РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМЫ
https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.14
Аңдатпа
Мақалада жазушының «Американың ұлттық байлығы», «Аспандағы ақ көбелектер», «Қытайдан жеткен сәлемдеме», «Тәркі дүние», «Жалғыздық», «Жасырынбақ», «Көрген-баққан», «Тоқтышақ» әңгімелеріндегі көркемдік-эстетикалық ізденістер ұлттық құндылықтар аясында ғылыми сараланған. Шығармалардың өз еліне сүйіспеншілігі жоғары азаматтарды тәрбиелеуде, адамгершілік қасиеттерді жастар бойына егуге, тағылымды тәрбие беруде әсері мол. Эпистолярлық жанр үлгісін тиімді пайдалану «Қытайдан жеткен сәлемдеме» әңгімесіндегі Әсемайдың Өмірбайға жазған хаттарынан көрінсе, «Аспандағы ақ көбелектер» әңгімесіндегі базар қожайыны мен Дәурен, Сырғалым мен Әлима бейнелерін параллель суреттеу арқылы кейіпкерлердің табиғи болмысы айшықталды. Ұлттық құндылықтардың бәсенденуі аталған әңгімелердегі жекелеген кейіпкерлердің іс-әрекеттері, қазіргі педагогикадағы рухани-адамгершілік тәрбие ұғымымен қабаттас көрсетілген. Әңгімелердегі көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері жалпыадамдық құндылықтар, ұлттық танымдық сипаттар, параллелизм, кейіпкер бейнесін сомдау, мистика сынды көркемдіктің негізінде қарастырылған. Жазушының кейіпкерлер жүйесі арқылы берілген рухани азғындау, жалғыздық, ар-ождан, мейірім, ұят сияқты категориялар қазіргі педагогикадағы рухани-адамгершілік тәрбие ұғымымен сабақтас қарастырылған. Дәстүрлі әңгімелермен бірге «Жалғыздықта» лиризм, «Тәркі дүниеде» мистикалық сипаттың басымдығы талдау барысында ғылыми тұрғыда пайымдалған. Жазушы әңгімелеріндегі негізгі кейіпкерлердің типтік дәржеге көтерілу сипаты монолог, диалог арқылы айшықталса, көркемдік ізденістер ой ағымы, түс, елес көріністерін қамту даралығымен ерекшеленеді. Өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды меңгеруге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, еңбекке баулуда, әдемілікті бағалай білу сынды қасиеттерді дарытуға, ұлттық тәрбиенің модельдері – ата-баба өсиеті, туған жерге және елге деген тағзым, отбасындағы қарым - қатынастар, ұлттық сана мен рухани үйлесімділік идеялары талқыланады. Келешек ұрпақты тәрбиелеу және тұлға тағылымына көтерілу тұғырына орай нақтыланады. Мақаланың мақсаты-жазушы шығармаларының ұлттық құндылықтар контекстіндегі көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін және олардың қазіргі рухани-адамгершілік тәрбие жүйесіндегі тәрбиелік әлеуетін анықтау және ғылыми талдау.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
Н. АтахановаҚазақстан
Нұрасила Атаханова – негізгі автор, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының докторанты,
Алматы қ.
Р. Имаханбет
Қазақстан
Райхан Имаханбет – Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты,
Алматы қ.
Ш. Саткенова
Қазақстан
Шынар Саткенова - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының докторанты,
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Zhumabayuly M. Pedagogy. Kit.: World pedagogical thought. 10 volumes. Volume 10: XX-XX centuries. Thoughts of Kazakh thinkers on education / Leader S. Kaliyev. - Almaty: "Taimas" publishing house, 2010. - 400 p.
2. Zhumataeva A. Rakhimzhan Otarbaev. Kit.: Modern Kazakh literature: development trends, names and events: Collective monograph. - Almaty: "Print express", 2017. - 512 p.
3. Bazarbev M. Epigraph. Dictionary of literary terms. - Almaty: "Mother tongue", 1996. - 240 p.
4. Otarbaev R. Amazons of our village. Stories. - Actana: Foliant, 2012. - 424 p.
5. Seytaliev K. General basics of pedagogy. Educational tool. - Almaty: "Olke", 2009. -232 p.
6. Pavlov I.P. Color (physiology). Available at: — URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98% (accessed: 20.04.2024).
7. Mukanova B., Ilyasova R. Ethnopedagogy: Educational tool. - Actana: Foliant, 2008. - 440 p.
8. Baitursynuly Akhmet. His works are Sochinenia. Twelve volumes. Literary presenter. T. IX.
9. The Iegacy of Aiazh. Zhumaberdiykyzy G. – Almaty: Rauan, 1998.87 p.
10. Bekpenbetova S. et al. Intertextuality in Modern Kazakh Prose //Journal of Ethnic and Cultural Studies. – 2025. – Т. 12. – №. 1. – С. 62-85. http://dx.doi.org/10.29333/ejecs/2408
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Атаханова Н., Имаханбет Р., Саткенова Ш. РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМЫ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;79(4):150-161. https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.14
For citation:
Atakhanova N., Imakhanbet R., Satkenova Sh. EDUCATIONAL MEANING OF RAKHYMZHAN OTARBAEV’S STORIES. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;79(4):150-161. https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.14
JATS XML






