Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

КӨРКЕМ МӘТІНДІ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

https://doi.org/10.47649/vau.26.v80.i1.11

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада көркем мәтінді стилистикалық талдауда жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады. Зерттеудің басты мақсаты – Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі мысалында оқушылардың көркем мәтінді стилистикалық талдау деңгейін арттыру және олардың кейіпкер сезімін түсіну қабілетін, яғни эмпатиясын дамыту. Жұмыстың өзектілігі қазіргі цифрлық заманда көркем мәтінді стилистикалық талдау арқылы оқушының қызығушылығына сай жаңаша форматта ұсыну қажеттілігінен туындап отыр. Көркем мәтінді жай ғана мазмұндап бермей, оны тілдік және мағыналық тұрғыдан терең зерделеуге назар аударылды. Зерттеу барысында Қызылорда қаласындағы орта мектептің 10-сынып оқушыларының (барлығы 60 бала) қатысуымен арнайы эксперимент жүргізілді. Эксперименттік жұмыс барысындағы сабақтарда оқушыларға WhatsApp желісінде кейіпкерлер атынан хат жазысу, жасанды интеллект көмегімен сюжеттік комикстер құрастыру және бейнелерді дыбыстау сияқты тапсырмалар берілді. Бұл әдістемелер цифрлық форматтардың көмегімен көркем шығарманы стилистикалық талдауға, оның мәнін тереңірек ұғынуға жағдай жасады. Зерттеу нәтижелері ІBM SPSS Statistics бағдарламасында Вилкоксон тесті арқылы өңделді. Статистикалық талдау нәтижесі көрсеткендей, ұсынылған әдістеме оқушылардың көркем мәтінді стилистикалық талдау, түсіну және оған өзіндік баға беру дағдыларын өте жоғары деңгейде (p < 0,001) жақсартқан. Жұмыстың қорытындысы ретінде көркем мәтінді стилистикалық талдауда цифрлық технологияны қолданудың оқушы тұлғасын дамытудағы маңызы дәлелденді.

Авторлар туралы

Т. О. Орынбасар
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қазақстан

Тұрсынай Орынбасар – 8D01721-Қазақ тілі мен әдебиеті БББ докторанты,

120014,Қызылорда қ.



А. Б. Амирбекова
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Айгул Амирбекова – Лексикология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, 

050010, Алматы қ. 



Әдебиет тізімі

1. Есембеков Т.О. Көркем мәтін теориясы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, -2020. – 186 б.

2. Сыздықова Р., Шалабаев Б. Көркем тексті лингвистикалық талдау. – Алматы: Мектеп, -1989. – 128 б.

3. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері. 5-кітап. – Алматы: «Арыс» баспасы, - 2008. – 272 б.

4. Қадыров Ж.Т., Есембеков Т.О. Көркем шығарманы талдау мен талқылау жолдары: оқу-әдістемелік құралы. – Алматы: Эверо, - 2021. – 136 б.

5. Abdullina A., Doskeyeva S., Tulebayeva K., Mukhtarova S., Kushkimbayeva A., Mubarakova S., & Obayeva G. National Code and the Theme of National Character in Genealogical Prose Works of Post-colonial Literature. -2025. 11-p.

6. Burke M. The Routledge handbook of stylistics. Routledge, Taylor & Francis Group. 2018. - Р.123–134.

7. Giovanelli M., & Harrison C. Stylistics and Contemporary Fiction. English Studies, 2022. - 103(3), Р. 381–385.

8. Harrison C., Stylistics and Cognitive Grammar. In M. Burke, The Routledge Handbook of Stylistics. Routledge. 2023.2nd ed., - Р. 314–329.

9. Jaxa N. P. Pedagogical Stylistics: Teaching isiXhosa Poetry at Further Education Training Phase Using Text World Theory Approach. Journal of Culture and Values in Education. - 2024. - 7(1), - Р.118–133.

10. Koskeyeva A. M., Abisheva Zh. R., & Zulfaidar М. А. The national question in Kazakh literature during the totalitarian period: history and lessons (1960s-1970s). «Historical and Socio-Political Sciences». - 2025. 86 р.

11. Ling Boon Ing, C. L. B. Integration of visual art in learning figurative language among EFL English literature undergraduate students. - 2025. - Р.20–34

12. Pardo B. S. ‘Booktuber: Promoting reading and literacy in the classroom among Spanish pre‐service teachers through a video review.’ Literacy. - 2024. - 58/1.- Р.120–134.

13. Stockwell P. Cognitive poetics: An introduction. Routledge. - 2002. - Р.10–13


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Орынбасар Т.О., Амирбекова А.Б. КӨРКЕМ МӘТІНДІ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2026;80(1):130-141. https://doi.org/10.47649/vau.26.v80.i1.11

For citation:


Orynbasar T., Amirbekova A. THE EFFECTIVENESS OF THE USE OF DIGITAL TECHNOLOGY IN THE STYLISTIC ANALYSIS OF A LITERARY TEXT. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2026;80(1):130-141. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.26.v80.i1.11

Қараулар: 96

JATS XML


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)