Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

БАЯНАУЫЛ СЫРТҚЫ ОКРУГІ АҒА СҰЛТАНДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

https://doi.org/10.47649/vau.26.v80.i1.06

Толық мәтін:

Аңдатпа

Аталмыш мақалада 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғыға» сәйкес Орта жүз территориясында хандық билік жойылғаннан кейін алғашқы аға сұлтандардың билік тәжірибелері қарастырылған. Мақаланың мақсаты: "Сібір қырғыздары туралы Жарғы" негізінде хан билігі жойылғаннан кейінгі Орта жүз сұлтандарының билік тәжірибелерін талдау, басқару жүйесінің өзгеруін, Баянауыл сыртқы округінің қызметіндегі билердің рөлін анықтау және олардың Ресей империясының әкімшілік реформалары кезеңінде қазақ қоғамының мүдделерін қорғауға қосқан қоғамдық-саяси үлестерін бағалау. Жарғыда бекітілгендей лауазымды аға сұлтандар қызметіне ақсүйек тобына жататын төрелер сайланса, кейіннен патша әкімшілігі қарасүйек тобынан шыққан билерге үміт арта бастаған. Әсіресе, бұл үрдіс Орта жүз қазақтары руларын біріктірген Баянауыл сыртқы округінде жарқын көрініс тапқан еді. Зерттеу жұмысында Баянауыл сыртқы округін басқарушы шендердің, яғни Шоң би Едігеұлы, Шорман Күшіков, Қазанғап би Сатыбалдыұлы, Мұса Шорманов сияқты зиялы қауым өкілдерінің қоғамдық-саяси қызметі айқындалады. Мақаланың деректік негізін архивтік құжаттар, тарихи фольклор мен бұрын жарық көрген материалдар құрайды. Жарияланған материалдар мен архив құжаттары негізінде бұл тарихи үрдіске байланысты саяси және әлеуметтік оқиғаларға сараптама жасалынды. Ауызша және жазбаша деректерге негізделе отырып, Баянауыл округін басқарушы билер өз заманының парасатты да, сауатты да қайраткерлері болғаны, орыс тілін жетік меңгергені көрсетіледі. Олар патша әкімшілігі шенеуніктерінің ерекше сенімді тұлғалары бола отырып, өз халқының қамын ойлап, мүддесін қорғап жүрген саяси тұлғалар болған. Округті билеуші аға сұлтандар тек қана белсенді саясиазаматтық қызметпен қана айналыспай, қазақ этнографиясы мен мәдениетін зерттеу қызметін де дамытқан еді. Мақаланың хронологиялық шеңбері 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғының» енгізілуінен бастау алып, 1867-1868 жылдары Әкімшілік реформаның қабылдануына байланысты Баянауыл сыртқы округінің жойылуына әкелген уақытты қамтиды.

Авторлар туралы

A. Кайруллина
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің; Астана халықаралық университетінің аға оқытушысы
Қазақстан

Айнур Кайруллина – PhD докторанты,

Астана қ.



Г. Кушенова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
Қазақстан

Ганижамал Кушенова – тарих ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессоры,

Астана қ.



Әдебиет тізімі

1. Материалы по истории политического строя Казахстана. Т.1. Алма-Ата: Издательство АН КазССР. – 1960. – 441 с.

2. ОмОМА 3-қ. 12-т. 17684-іс. 90-п.

3. ОмОМА 3-қ. 12-т. 17684-іс. 89-п.

4. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5 томах. – Алма-Ата. – 1985. – Т.4. – 461 с.

5. Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. – Павлодар: ЭКО. – 2013. – Т.6. – 520 б.

6. Броневский С.Б. О казахах Средней Орды. – Павлодар: ЭКО. – 2005. – 168 с.

7. ҚР ОМА. 338-қ. 1-т. 409 – іс. 41-п.

8. ҚР ОМА. 338-қ. 1-т. 409 – іс. 36-п.

9. ОмОМА 3-қ. 12-т. 17684-іс. 92-п.

10. Потанин Г.Н. К характеристике Сибири. Литературное наследство Сибири. – Новосибирск: Западно-Сибирское книжное издательство. – 1986. – Т.7. – 171 с.

11. Жаксыбаев М. Муса Шорманов - царский полковник. Индустриальная Караганда. – 1990. – 18 ноября. – C.4-5.

12. Красовский М.И. Образ жизни казахов степных округов. – Павлодар: ЭКО. – 2005. -288 с.

13. ОмОМА 3-қ. 8-т. 12769-іс. 62-п.

14. ҚР ОМА. 345-қ. 1-т. 529 – іс. 85-п.

15. ҚР ОМА. 338-қ. 1-т. 408 – іс. 18-19-п.

16. Исабаев К. Жерімізді қорғаған, елімізді есейткен батыр Шоң би. Сарыарқа самалы. – 2002. – 20 қыркүйек. – 7 б.

17. Елемесов Ә.Қ., Малғаждаров Қ.Ә. Қазанғап би Сатыбалдыұлы. – Павлодар: Кереку. – 2008. – 173 б.

18. Инсебаев Т.А. Павлодар уезі қазақтарының шежіресі. – ПМУ. – 2005. – 214 с.

19. ОмОМА 3-қ. 8-т. 12769-іс. 3-п.

20. Adolf Januszkiewicz.(2010) Żywot Adolfa Januszkiewicza i jego listy ze stepów kirgizkich 1861. – Kessinger Publishing, LLC. – 582 p.

21. Ian W. Campbell. (2017) Knowledge and the Ends of Empire: Kazak Intermediaries and Russian Rule on the Steppe, 1731-1917. – Cornell University. – 273 p.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кайруллина A., Кушенова Г. БАЯНАУЫЛ СЫРТҚЫ ОКРУГІ АҒА СҰЛТАНДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2026;80(1):66-75. https://doi.org/10.47649/vau.26.v80.i1.06

For citation:


Kairullina A., Kushenova G. SOCIAL AND POLITICAL ACTIVITIES OF BAYANAUL OUTER DISTRICT’S AGHA SULTANS. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2026;80(1):66-75. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.26.v80.i1.06

Қараулар: 125

JATS XML


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)