Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОРТАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ НЕМІС ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ (ҚОСТАНАЙ, АҚМОЛА ЖӘНЕ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫ КОНТЕКСТІНДЕ)

https://doi.org/10.47649/vau.26.v81.i2.05

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мәжбүрлі көші-қон тарихы кеңестік ұлт саясаты мен этносаралық қатынастарды зерттеуде маңызды орын алады. Бұл саясаттың ең маңызды көріністерінің бірі сталиндік кезеңде жекелеген этностарды жаппай депортациялау болды. Солардың ішінде кеңестік немістер КСРО тарихындағы ең ауқымды мәжбүрлі қоныс аударулардың бірін бастан кешірді. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін, 1941 жылы Кеңес үкіметі этникалық немістерді сенімсіз халық ретінде қарастырып, Еділ бойы Неміс автономиялық кеңестік социалистік республикасын таратып, жүздеген мың немісті Қазақстанға, Сібірге және КСРО-ның басқа да шалғай аймақтарына күштеп көшірді. Солтүстік Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығына қолайлы жағдайлары мен еңбек ресурстарына деген сұранысына байланысты жер аударылған немістерді қабылдаған негізгі өңірлердің біріне айналды. Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына көптеген депортацияланған немістер қоныстандырылып, негізінен ауылдық жерлерде орналастырылды және ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісіне тартылды. Зерттеудің мақсаты – сталиндік ұлттық саясат кезеңінде кеңестік немістердің Солтүстік Қазақстанға мәжбүрлі депортациялануының ерекшеліктерін анықтап, талдау, олардың Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныс аударуының ауқымы мен негізгі бағыттарын айқындау, сондай-ақ депортацияның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ Қазақстанның полиэтносты қоғамының қалыптасуына тигізген тарихи салдарын ашып көрсету. Солтүстік Қазақстанға немістердің депортациялану тарихын зерттеу кеңестік этносаясаттың ерекшеліктерін, демографиялық өзгерістерді және мәжбүрлі көшіқонның ұзақ мерзімді салдарын түсіну үшін маңызды. Сонымен қатар, бұл зерттеу Қазақстанның көпэтносты қоғамының қалыптасу үдерісін түсіндіруге және жер аударылған халықтардың тарихи жадын сақтауға мүмкіндік береді.

Авторлар туралы

М. Ибрагимов
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университететі
Қазақстан

Мансур Ибрагимов - докторант, 

Қостанай қ.



С. Исмаилов
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университететі
Қазақстан

Серикжан Исмаилов - тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі,

Қостанай қ.



Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ибрагимов М., Исмаилов С. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕПОРТАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ НЕМІС ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ (ҚОСТАНАЙ, АҚМОЛА ЖӘНЕ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫ КОНТЕКСТІНДЕ). Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2026;81(2):63-72. https://doi.org/10.47649/vau.26.v81.i2.05

For citation:


Ibragimov M.A., Ismailov S.S. DEPORTATION POLICY IN NORTHERN KAZAKHSTAN AND THE FORMATION OF THE GERMAN DIASPORA (IN THE CONTEXT OF KOSTANAY, AKMOLA, AND NORTH KAZAKHSTAN REGIONS). Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2026;81(2):63-72. https://doi.org/10.47649/vau.26.v81.i2.05

Қараулар: 6

JATS XML


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)