Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ХАСАН НҰРМҰХАМЕДОВТІҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

https://doi.org/10.47649/vau.26.v81.i2.07

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, Батыс Алашорда үкіметінің қызметіне белсене араласқан қоғам қайраткері Хасан Нұрмұхамедовтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі жан-жақты талданады. Хасан Нұрмұхамедовтің қалыптасу жолы мен дін саласындағы атқарған қызметін, Алаш идеяларын жүзеге асырудағы рөлін, сондай-ақ Кеңестік қуғын-сүргін кезеңіндегі тағдырын архивтік және ғылыми деректер негізінде қарастырады. Хасан Нұрмұхамедовтің діни-ағартушылық, әлеуметтік және саяси бағыттағы қызметі Батыс Алашорда тарихымен сабақтастықта қарастырылады. Мақалада Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар және Алаш қозғалысының кезеңдері ашылып, талданды. Алаш қозғалысының қазіргі Қазақстандағы ұлттық мүддемемен байланысы сарапталды. Зерттеудің мақсаты — Хасан Нұрмұхамедовтың өмір жолы мен қоғамдық-саяси, діни-ағартушылық қызметін кешенді зерттеу, оның «Алаш» қозғалысы идеяларын жүзеге асыруға және Батыс Алашорда қызметіне қосқан үлесін ашып көрсету, сондай-ақ оның тағдыры мен ұрпақтарының қызметін кеңестік қуғын-сүргін, ұлттық мемлекеттілік және тарихи жадты сақтау контекстінде қарастыру. Сонымен қатар, оның ұрпақтарының білім мен ғылым саласындағы қызметі мен жетістіктеріне де назар аударылады. Алаш қайраткерлерінің ұлттық мемлекеттілік жолындағы күресі мен тарихи маңызы ашылған. Отан тарихындағы «ақтаңдақ» беттердің қатарына жататын кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргінге ұшыраған дәстүрлі ислам өкілдерінің тағдырларымен байланыстыра отырып қарастырылған. Мақала ұлттық сана мен тарихи жадыны жаңғыртуға бағытталған.

Авторлар туралы

М. С. Джангужиев
Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Қазақстан

Максот Джангужиев – PhD, 

Орал қ, 090009



Г. Ж. Балжанова
Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Қазақстан

Гаухар Балжанова – магистр, 

Орал қ, 090009



Г. С. Cаркулова
Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Қазақстан

Галия Саркулова – магистр, 

Орал қ, 090009



С. Ж. Сапанов
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Сайпулла Сапанов - тарих ғылымдарының докторы, профессор, Х.Б.Табылдиев атындағы «Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры,

Атырау қ., 060011



Әдебиет тізімі

1. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат – 1995. – 368 б.

2. Нұрпейісов К.Н. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек – 1995. – 256 б.

3. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. – Алматы: Арыс – 2002. – Б. 25-36

4. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві. 141-қор, 1-тізбе

5. Сүлейменова Д.Д. Батыс Қазақстанда қуғын-сүргінге ұшыраған Хасан Нұрмұхамедов: монография. – Алматы, 2025. – 256 б

6. Қуғындалған хазіреттер тағдыры. Жас Алаш – №7 – 2023. –12 б.

7. Смағұлова С.Е. Қазақ зиялылары және ұлттық идея. – Алматы, 2001. – 214 б.

8. Абдуллаев Қ. Азапты жылдардың азаматтары. Денсаулық. – №6. – 2002. – Б.20-21

9. Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестана. Сочинения в 9-ти томах. – Том ІІ. – Часть 1. – М.: Наука, 1966. – 433с.

10. Бірімжаров Б.Қ. Батыс Қазақстан тарихынан. ХVІІІ-ХІХ ғғ. – Орал: БҚМУ баспаханасы, 2002. – 155 б.

11. Өзбекұлы С. Арыстары алаштың. Тарихи очерктер. – Алматы: Жеті жарғы – 1998. – 186 б


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Джангужиев М.С., Балжанова Г.Ж., Cаркулова Г.С., Сапанов С.Ж. АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ХАСАН НҰРМҰХАМЕДОВТІҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2026;81(2):89-97. https://doi.org/10.47649/vau.26.v81.i2.07

For citation:


Dzhanguzhiev M., Balzhanova G., Sarkulova G., Sapanov S. SOCIAL AND POLITICAL ACTIVITIES OF ALASH MOVEMENT MEMBER HASAN NURMUKHAMEDOV. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2026;81(2):89-97. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.26.v81.i2.07

Қараулар: 177

JATS XML


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)