Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.42

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада көшпелі қазақ қоғамындағы ауызша сөйлеу өнерінің компоненті ретіндегі сөз бостандығының дауларды шешу мен қоғамдық тәртіпті сақтау ісінде шешуші рөл атқарған құқықтық қызметі қарастырылады. Жазбаша заңнаманың болмау жағдайында ауызша дәстүр мен әдет-ғұрып нормалары құқықтық жүйенің негізін құрады. Бұл ретте сөз тек коммуникация құралы ғана емес, сонымен қатар заңдық тұрғыда танылған реттеуші функцияны да атқарған.

Шешендігімен әрі моральдық беделімен танылған билер институты (дәстүрлі судьялар) даулардың күшпен емес, сендіру, әділеттілік және тараптардың келісімі арқылы шешілгенін көрсетеді.

Сөз бостандығы қоғамдық жиындарда ашық талқылауларға, пікір теңдігіне және халықтың шешім қабылдауға қатысуына мүмкіндік берді. Сөз бостандығын қолдануда сөзге тоқтау қағидасының құқықтық маңызы дауды шешуде қаншалықты маңызды екендігі қарастырылған. Осы механизмнің қоғамдық өмірде жүзеге асуына ықпал етуші негізгі тұлғалар билер болған. Билердің дауды шешуде басшылыққа алған негізгі татуластыру, біріктіру мақсаттарына қол жеткізуде осы сөзге тоқтау қағидасының көмегі зор болды. Көшпелі қазақ қоғамындағы сөз құдыретінің сипатын сөз бостандығы арқылы осындай құқықтық қағидалардың көмегімен қамтамасыз етіліп отырғандығынан байқауға болады.

Зерттеуде тарихи деректер, құқықтық дәстүрлер мен ауызша тәжірибелер талдана отырып, сөз бостандығы қазақ қоғамында әрі мәдени, әрі құқықтық мәнге ие болғаны дәлелденеді. Сонымен қатар, бұл дәстүрлердің Қазақстанның қазіргі құқықтық болмысын қалыптастырудағы және рухани мұрасын сақтаудағы маңызы атап өтіледі. Мақаланың мақсаты - көшпелі қазақ қоғамындағы сөз бостандығының құқықтық және реттеушілік функцияларын ашу, билер институтын шешендік өнер арқылы дауларды сотқа дейін шешу механизмі ретінде талдау және қазақтың әдет-ғұрып құқығы жүйесіндегі «сөзге тоқтау» принципінің заңдық маңызын негіздеу болып табылады.

Автор туралы

Р. Абилшеева
Есенов университеті
Қазақстан

Рысгул Абилшеева - негізгі автор, з.ғ.к., Құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры,

130000, Ақтау қ.



Әдебиет тізімі

1. Зиманов С.З. Қазақ құқығын бағалау тарихы туралы // Қазақтың ата заңдары: құжаттар, деректер, геодезист: - Алматы: Жеті Жарығы, 2004. - Т. 2. - Б. 7–14.

2. Кенжалиев З.Ж. Традиционная казахская народная культура. - Алматы: Джеты Жаргы, 1997. - 192 с.

3. Сартаев С.С. Қазақ би соты. - Алматы: Жеті жарығы, 2009. - Т. 10. - Б. 271–275.

4. Радлов В.В. Образы народной литературы тюркских племенов. Казахская наречья. - М.: Тип. Императорской академии наук, 1870. - Т. 3. - 289 с.

5. Адамбаев Б.А. Шешендік өнер. Mонографический очерк. – Алматы: Жазушы, 1969. – 140 с.

6. Сартаев С.С., Ибраева А.С. Правовая культура. Весник КазГУ. – 1997. – №3. – С. 74–80.

7. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. – Алматы: Білім, 2003. – 260 б.

8. Өзбекұлы С. Көшпелі қазақ өнеріндегі құқық. – Алматы: Мектеп, 2002. – 224 б.

9. Есхожин І. Шешендік сырлары. – Алматы: Қайнар, 1993. – 203 б. 10 Шпан А., Абілхан М. Ерменбет би. – Астана: Сарыорда, - 2003. – 304 б.

10. Төрегұл Н. Даланың дала дильмары. – Алматы: Қазақстан, 2001. – 592 б.

11. Зиманов С.З. Состоянии и задачи разработки проблемы обычного права казахов.– Алматы: Наука, 1989.– 140с.

12. Лаубаева А. Шешендік өнер және адамгершілік. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – Б. 357- 364.

13. UNESCO. Intangible Cultural Heritage Lists: Safeguarding Intangible Cultural Heritage. — Paris: United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization, 2023. — Access mode: Available at: — URL:https://ich.unesco.org/en/lists (accessed: 06.01.2025).

14. United Nations Department of Economic and Social Affairs (UN DESA). State of the World’s Indigenous Peoples: Rights to Lands, Territories and Resources. Volume V. — New York: United Nations, 2021. — 234 p. — ISBN 978-92-1- 130430-8. — Available at: — URL:https://www.un.org/development/desa/indigenouspeoples (accessed: 06.01.2025).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Абилшеева Р. КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;79(4):475-486. https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.42

For citation:


Abilsheyeva R. FREEDOM OF SPEECH IN NOMADIC KAZAKH SOCIETY AS A LEGAL INSTRUMENT FOR DISPUTE RESOLUTION. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;79(4):475-486. https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.42

Қараулар: 109

JATS XML


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)