ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ҚАРУЛЫ ЖАНЖАЛДАРҒА ҚАТЫСУЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ
https://doi.org/10.47649/vau.26.v80.i1.48
Аңдатпа
Зерттеу Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысуын қылмыстық құқық пен криминалистика тұрғысынан кешенді түрде талдауға бағытталған алғашқы ғылыми жұмыстардың бірі болып табылады. Мақаланың мақсаты-Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысуын кешенді қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық талдау, құқықтық реттеу мен құқық қолдану практикасындағы олқылықтар мен проблемаларды анықтау, сондай-ақ ҚР ҚК 172-бабын жетілдіру және осы қылмыстарды тергеу мен дәлелдеудің тиімділігін арттыру жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу. Зерттеуде заңнамадағы олқылықтар, қасақана ниет пен уәждемені дәлелдеудегі қиындықтар, сондай-ақ ҚК 172- бабы бойынша істерді тергеу және сот қарауы тәжірибесіндегі мәселелер ашып көрсетіледі. Қылмыстық құқықтық саралау, дәлелдемелерді жинау және құқық қорғау органдарының халықаралық құрылымдармен өзара іс-қимылы бойынша жаңа тәсілдер ұсынылады. Сонымен қатар шетелдік тәжірибемен салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізіліп, отандық заңнаманы жетілдіруге қатысты ұсыныстар ғылыми тұрғыда негізделген. Зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік қарулы жанжалдарға қатысу фактілерін саралау, тергеу және дәлелдеу барысында туындайтын қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық мәселелер айқындалды. ҚК-нің 172-бабында көзделген қылмыс құрамының жеткілікті түрде нақтыланбауы, құқықтық реттеудегі түсініксіздік пен олқылықтар, сондай-ақ мұндай әрекеттердің субъективтік белгілерін анықтау барысында тергеу-сот практикасының қиындықтары анықталды. Мақалада ҚК-нің 172-бабының диспозициясын нақтылау және елімізден тыс жерлердегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартуды реттейтін нормаларды тәжірибеде қолдану жөніндегі ұсынымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілген.
Авторлар туралы
Б. ТлеулесоваҚазақстан
Багила Тлеулесова – PhD, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы,
Ақтобе қ.
М. Муратханова
Қазақстан
Меруерт Муратханова – заң ғылымдарының кандидаты, «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының доценті,
Астана қ.
Әдебиет тізімі
1. Вербовая О.В. Проблемные вопросы ответственности за создание, руководство террористической группой и участие в ее деятельности // Международный научно-исследовательский журнал. - 2016. №9. 51с. URL:https://cyberleninka.ru/article/n/problemnye-voprosy-otvetstvennosti-za-sozdanie-rukovodstvo-terroristicheskoygruppoy-i-uchastie-v-ee-deyatelnosti (дата обращения:29.05.2025)
2. Джакупов Н.К. Пробелы в уголовном кодексе Республики Казахстан на основе международного опыта // Вестник Института законодательства и правовой информации Республики Казахстан. - 2018. №3. 11с. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/probely-v-ugolovnom-kodekse-respubliki-kazahstan-na-osnove-mezhdunarodnogoopyta (дата обращения: 23.05.2025)
3. Бисенов К.А. Военное сотрудничество Казахстана в укреплении военной безопасности и обороноспособности страны // Вестник университета. - 2014. №9. С. 125-126. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/voennoe-sotrudnichestvo-kazahstana-v-ukreplenii-voennoy-bezopasnosti-ioboronosposobnosti-strany (дата обращения: 29.05.2025)
4. Скачко А.В. Система контрабандных преступлений в уголовном кодексе Республики Казахстан 2015 года: новые подходы к регламентации уголовной ответственности // Общество и право. 2019. №4. 54 с. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/sistema-kontrabandnyh-prestupleniy-v-ugolovnom-kodekse-respubliki-kazahstan-2015-goda-novye-podhody-k-reglamentatsii-ugolovnoy (дата обращения: 05.06.2025)
5. Тлеухан Р. Уголовная ответственность за незаконную банковскую деятельность: анализ законодательства Республики Казахстан // Вестник экономики, управления и права. 2019. №3. С. 124-135. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/ugolovnaya-otvetstvennost-za-nezakonnuyu-bankovskuyu-deyatelnost-analizzakonodatelstva-respubliki-kazahstan (дата обращения: 29.05.2025)
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Тлеулесова Б., Муратханова М. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ҚАРУЛЫ ЖАНЖАЛДАРҒА ҚАТЫСУЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2026;80(1):560-567. https://doi.org/10.47649/vau.26.v80.i1.48
For citation:
Tleulessova B., Muratkhanova M. IMPROVEMENT OF CRIMINAL LAW MEASURES TO COMBAT THE PARTICIPATION OF CITIZENS OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN IN FOREIGN ARMED CONFLICTS. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2026;80(1):560-567. https://doi.org/10.47649/vau.26.v80.i1.48
JATS XML






