Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҮЛГЕРІМІНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ӘСЕРІ

https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.21

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада студенттердің эмоционалдық тұрақсыздығы мен олардың академиялық үлгерімі арасындағы байланыс талданады. Мақаланың мақсаты - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің эмоционалдық тұрақсыздық (невротизм) деңгейі мен академиялық үлгерімі арасындағы өзара байланысты эмпирикалық түрде зерттеу, сондай-ақ кәсіби-педагогикалық даярлық сапасы үшін психологиялық амандықтың маңыздылығын негіздеу болып табылады. Зерттеу барысында невротизм деңгейі жоғары студенттердің оқу жетістіктеріне теріс әсер ететіні анықталды. Зерттеуде болашақ бастауыш сынып мұғалімдері арасында сауалнама жүргізіліп, Айзенк тұлғалық сауалнамасының деректері талданды. Невротизм мен GPA арасындағы әлсіз теріс корреляция анықталды, бірақ статистикалық тұрғыдан маңыздылығы шектеулі болды. Зерттеу нәтижелері эмоционалдық тұрақтылықтың студенттердің психологиялық саулығы мен академиялық жетістіктерінде маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мақалада студенттердің эмоционалдық тұрақтылығын арттыруға бағытталған ұсыныстар беріліп, бұл қасиеттің білім беру сапасын жақсартудағы маңызы талқыланды. Зерттеу нәтижелері болашақ педагог мамандардың кәсіби және тұлғалық дамуын жетілдіруге арналған ғылыми және практикалық негіз ретінде қарастырылады. Зерттеуде деректерді талдау және өңдеу үшін IBM SPSS Statistics бағдарламасының 29-нұсқасы пайдаланылды. Бағдарлама зерттеу мақсаттарына сәйкес келетін және сенімді статистикалық қорытындылар алуға мүмкіндік беретін түрлі әдістер мен тесттерді қолдануға жағдай жасады. Деректердің үлестірімге сәйкестігін анықтау үшін Колмогоров-Смирнов және Шапиро-Уилк тесттері жүргізілді. Айнымалылар арасындағы байланысты анықтау мақсатында Спирменнің рангілік корреляциясы есептелді, себебі деректер қалыпты үлестірімге сәйкес болмады. Айзенк сауалнамасының шкалаларының сенімділігі Cronbach's α көрсеткіші арқылы бағаланды. Сипаттамалық статистика негізгі айнымалылардың орташа мәндерін, стандартты ауытқуларын, ең төменгі және ең жоғары көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік берді. Бұл әдістер зерттеуге қатысушылардың тұлғалық және академиялық ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге ықпал етті. Қолданылған әдістемелер талдау үдерісінің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз етіп, алынған нәтижелерге негіз болды.

Авторлар туралы

Г. Мугауина
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Гулбарам Мугауина - философия докторы, Психология және педагогика  кафедрасының қауымдастырылған профессоры, 

Атырау қ., 060011



Н. Дүйсекеева
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қазақстан

Дүйсекеева Нұргүл – философия докторы, «Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы,

Қызылорда қ.



Г. Амзеева
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қазақстан

Гульнара Амзеева - докторант,

Қызылорда қ.



К. Джуманова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Клара Джуманова - магистр, Ғылыми-техникалық ақпараттар және жоба қызметі бөлімінің жетекші маманы,

Атырау қ., 060011



Әдебиет тізімі

1. Tait, M. Resilience as a contributor to novice teacher success, commitment, and retention. // Teacher Education Quarterly [Text]. - 2008. - 35(4), P. 57-70

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. (2022). Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы. Әділет ақпараттық жүйесі . [Электрондық ресурс] — URL:https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2200000941#z906 (Қаралу уақыты: 05.02.2025)

3. Бойко, В.В. Психоэнергетика. // В.В. Бойко. - СПб.: Изд-во «Питер», 2008.- 490 с.

4. Arora, R., &Rangnekar, S. Relationships between emotional stability, psychosocial mentoring support, and career resilience. // Europe's Journal of Psychology [Text]. - 2015. - 11(1). - P.16–33.

5. Panter-Brick, C., &Leckman, J. F. Editorial commentary: Resilience in child development – interconnected pathways to wellbeing. // Journal of Child Psychology and Psychiatry [Text]. 2013. - 54. - P.333- 336.

6. Chaturvedi, M., &Chander, R. Development of emotional stability scale. Industrial Psychiatry Journal [Text]. - 2010.- 19 (1). - 37–40.

7. Sato, T. The Eysenck Personality Questionnaire Brief Version: Factor Structure and Reliability. // The Journal of Psychology [Text]. - 2005. -139(6). - P. 545–552.

8. Braithwaite R., &Corr, P. J. Hans Eysenck, education, and the experimental approach: A meta-analysis of academic capabilities in university students. // Personality and Individual Differences [Text]. - 2016. - 103. - P.163 -171.

9. Findyartini, A., Greviana, N., Putera, A. M., Sutanto, R. L., Saki, V. Y., &Felaza, E. The relationships between resilience and student personal factors in an undergraduate medical program. // BMC Medical Education [Text]. - 2021. - 21. - P.113.

10. Wang, M., Li, J., Yan, G., Lei, T., Rong, W., & Sun, L. The relationship between psychological resilience, neuroticism, attentional bias, and depressive symptoms in college Chinese students. // Frontiers in Psychology [Text]. - 2022. - 13.- P. 1-10.

11. Munjirin, A., Pahlevi, F., Karmiyati, D., &Assakinah, N. F. Relationship between neuroticism personality and academic performance. Amandemen: Journal of Learning, Teaching and Educational Studies [Text]. - 2023.-1(2). - P.51-61.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мугауина Г., Дүйсекеева Н., Амзеева Г., Джуманова К. БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҮЛГЕРІМІНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ӘСЕРІ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;79(4):233-244. https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.21

For citation:


Mugauina G., Duissekeyeva N.Zh., Amzeyeva G., Jumanova K. THE IMPACT OF EMOTIONAL STABILITY ON THE ACADEMIC PERFORMANCE OF FUTURE PRIMARY SCHOOL TEACHERS. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;79(4):233-244. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.21

Қараулар: 156

JATS XML


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)