нәтижесінде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын жүзеге асырудағы қылмыскерлердің (құқық бұзушылардың) тұлғалық портреттері және виктимологиялық ескертулері зерттеліп, осы қылмыстардың құрбандарының сипаттамаларын ашу арқылы қылмыс жасаудың себептері мен жағдайлары, алдын алу (ескерту) бойынша ағымдағы шаралар кешені отандық және шет елдік тәжірибелер барысында айқындалды.

497-507 90
Аңдатпа

Мақалада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына (Стамбул конвенциясы) қатысқан бірқатар шет елдерде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері қарастырылады. Тұрмыстық зорлықзомбылық әлемнің барлық дерлік мемлекеттері үшін өзекті мәселе болып табылады және бұл ұлты, әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі, кәсіби қызметі және т.б. факторларға тәуелді емес. Осыған байланысты, әр елде айтылған мәселені шешу үшін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсуін тиімді төмендету жолында әртүрлі құқықтық және құқықтық емес ықпал ету жолдары бар. Мақаланың мақсаты - Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жаңғырту үшін Стамбул конвенциясының құрбандарды қорғау жөніндегі тиімді құралдарын бейімдеу болып табылады. Ұсынылған жұмыста Еуропа елдерінің қылмыстық заңнамалары, сондайақ күнделікті өмірде жасалған құқық бұзушылықтар үшін санкциялар зерттеледі. Қорғау ұйғарымы институты, қорғау ордерлерінің түрлері және оларды қолдану тәсілдері мұқият зерттелді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау ісінде заманауи технологияларды енгізудің тиімділігі атап өтілді. Сондай-ақ жәбірленушілерді оңалту тәсілдері және мемлекет пен қоғам тарапынан құқық бұзушыға ықпал ету жолымен отбасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын алдын алу шараларын қолдану қарастырылады. Жұмыста авторлар еуропалық елдердің нәтижелі тәжірибесі мысалында тұрмыстық зорлықзомбылықтың алдын алудың Қазақстандық жүйесі үшін кейбір шараларды ұсынады. Бұдан басқа, зорлықзомбылыққа неғұрлым тиімді қарсы тұру үшін әлеуметтік желілер мен өзге де бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы еліміздің халқын құқықтық ағартуды арттыру бойынша елеулі күш-жігер қажет екендігіне назар аударылады. Авторлар адам туралы толық түсінікке ие болу үшін болашақ серіктес туралы бірге өмір сүру үшін маңызды ақпаратты жинау құқығын заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынады. Бұл шара, авторлардың пікірінше, бірлескен некелік өмір барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарын болдырмауға мүмкіндік береді.

508-517 105
Аңдатпа

Мақала халықаралық құжаттар контекстінде адамның суға құқығын зерттеуге және оны Қазақстан Республикасында іске асыруға арналған. Автор адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1948), экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт (1966) және БҰҰ-ның 64/292 (2010) қарары сияқты негізгі халықаралық актілерді талдап, олардың су құқығын адамның негізгі құқығы ретінде бекітудегі маңыздылығын атап өтті. Су ресурстарының тапшылығын, су объектілерінің ластануын, тиімсіз басқару мен трансшекаралық дауларды қоса алғанда, Қазақстанда сумен қамтамасыз ету проблемаларына ерекше назар аударылды.

Мақаланың мақсаты — адамның суға деген құқығының халықаралық-құқықтық стандарттарына кешенді талдау жасау және олардың Қазақстан Республикасында іске асыру тетіктерін зерттеу, негізгі сын-қатерлерді (ресурстар тапшылығы, трансшекаралық даулар) анықтау және озық әлемдік тәжірибе негізінде су саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу болып табылады. Мақалада құқықтық базаны нығайту, көрші елдермен (Ресей, Қытай, Өзбекстан) халықаралық ынтымақтастықты дамыту, суды тазарту мен қайта пайдаланудың заманауи технологияларын енгізу, сондай-ақ суды үнемдеудің маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру сияқты жағдайды жақсарту шаралары ұсынылған. Автор сонымен қатар Финляндия мен Сингапур сияқты елдердің Су ресурстарын басқарудағы табысты тәжірибесін қарастырып, олардың Қазақстан үшін тиімді тәсілдерін бейімдеуді ұсынады.

Зерттеу нәтижелері құқықтық, технологиялық және білім беру шараларын қамтитын су мәселелерін шешуге кешенді көзқарастың қажеттілігін көрсетеді. Мақала экологиялық құқық, табиғи ресурстарды басқару саласындағы мамандарға, сондай-ақ су саясаты мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдарға пайдалы болуы мүмкін.

518-528 140
Аңдатпа

Мақаланы зерттеу барысында ТМД интеграциялық бірлестігінің азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыруға және құқықтық реттеу перспективаларына талдау қарастырылды. Мақаланың мақсаты - ТМД елдеріндегі зейнетақымен қамсыздандыру тетіктеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу, қарт адамдардың құқықтарын қорғаудағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының рөлін анықтау және демографиялық пен экономикалық сын-қатерлер жағдайында азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік емес зейнетақымен сақтандыру жүйелерін жетілдіру қажеттілігін негіздеу болып табылады. ТМД азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыруды реттеу жөніндегі негізгі құжаттар, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық екіжақты шарттары қарастырылған. Егде жастағы адамдар үшін кепілдендірілген кірісті қамтамасыз ету қазіргі заманғы қоғамның қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік қамсыздандыру мақсаттарының ішіндегі ең маңызды міндеті болып табылады. Адамның әлеуметтік қамсыздандыру құқығымен тығыз байланыстылығын көрсетіп отырған жоғарыдағы мақсаттың міндетіне жету үшін қарттарды осалдық қаупінен жүйелі түрде қорғауды қамтамасыз ететін, сенімді механизмдер қажет. Халықтың ішінарасы өзінің күш-жігеріне сүйене отырып қорғаныс механизміне қол жеткізеді, ол жеке жинақ шоттарына несесе жеке тұрғын үйге иелік етудің арқасында жүзеге асырылады, кейбір жағдайларда ұрпақтанұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасылық қолдау тетіктерін қолдану бар екені белгілі. Бірақ осы аталған қорғану тетіктеріне сүйенгенімен еңбекке қабілетті жаста да табыс көздеріне деген сенімсіздік басым болып тұрғанын көруге болады, әсіресе бұл жағдай дамушы елдерде жиі кездеседі. Атап айтқанда, тікелей құрылымдық байланыстың бейресми салдары көптеген елдердегі экономикалық даму проблемалары ретінде танылып, әлем халықтарының аз ғана бөлігі қартайған кезде өзін-өзі қамтамасыз ете алатыны белгілі. Демек, егде жастағы адамдарды әлеуметтік қорғау жүйелері маңызды рөл атқарады. Шет елдердің тәжірибесін диалектикалық тану және талдау әдісі зерттеу тақырыбын толық және анық ашуға, сондай-ақ Қазақстандағы мемлекеттік емес зейнетақы қорларын одан әрі жетілдіруді назарға алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, қартайған кездегі кепілдендірілген табыс әлемдік қоғамдастықтың тұрақты даму мақсаттары шеңберінде алға қойған мақсаттарына жетуде шешуші рөл атқарады және кедейліктің барлық нысандарында, соның ішінде 2030 жылға қарай кедейлікті жоюды қоса алғанда, барлық адамдарға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін негізгі міндеттемені орындауға ықпал етеді.

529-541 142
Аңдатпа

Мақала қазіргі құқықтық қатынастар жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудегі прокурорлық қадағалау институтының теориялық және тәжірибелік аспектілерін кешенді түрде талдауға бағытталған. Мақаланың мақсаты – цифрлық дәуір жағдайында прокурорлық қадағалау тетіктерін жетілдірудің ғылыми негіздерін айқындау және қылмыстық процестің тиімділігін арттыру бағытындағы ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Зерттеу барысында жалпы ғылыми және арнайы-құқықтық әдістер кешені пайдаланылды, оның ішінде жүйелік талдау, салыстырмалықұқықтық, тарихи-құқықтық, статистикалық және модельдеу әдістері қолданылды. Авторлық тұжырымдар мен қорытындылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасы мен Германия, Жапония, Қытай, Испания және АҚШ мемлекеттерінің құқықтық реттеу тәжірибесін жан-жақты ғылыми талдау нәтижесінде негізделіп әзірленді. Зерттеу нәтижесінде прокурорлық қадағалаудың ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудегі рөлі мен шекарасы нақтыланып, цифрлық дәлелдемелермен жұмыс істеудің «chain-of-custody» қағидатына негізделген халықаралық стандарттарын енгізу қажеттілігі дәлелденді. Криптовалюта және өзге де цифрлық активтерге қатысты KYC/AML талаптарын жетілдіру мен ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығы көрсетілді. Зерттеу нәтижелері құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіруге, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттармен үйлестіруге және ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудегі прокурорлық қадағалаудың жаңа форматын қалыптастыруға бағытталған.

542-559 99
Аңдатпа

Қазіргі халықаралық және ішкі қауіпсіздік ландшафтындағы трансформациялық өзгерістер периметрлік қауіпсіздік жүйелеріне қойылатын құқықтық талаптарды қайта қарау қажеттілігін туындатып отыр. Қазақстанда интеллектуалды бақылау технологияларының енгізілуіне қарамастан, бұл салада кешенді және жүйелендірілген құқықтық база әлі де қалыптаспаған. Бұл құқықтық регламенттеудің фрагменттелген сипатына, терминологиялық тұрғыдан нақтылықтың жоқтығына, өкілетті субъектілер арасындағы үйлесімділіктің әлсіздігіне және процессуалдық дәлелдеу тетіктерінің жеткіліксіздігіне алып келуде. Зерттеу мақсаты – Қазақстан Республикасындағы периметрлік қауіпсіздік саласын құқықтық тұрғыдан кешенді зерттеп, халықаралық тәжірибе негізінде тәуекелге негізделген категоризация моделі арқылы құқықтық реформалау жолдарын ұсыну. Зерттеу әдіснамасы формалды-заңдық, салыстырмалы құқықтық, статистикалық және контент-талдау әдістерін қамтиды. Эмпирикалық база ретінде құқық қорғау органдарының ресми статистикасы, сот актілері, ведомстволық нормативтік құжаттар мен пилоттық жобалар нәтижелері пайдаланылды. Нәтижелер Қазақстанда периметрлік қауіпсіздік құқықтың дербес институты ретінде қарастырылмайтынын, бақылау құралдарының дәлел ретінде заңды мәртебесі жоқ екенін және қауіп деңгейін саралау негізінде жіктеудің болмауын көрсетті. Осыған байланысты, көпдеңгейлі құқықтық модель әзірлеу, бейнебақылау және сенсорлық жүйелерден алынатын мәліметтерді процессуалдық дәлел ретінде заңдастыру, субъектілер арасындағы өкілеттіктерді нақтылау ұсынылады. Бұл зерттеу нәтижелері ұлттық заңнаманы жаңғыртуға, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге және технологиялық қауіпсіздік құралдарын құқықтық ортаға интеграциялауға бағытталған тиімді ұсыныстар ұсынады.

560-570 89
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасына зейнетақы активтерін инвестициялауды құқықтық реттеудің өзекті мәселелері мен даму перспективалары қарастырылады. Зейнетақы жүйесінің негізгі институттарының бірі – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) ел экономикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуде және ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Алайда, зейнетақы активтерін тиімді басқару мен олардың инвестициялық бағыттарын құқықтық тұрғыдан реттеу мәселелері әлі де өзекті болып отыр.

Зерттеудің мақсаты – зейнетақы активтерін инвестициялау саласындағы ұлттық заңнаманың қазіргі жағдайын талдап, құқықтық тетіктерді жетілдірудің бағыттарын айқындау. Мақалада зейнетақы активтерін орналастырудың құқықтық негіздері, инвестициялық портфельдің құрылымы, тәуекелдерді басқару жүйесі және БЖЗҚ қызметін реттейтін нормативтік актілерге талдау жасалады. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, зейнетақы активтерін ұлттық экономиканың басым секторларына бағыттау арқылы экономикалық өсімді ынталандырудың мүмкіндіктері қарастырылады.

Зерттеудің өзектілігі – зейнетақы жинақтарының көлемі жыл сайын ұлғайып отырған қазіргі жағдайда олардың тиімді инвестициялануы экономиканы әртараптандыру мен қаржы нарығын дамытуда шешуші факторға айналып отырғанында. Бұл тұрғыда құқықтық реттеу тетіктерінің айқын, ашық және тиімді болуы мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.

Мақала нәтижелері зейнетақы активтерін инвестициялаудың құқықтық базасын жетілдіруге, тәуекелдерді төмендету мен қаржылық ашықтықты арттыруға бағытталған ұсыныстарды қамтиды. Осылайша, зерттеу нәтижелері Қазақстанның зейнетақы жүйесін тұрақты дамыту мен ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді өсуіне үлес қосуға мүмкіндік береді.

571-580 151
Аңдатпа

Жетім жасөспірімдер, ерекшеліктері бар жасөспірімдер және отбасылық үлгідегі балалар үйінің жасөспірімдері сияқты ауыртпалы тағдыры бар жасөспірімдер көп жағдайда құқық бұзушылық мәселелеріне тап болады. Бұл олардың бейімделуін және қоғамға кіруін қиындатады. Сондай-ақ бұл мақалада қаралған тақырыпқа әсер ететін факторларды зерттеу жеке және әлеуметтік салдарларды анықтайды. Бұндай отбасында отбасылық қолдаудың болмауы, айналадағы ортаның қолайсыздығы және тағдыры қиын жасөспірімдерге бағытталған ресурстар мен бағдарламалардың қамтылуы осы санаттағы жастардың құқық бұзушылықтарына әсер ететін негізгі факторлар болады. Жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарын болдырмауды алдын алуға арналған ұтымды шараларға әлеуметтік қолдау, сапалы білім беру шараларына қол жеткізу, тұрғылықты жерді тауып беруге жәрдемдесу және олардың ата-аналары немесе қамқоршыларының жұмысқа орналасуы кіреді. Оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша мамандандырылған жоспарлар жасөспірімдерге қиындықтарды жеңуге және қоғамдағы тұрақты жағдайға қол жеткізуге көмектеседі. Балалардағы қылмыстық мәселелерін түсіну мен шешудің маңыздылығын айта отырып, бұл зерттеу жұмысы балалардың сәтті бейімделуі мен әл-ауқаты үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін қоғам мен мемлекеттің барлық қатысушыларының бірлескен күш-жігерінің қажеттілігіне назар аударады. Мақаланың мақсаты - тағдыры күрделі балалардың (жетімдер, ерекше білім беруді қажет ететін балалар) құқық бұзушылықтар жасауына ықпал ететін негізгі жеке және әлеуметтік факторларды анықтау, сондайақ оларды қоғамға сәтті интеграциялау үшін әлеуметтік оңалту мен алдын алудың кешенді шаралар жүйесін негіздеу болып табылады.



ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)