Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА 7-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.22

Толық мәтін:

Аңдатпа

Ұсынылған зерттеу мақаласында қазіргі білім беру жүйесінде ерекше маңызға ие мәселе – білім алушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру қарастырылған. Мақаланың әдеби шолу бөлімінде зерттеу құзыреттілігінің мәні, оның құрылымдық компоненттері мен білім беру үдерісіндегі орны сипатталады. Зерттеу мақсаты – биология сабақтарында оқу-зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы 7-9 сынып оқушыларының зерттеу құзыреттілігін дамыту жолдарын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін зерттеушілік сипаттағы тапсырмаларды әзірлеу және сынақтан өткізу, зерттеу құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін оқыту әдістері мен тәсілдерді таңдау және сабақтарды модельдеу міндеттері қойылған.

Зерттеу барысында оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыруда табиғи объектілерді бақылау, тану және анықтау, сипаттау, эксперимент жүргізу мен гипотеза әдістерін қолдану олардың танымдық белсенділігін арттырып, зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ететіні анықталды. Тәжірибелік жұмыс нәтижелері көрсеткендей, биология сабақтарында зерттеу бағытындағы тапсырмалар мен практикалық әдістерді жүйелі қолдану оқушылардың зерттеу құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін едәуір арттырды. Оқушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыруда сөздік, көрнекілік және практикалық әдістердің өзара әрекеттесуі ерекше тиімді екенін айқындайды. Алынған нәтижелер әдістеменің тиімділігін дәлелдеп, зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Авторлар туралы

А. Нургалиева
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Айман Нургалиева – PhD, қауымдастырылған профессор м.а.,

Атырау қ., 060000



А. Амантаева
Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазақстан

Арайлым Амантаева – PhD, постдокторанты,

Алматы қ., 050000



А. Сейлхан
Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазақстан

Айнур Сейлхан - постдокторы, PhD, қауымдастырылған профессор м.а.,

Алматы қ, 050000



З. Аяжан
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Аяжан Закария – «7М01505- Білім берудегі биология» білім бағдарламасының 2 курс магистранты,

Атырау қ., 060000



Әдебиет тізімі

1. Кендірбай А. М., Турганбаева А. А. Оқушылардың зерттеушілік құзыреттіліктерін дамыту. Вопросы науки и образования: теоретические и практические аспекты. – 2022. Б. 121–127.

2. Тоқаев, Қ.-Ж.. Қазақстан халқына Жолдауы. Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу. Ақорда. 2025, 8 қыркүйек URL: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-zhasandyintellekt-dauirindegi-kazakstan-ozekti-maseleler-zhane-ony-tubegeyli-cifrlyk-ozgerister-arkyly-sheshu-881957 (қаралу уақыты: 25.01.2025)

3. Амантаева А. К. Болашақ биолог мұғалімдердің экологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемелік негіздері (жобалау технологиясы мысалында). PhD диссертация. 6D011300). Алматы. - 2022. С. 15-22

4. Indah R. N., et al. The research competence, critical thinking skills and digital literacy of Indonesian EFL students. Journal of Language Teaching and Research. – 2022– 13(2). P. 315–324.

5. Шелковникова, Н. В. Исследовательская компетентность как основа формирования агрообразовательной среды в высшей школе. Материалы VII Всероссийской научно-практической конференции «Опыт, инновации и перспективы организации исследовательской и проектной деятельности дошкольников и учащихся». – 2022. – 205 c.

6. Таубаева Ш., Кудаибергенева К. Профессиональная самореализация учителей общеобразовательных школ: инновационный аспект. Daryn. – 2022. – 120 c.

7. Zhaksibayeva G., Srailova G. Зерттеушілік тәсілдер арқылы оқушылардың білім сапасын дамыту жолдары. Вестник КазНУ. Серия «Педагогические науки». – 2021. - 67(2). - Б.128–138.

8. Amantayeva A., Maratkyzy N., Shariphanova A., Abilova S., Karabalayeva A., & Sihanova N. Formation of environmental competence of students of higher education. EQA - International Journal of Environmental Quality. – 2025.Vol. 69. P. 13–25. https://doi.org/10.6092/issn.2281-4485/21319

9. Паршутина Л. А. Методические рекомендации по организации и проведению биологического эксперимента при обучении биологии в средней школе. Современное педагогическое образование. – 2021. - T. 8. С. 50–55.

10. Zholdygalieva S., Nurgaliyeva A. Features of improving the research competence of students in biology lessons. In ХXIII Сәтбаев оқулары: материалы международной научной конференции студентов, магистрантов и школьников. Павлодар: Торайғыров университеті. – 2023. – C. 251-235


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Нургалиева А., Амантаева А., Сейлхан А., Аяжан З. БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА 7-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;79(4):245-256. https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.22

For citation:


Nurgalieva A., Amantayeva A., Seilkhan A., Ayazhan Z. FORMATION OF RESEARCH COMPETENCE OF STUDENTS IN GRADES 7-9 IN BIOLOGY LESSONS. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;79(4):245-256. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.22

Қараулар: 163

JATS XML


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)