ШЕТЕЛДЕРДЕГІ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ: ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.40
Аңдатпа
Теміржол көлігі әлемдік көлік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және жүк тасымалдау саласында ерекше орын алады. Шетелдік тәжірибеде теміржол жүк тасымалын ұйымдастырудың тиімділігі жоғары технологиялық шешімдерге, цифрландырылған логистикалық процестерге негізделген. Бұл зерттеуде әртүрлі елдердегі теміржол жүк тасымалы қызметін ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері қарастырылады, атап айтқанда АҚШ, ЕуроОдақ елдері, Қытай және Әзербайжан сынды жетекші көлік державаларының тәжірибесі талданады. Аталған елдерде теміржол инфрақұрылымын басқару, жүк ағындарын үйлестіру, тарифтік саясат және мультимодальды тасымалды интеграциялау секілді факторларға ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, цифрлық платформалар арқылы жүк тасымалын жоспарлау, нақты уақыттағы бақылау жүйелері және автоматтандырылған басқару құралдарының рөлі ашылады. Бұл ерекшеліктерді зерделеу Қазақстандағы теміржол жүк тасымалы жүйесін жетілдіру бағытында тиімді ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты – шетел мемлекеттеріндегі теміржол көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыру жүйесінің ерекшеліктерін анықтау және олардың тиімді тәжірибесін Қазақстан теміржол саласына бейімдеу мүмкіндіктерін талдау мен әртүрлі елдердегі теміржол жүк тасымалының ұйымдастырушылық модельдерін, тарифтік және технологиялық ерекшеліктерін, құқықтық-регуляторлық ортаны және операциялық практикаларды салыстырып, Қазақстанға (ағымдағы жағдайға) қолдану болып табылады. Шетелдік тәжірибені талдау нәтижесінде Қазақстанның теміржол көлігімен жүк тасымалдау жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу қажеттілігі айқындалды. Цифрлық логистика мен автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу ұлттық көлік саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.Зерттеу нәтижелері шетелдік тәжірибені ұлттық көлік саласына бейімдеу арқылы тасымал үдерісінің тиімділігін арттыруға негіз бола алады.
Авторлар туралы
С. АльдешоваҚазақстан
Самал Альдешова – докторант,
Астана қ.
А. Кажмухаметова
Қазақстан
Асем Кажмухаметова - экономика ғылымдарының кандидаты, «Есеп және талдау» кафедрасының доценті,
Астана қ.
Э. Сыздыкова
Қазақстан
Эльмира Сыздыкова – экономика ғылымдарының кандидаты, «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының профессоры,
Қарағанды қ.
Б. Қорған
Қазақстан
Бибинур Қорған - PhD, «Менеджмент» кафедрасының қауымдастырылған профессоры,
Атырау
Әдебиет тізімі
1. Krześniak M., Jacyna M., Pryciński P., Murawski J., Bańka M. Business environment of rail transport in the context of the value chain. Scientific Journal of Silesian University of Technology. Series Transport. 2022, 116, С.179- 195. ISSN: 0209-3324.
2. Бодюл В.И., Феофилов А.Н. Концепция рационального управления вагонными парками операторов железнодорожного подвижного состава и информационная технология ее реализации. Вестник. ВНИИЖТ. 2016. Т. 75. №1. С. 46–52
3. Альдешова С., Кажмухаметова А., Утепкалиева К. Цифрлық трансформация жағдайында теміржол жүк тасымалы бизнес-процестерінің аудитін ұйымдастыру. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ Хабаршысы. №3 (415) may – june 2025, Б. 371-391.
4. Отчет о железнодорожной отрасли 2025: ключевые данные и аналитика Сьюзи Валлнер. 2025 г. - [Электронный ресурс] - URL: https://www.startus-insights.com/innovators-guide/railway-industry-outlook/ (дата обращения: 12.01.2025)
5. ERA. «Interoperability Overview 2021». - Available at: - URL: https://www.era.europa.eu/sites/default/files/library/docs/annual_overview_for_interop erability_-_2021.pdf. (accessed: 11.01.2025)
6. Available at: - URL: https://zdmira.com/articles/evropejskij-rynok-multimodalnykh-perevozok (accessed: 11.01.2025)
7. Rail reform: the rail transformation programme Department for Transport. Available at: - URL: https://committees.parliament.uk/publications/45103/documents/223519/default/ (accessed: 15.01.2025)
8. RAILWAY REFORM Regulation of Freight Transport Markets. Available at: - URL: https://cargofromchina.com/rail-freight/ (accessed: 11.01.2025)
9. Republic of Azerbaijan: Azerbaijan Railways Digital Transformation Project September 2024. Available at: - URL: https://www.adb.org/sites/default/files/project-documents/58049/58049-001-rrp-en.pdf (accessed: 16.01.2025)
10. Альдешова С.Б., Кажмухаметова А.А. Қазақстан Республикасындағы халықаралық жүк тасымалы: транзит және логистика. «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» жас ғалымдардың халықаралық ғылымитәжірибелік конференция материалдар жинағы, Атырау университеті, 2025, Б. 44-47
11. Адарш Р. Изучите 10 главных тенденций железнодорожной отрасли в 2025 году. [Электронный ресурс] - URL: https://www.startus-insights.com/innovators-guide/top-10-rail-industry-trends-innovations-2021-beyond/ (дата обращения: 12.01.2025)
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Альдешова С., Кажмухаметова А., Сыздыкова Э., Қорған Б. ШЕТЕЛДЕРДЕГІ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ: ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;79(4):445-459. https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.40
For citation:
Aldeshova S., Kazhmukhametova A., Syzdykova E., Korgan B. FOREIGN RAILWAY CARGO TRANSPORTATION: ORGANIZATIONAL SYSTEM AND FEATURES. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;79(4):445-459. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.40
JATS XML






