Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТРАНСЦЕНДЕНТТІК ТЕҢДЕУЛЕР МЕН ТЕҢСІЗДІКТЕРДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІН ШЕШУГЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.18

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын трансценденттік теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешуге үйретудің әдістемелік негіздерін әзірлеу мәселесі қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – оқушылардың осы тақырыптағы теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, олардың логикалық ойлау, аналитикалық және сандық талдау қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді оқыту әдістерін жасау және оны оқу процесіне енгізу. Мақалада трансценденттік теңдеулердің негізгі типтері мен қасиеттері талданады, оларды шешудің дәстүрлі және жаңа әдістері ұсынылады. Оқыту әдістемесі төрт кезеңнен тұрады: теориялық материалды меңгеру, практикалық тапсырмаларды орындау, ақпараттық технологияларды қолдану және шығармашылық тапсырмалар мен топтық жұмыс. Әр кезең оқушылардың теориялық білімдерін бекітуге және әртүрлі әдістерді қолдана отырып, есептерді шешу дағдыларын дамытуға бағытталған. Зерттеу барысында эксперименттік топтағы оқушыларға арнайы әзірленген оқыту әдістемесі қолданылды. Эксперимент нәтижелері көрсеткендей, оқушылардың трансценденттік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу қабілеттері айтарлықтай жақсарған. Оқушылардың орташа ұпайы бастапқы 44 ұпайдан қорытынды тестте 76 ұпайға дейін артты, бұл жаңа әдістеменің тиімділігін дәлелдейді. Сонымен қатар, оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, пәнге деген қызығушылығы және шығармашылық ойлау қабілеттері жоғарылады. Мақалада ұсынылған әдістеме оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға, олардың пәнге деген қызығушылығын оятуға және жалпы білім беру процесінің тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу нәтижелері Қазақстанның білім беру жүйесінде трансценденттік теңдеулер мен теңсіздіктерді оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға негіз болады.

Авторлар туралы

А. Сансызбаева
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

Арайлым Сансызбаева – докторант, 

Алматы қ.



С. Дайырбеков
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
Қазақстан

Серик Дайырбеков – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Математика» кафедрасының профессоры,

Шымкент қ.



Әдебиет тізімі

1. Салпагарова Р. Н. Трансцендентные уравнения с параметром и методы их решений. Вектор развития современной науки. – 2016. – С. 1095-1098.

2. Шумай Т. А., Васильева С. Е. Один из нестандартных методов решения трансцендентных неравенств. Проблемы науки. – 2018. – № 4 (28). – С. 6-12.

3. Syzdykova A., Jussupova D., Amantayeva A., Yerniyazova B. Methods of teaching school students to solve systems of equations and inequalities in the conditions of digitalisation of education. Cypriot Journal of Educational Sciences. – 2022. Vol.17(8) .P. 2680-2691.

4. Kliychnyk I. Organization of educational activities of schoolchildren in solving inequalities with a parameter and a module. Academic Notes Series Pedagogical Science. №1. 2023. P. 139-143.

5. Caraballo Carmona C.M., Garcia Fernandez F.L. Methodology of Mathematics Teaching. Treatment to School Mathematics Equations. Editorial Tecnocientificia Americana: 2021. 64 p.

6. Haievskyi M., Iziumchenko L., Kliychnyk I. Application of methods of mathematical analysis to prove olympiad inequalities. Academic Notes Series Pedagogical Science. 2020. P. 58-61.

7. Uyen B. Using analogy in solving problems: A case study of teaching the radical inequalities. European Journal of Education Studies. 2021. P. 8-9.

8. Ellerton N. F., Clements M. A. Prospective middle-school mathematics teachers’ knowledge of equations and inequalities. Early algebraization: A global dialogue from multiple perspectives. Berlin, Heidelberg: Springer Berlin Heidelberg. 2011. P. 379-408.

9. Luo Q., Wang Z., Han J. A Padé approximant approach to two kinds of transcendental equations with applications in physics. European Journal of Physics. Vol.3 (36). 2015. P. 035030.

10. Angraini L., Fitri Y. The effect of interactive multimedia-based learning on students` mathematical problem solving ability. Inter J Cont Stud Educ.Vol.2 (2).2023. P. 85-90.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Сансызбаева А., Дайырбеков С. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТРАНСЦЕНДЕНТТІК ТЕҢДЕУЛЕР МЕН ТЕҢСІЗДІКТЕРДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІН ШЕШУГЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;79(4):198-209. https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.18

For citation:


Sansyzbayeva A., Daiyrbekov S. METHODS OF TEACHING HIGH SCHOOL STUDENTS TO SOLVE TRANSCENDENTAL EQUATIONS AND INEQUALITIES AND THEIR SYSTEMS. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;79(4):198-209. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.18

Қараулар: 136

JATS XML


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)