Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАН ҚОР НАРЫҒЫ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰБЫЛМАЛЫЛЫҒЫН GARCH МОДЕЛЬДЕРІ НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАУ

https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.27

Толық мәтін:

Аңдатпа

Акциялардың құбылмалылығы инвестициялық тәуекелдің маңызды көрсеткіші болып табылады және ықтимал бағалық ауытқуларды сипаттайды. Құбылмалылықтың жоғары болуы ірі пайда алу немесе айтарлықтай шығынға ұшырау ықтималдығының артуын білдіреді. Инвесторлар бұл көрсеткішті сауда мүмкіндіктерін анықтау және өз активтерін тәуекелге төзімділік деңгейімен сәйкестендіру үшін қолданады. Сондықтан құбылмалылық саналы шешім қабылдау, туынды құралдарды бағалау және инвестициялық портфель қалыптастыруда аса маңызды. Мақаланың мақсаты - Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы акциялардың құбылмалылығын болжау және бағалау. Мақалада ғылыми ақпаратқа жүйелі талдау жүргізіліп, қорытындыланып, шетелдік ғалымдардың әдістемелерін зерделеу негізінде ағымдағы дисперсия өзгергіштігінің алдыңғы көрсеткіштер мен дисперсия бағаларына тәуелділігін ескеретін жалпыланған авторегрессиялық шартты гетероскедастикалық модель (GARCH) секілді зерттеу әдіснамасыны қолданылды. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы акциялардың тәуекел деңгейін қолданыстағы теориялар мен эмпирикалық зерттеулерді шолу арқылы бағалау әрекеті жасалды. Зерттеу нәтижелері. HSBK, KZTK және KZTO акцияларының тәуекелдерін салыстыру инвестордың әрбір акцияның тәуекеліне ерекше көңіл бөлуі қажет екенін көрсетті. Ол үшін күнделікті бағалық ауытқулардың таралуын және жоғары әрі төмен құбылмалылық кезеңдерін анықтау қажет. GARCH моделінің нәтижелері KZTK акцияларының басқа акцияларға қарағанда тәуекелі жоғары екенін айқындады. Эмпирикалық зерттеулер бұл қаржы құралдарының жоғары және төмен құбылмалылық кезеңдерінің үздіксіз алмасып отыратынын көрсетті. Сонымен қатар төмен құбылмалылық кезеңдерінде тәуекел деңгейі бұрынғы жоғары құбылмалылық жағдайларына сүйене отырып артық бағалануы мүмкін.

Авторлар туралы

Т. Какижанова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Толқын Какижанова – экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы,

әл-Фараби даңғ., 71, 050040, Алматы қ.



Г. Андабаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Гульмира Андабаева – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Экономика»
кафедрасы,

әл-Фараби даңғ., 71, 050040, Алматы қ.



Л. Бимендиева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Лайла Бимендиева – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Экономика» кафедрасы,

әл-Фараби даңғ., 71, 050040, Алматы қ.



А. Акпарова
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Қазақстан

Айгуль Акпарова – экономика ғылымдарының кандидаты (PhD), «Халықаралық бизнес» кафедрасының профессоры,

Муратбаев к-сі, 200, 050022, Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Bhowmik R., & Wang S. Stock market volatility and return analysis: A systematic literature review. Entropy, - 2020. 22(5), 522 p. [in English]

2. Chaudhary R., Bakhshi P., & Gupta H. Volatility in international stock markets: An empirical study during COVID-19. Journal of Risk and Financial Management, - 2020. 13 (9), 208 p. [in English]

3. Bollerslev, T. Generalized autoregressive conditional heteroskedasticity. Journal of Econometrics. - 1986. 31(3), P. 307–327. [in English]

4. Islam F., & Thakur O. Volatility in the share prices: A bibliometric analysis of causes and effects of various factors. Journal of Critical Reviews, - 2020. 6(7), P. 51–64. [in English]

5. Stulz R. M., & Wasserfallen W. Foreign equity investment restrictions, capital flight, and shareholder wealth maximization: Theory and evidence. The Review of Financial Studies, - 1995. 8(4), P. 1019–1057. [in English]

6. Foerster S. R., & Karolyi G. A. The effects of market segmentation and investor recognition on asset prices: Evidence from foreign stocks listing in the U.S. Dice Center for Research in Financial Economics Working Paper. - 2018. No.9. P. 8-11. [in English]

7. Bomfim A. N. Pre-announcement effects, news effects, and volatility: Monetary policy and the stock market. Journal of Banking & Finance, - 2023. 27(1), P. 133–151. [in English]

8. Li F., Lin C., Lin T.C., & Shen S. The role of options markets in corporate social responsibility. Journal of Financial Markets, - 2024. 70, P. 100 - 110. [in English]

9. Megaritis A., Vlastakis N., & Triantafyllou A. Stock market volatility and jumps in times of uncertainty. Journal of International Money and Finance, - 2021. 113. P. 102 - 355. [in English]

10. Tenkovskaya L. Volatility of the yield of shares of PJSC “NK Lukoil” during economic crises. - 2023. 17, P. 132– 140. [in English]

11. Ajmi J. Estimating return volatility of stock market indices: The case of Boursa Kuwait. International Journal of Business and Management Research, - 2021. 9(1), P. 74–84. [in English]

12. Barkha D., Batra S., Aggarwal V., Yadav M., & Kumar P. Stock market volatility: A systematic review. Journal of Modeling in Management, - 2024. 19(3), P. 925–952. [in English]

13. Engle R. GARCH 101: The use of ARCH/GARCH models in applied econometrics. Journal of Economic Perspectives, - 2001. 15(4), P. 157–168. [in English]


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Какижанова Т., Андабаева Г., Бимендиева Л., Акпарова А. ҚАЗАҚСТАН ҚОР НАРЫҒЫ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰБЫЛМАЛЫЛЫҒЫН GARCH МОДЕЛЬДЕРІ НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАУ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;79(4):300-310. https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.27

For citation:


Kakizhanova T., Andabayeva G., Bimendiyeva L., Akparova A. ESTIMATION OF VOLATILITY OF SHARES OF THE KAZAKHSTAN STOCK MARKET BASED ON GARCH MODELS. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;79(4):300-310. https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.27

Қараулар: 120

JATS XML


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)