Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДАҒЫ ТАБИҒИ ҚАУІПТЕРДІ ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

https://doi.org/10.47649/VAU.25.V79.I4.13

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада қазіргі жалпы орта білім беретін мектеп географиясындағы табиғи қауіптерді оқыту жүйесінде заманауи цифрлық платформаны пайдаланудың тиімділігі мен ұтымдылығы, жолдары баяндалады. Жер бетінде жаһандану үдерісі терең қарқын алып ауыр өнеркәсіп салаларының дамуы, завод, фабрикалардың артуы, жылыну деңгейінің мөлшерден тыс жоғарылауы сынды әр түрлі факторлар табиғи процестерге кері әсер етіп отырған кезеңде білім беру жүйесінде табиғи қауіптерді оқыту, осы бағытта жасанды интеллект талаптарына сай келетін ақпараттық технологиялар мен цифрлық платформаларды пайдалану аса маңызды орын алады. Бұл тұрғыда әсіресе жалпы орта білім беретін мектептегі география курсының рөлі ерекше. Мақалада табиғи қауіптерді оқытудың шет елдік тәжірибелеріне талдаулар жасалынып, заманауи жаңа технологиялар арқылы жүзеге асырудағы ерекшеліктерімен бірге тиімді әдістәсілдері қарастырылып, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттырудағы рөліне де мән берілген.

Мақаланың мақсаты — жалпы орта білім беретін мектептердегі география курсында табиғи қауіптерді оқытудың тиімділігін арттыру үшін Aqylspace цифрлық платформасын (оның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін) пайдаланудың әдіс-тәсілдерін негіздеу және оның білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен білім сапасына әсерін бағалау болып табылады. Зерттеу барысында қазіргі жалпы орта білім беретін мектептегі география курсындағы іргелі «Табиғатты пайдалану және геоэкология» тарауын оқыту барысында Aqylspace цифрлық платформасын пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер ұсынылады. Аталмыш цифрлық платформа қазіргі білім беру талаптарына қойылатын жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін де қамтиды әрі сабақтарды белсендіруге, мұғалім мен оқушы арасында жүйелі ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Сауалнама нәтижелері мектеп географиясындағы табиғи қауіптерді оқытуда Aqylspace цифрлық платформасын пайдалану сабаққа қатысты қосымша материалдарға қолжетімділікті арттырып, білім алушылардың өзіндік ізденістерінің дамуына, білім сапасының артуына тиімді ықпал ететінін көрсетеді.

Авторлар туралы

Л. Қабылбекова
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Ресей

Қабылбекова Ләззат - «8D01515-География» білім бағдарламасының 2 курс
докторанты,

Алматы қ., 050010



А. Дүйсенбаев
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Қазақстан

Дүйсенбаев Абай - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының доценті.,

Алматы қ., 050040



А. Жұмағазиев
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің
Қазақстан

Арман Жұмағазиев – география және туризм кафедрасының аға оқытушысы,

Атырау қ., 060011



Д. Байдалиев
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Қазақстан

Байдалиев Дархан - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы.,

Алматы қ., 050040



Әдебиет тізімі

1. Lame de J. Tokyo Earthquake Simulator: The Thrilling Way Japan Teaches Disaster Preparedness. Metropolis Japan's. – 2025. No.1. P. 14-15

2. UNICEF and Philippine Disaster Resilience Foundation forge strategic partnership to put children at the center of disaster risk management. Available at: – URL: https://www.unicef.org/philippines/press-releases/unicefand-philippine-disaster-resilience-foundation-forge-strategic-partnership-put (accessed: 11.07.2025).

3. An official website of the United States government. FEMA App: Take Charge of Disasters. Available at: – URL: https://www.ready.gov/be-informed (accessed: 11.07.2025).

4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 64-VIII Заңы. [Электрондық ресурс] – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000064 (қаралу уақыты: 11.07.2025).

5. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 4 маусымдағы №205-ІІ Заңы. [Электрондық ресурс] – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000205_ (қаралу уақыты: 11.07.2025).

6. Zhang Н., Wang Z. Human activities and natural geographical environment and their interactive effects on sudden geologic hazard: A perspective of macro-scale and spatial statistical analysis. Applied Geography.- 2022. Vol. 143. P.10-27.

7. Phillips Melissa C.K., Cinderich Аdam B., Burrell Jennifer L., Ruper Jennifer L., Will Rachel G., Sheridan Scott C. The Effect of Climate Change on Natural Disasters: A College Student Perspective. Weather, Climate, and Society. – 2015. Vol.7. P. 60-68.

8. Çoban M., Göktaş Y. Which training method is more effective in earthquake training: Digital game, drill, or traditional training? Smart Learning Environments. -2022. Vol.9. P.74-85.

9. Абдиманапов Б.Ш. География природных опасностей и рисков: учеб. - Алматы. - 2018. - 267 с.

10. Асқарова М.А. Экологиялық-географиялық болжамдардың негіздері: оқу құралы. – Алматы. - 2015. – 302 б.

11. Каймулдинова К., Әбілмәжінова С. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы. - 2019. - Б.44-89.

12. Каймулдинова К., Абдиманапов Б., Әбілмәжінова С. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. – Алматы. - 2020. -Б.51-90.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Қабылбекова Л., Дүйсенбаев А., Жұмағазиев А., Байдалиев Д. МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДАҒЫ ТАБИҒИ ҚАУІПТЕРДІ ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;79(4):138-149. https://doi.org/10.47649/VAU.25.V79.I4.13

For citation:


Kabylbekova L., Duisenbayev A., Zhumagaziev A., Baidaliyev D. THE EFFECTIVENESS OF USING A DIGITAL PLATFORM IN TEACHING NATURAL HAZARDS IN SCHOOL GEOGRAPHY. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;79(4):138-149. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/VAU.25.V79.I4.13

Қараулар: 206

JATS XML


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)