Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ГУРЬЕВ АУМАҒЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІК БИЛІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС (1929-1933 ЖЖ)

https://doi.org/10.47649/vau.26.v80.i1.08

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада Гурьев аумағындағы кеңестік билікке қарсы халық күресі мен халық жадындағы күрес жетекшілері жаңа архив құжаттары негізінде баяндалады. 1918-1920 жылдардағы азаматтық қарсылықтан соң Қазақстан жерінде кеңестік билік орнап, 1920 жылдары бірнеше рет кеңестік экономикалық реформалар жүргізіліп, арнайы декреттер қабылданды. Мақаланың мақсаты – Гурьев өңіріндегі кеңестік билікке қарсы халық күресінің себептері, кезеңдері мен ерекшеліктерін жаңа архивтік деректер негізінде ғылыми тұрғыдан талдау, сондай-ақ халық жадында сақталған күрес жетекшілерінің рөлін айқындау және олардың тарихи қызметін объективті бағалау. Соғыс коммунизмі саясатының жұмсартылып жаңа экономикалық саясатқа ауыстырылуы барлық күн көрісі мал шаруашылығына негізделген қазақ шаруалары үшін барынша тиімді болғаны рас. Осы кезең ауқымында Қазақстанның батыс өңірінің шаруашылықтары күн көрісінен артылған мал өнімдерін көршілес Астрахан, Орынбор, Тұздыкөл, Нөкіс, Қоңырат, Ташкент сияқты халық барынша шоғырланған қалаларға апарып айырбас ретінде ұсына алды. Нәтижесі жаман болған жоқ. Айырбасқа төселген кейбір шаруашылықтар барынша байып алғаны да бар. Көреген қарт адамдар мен жөн-жетікті білетін шаруақор азаматтар тұрмыс заттарымен бірге, базарға шыққан қару жарақты, оқ дәріні тауар ретінде да барынша саудалады. Жабық архив деректерінде кездесетін ағылшын немесе еуропалық соңғы үлгідегі қарулардың қазақ ауылына келудің басты жолы, осы орта азия қалаларымен арадағы айырбас болғаны анық.

Барынша, бірқалыпты өмірдің шырқы 1928 жылы 27 тамызда бұзылды. Қазақ ауылының экономикалық тірегі, негізі бай шаруашылықтарын тәркілеу басталып, ол кейін отырықшыландыру мен ұжымдастыруға жалғасты. Халықтың күн көрісінен айырып, қолдарында нәпақа көріп отырған бар малын сыпырып алған 1929-1933 жылдар кеңестік билікке қарсы халық күресінің басты себебі еді.

Гурьев аумағындағы халық күресі бастапқыда бытыраңқы түрде басталып, ескі тәртіппен басқарылса және қару жарақ түрлері де қарапайым болса, кейін жағдай өзгеріп ұрыс жүргізудің нағыз «партизандық жүйесі» басшылыққа алынды. Гурьев аумағындағы кеңестік билікке қарсы күрес ошағы ретінде, жаңа архив деректері бойынша Новобогат, Теңіз, Қызылқоға жерлерінде де халық билікке қарсы шықты. ОГПУ әскерімен қанды шайқас тарихында Айбас көтерілісі және халық күресіндегі жаңа есімдер Ирмухамбетов Мұқит, Жұмағали Жанғожин сияқты ұйымдастырушылар аттары тарихқа енді.

Авторлар туралы

Д. Алипова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Дана Алипова – гуманитарлық ғылымдарының магистрі, «Қазақстан және дүниежүзі
тарихы» кафедрасының сеньор-лекторы,

Атырау қ.



Л. Бердіғожин
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Лесқали Бердіғожин - тарих ғылымдарының докторы, «Қазақстан және дүниежүзі тарихы» кафедрасының профессоры,

Атырау қ.



Г. Кайргалиева
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Гулфайруз Кайргалиева – тарих ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан және дүниежүзі тарихы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры,

Атырау қ.



Әдебиет тізімі

1. Синицын Ф.Л.Советское государство и кочевники. История, политика, население. 1917-1991. Москва: Центрполиграф, - 2019. - 318 с.

2. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті: көмекші оқу құралы.- Алматы: Санат, - 1997. - 320 б.

3. Зевелев А.И., Поляков Ю.А.,Чугунов А.И. Басмачество. возникновение, сущность, крах. Москва. Наука».- № 1. - С. 981-244.

4. Зевелев А.И., Поляков Ю.А., Шишкина Л.В. Басмачество. правда истории и вымысел фальсификаторов. Москва: - «Наука»,- 1986. - 256 с.

5. Проскурякова Н.А. Концепции цивилизации и модернизации в отечественной историографии // М: Вопросы истории. - №7.- 2005.- С.153-165.

6. «Политические репрессии в Западном Казахстане: новые источники и исследовательские подходы» сборник материалов Республиканской научно-практической конференции. – Атырау: ИП «ASSEM», - 2022 г. - 316 с.

7. Половецкий С.Д., Ченцов А.С. Деятельность органов и войск ВЧК – ОГПУ – НКВД СССР по борьбе с бандитизмом на Северном Кавказе (1920 – июнь 1941 г.). Санкт-Петербург: Наукоемкие технологии. - 2020. - 148 с.

8. Огайон И. Седентаризация казахов СССР при Сталине. Коллективизация и социальные изменения (1928-1945 гг.). (Перевод с франц. А.Т. Ракишева). Сост. Б.М. Сужиков. Алматы: «Санат», - 2009. - 368 с.

9. Киндлер P.Сталинские кочевники: Власть и голод в Казахстане. М: - 2018. - 382 с.

10. Камерон С. Голодная степь: голод, насилие и создание Советского Казахстана. Москва: Новое литературное обозрение. - 2020. - 360 c.

11. Аннаоразов Дж. С. «Басмаческое движение» в Туркменистане - продолжение Гражданской войны 1918- 1920 гг. Научная монография. – Ашхабад: - 2022. - 327 с.

12. Хошимов С., Иминов Ж., Тураходжаев С. Политические репрессии в Узбекистане в 20-30-х годах ХХ века [Электронный ресурс] // Наука и современность. – 2016. – № 43. – С. 100-108. – URL: https://cyberleninka.ru/article/n/politicheskie-repressii-v-uzbekistane-v-20-30-h-godah-hh-veka.

13. Қазақстан Республикасы Президенті архиві.1096- іс.

14. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің архиві.(ҚР ҰҚК архиві). 9-қор,1-тізім, 108 -іс

15. Омарбеков Т. Қазақстандағы халық көтерілісі қалай жазаланды? // Алматы: Ақиқат. - № 4- 1993. - 57б.

16. Алланиязов Т., Таукенов А. Шетская трагедия. Из истории антисоветских вооруженных выступлений в Центральном Казахстане в 1930-1931 гг. Алматы: Фонд «XXIвек». - 2000. - 164 с.

17. Қозыбаев М. «Ақтаңдақтар ақиқаты». Алматы: «Қазақ университеті», - 1992. - 272 б.

18. Абылхожин Ж., Козыбаев М., Татимов М. «Казахстанская трагедия» // Вопросы истории. - № 7 – 1989. - С. 53–71.

19. Сариев И, М. Омаров. Ойрандалған Адай даласы. Алматы: Атамұра. - 1995. - 52 б.

20. Ижанов З. Аласапыран. Алматы: «Өлке» баспасы, - 2017. - 352 б.

21. Жұмағұлов Б.С. Сұрқия саясат сойқаны. Алматы,- 2021.- 312 б.

22. Мусагалиева А.С. О народных восстаниях и протестах в Казахстане (1929-1931 ГГ Алматы: Отан тарихы. - № 3 (99). - 2022.– С. 54–66.

23. Бердіғожин Л.Б., Алипова Д.Ж. 1920-1930 жылдардағы Қазақстанның батыс өңіріндегі халық қозғалыстары. Оқу құралы. Алматы: - 2024.- 275 б.

24. Бөкей және Орал өңірлеріндегі бандитизм. 1921-1931. (ОГПУ хабарламалары бойынша): Құжаттар жинағы. Құраст. Е.Е. Хайдаров., «DANA орталығы» - Орал қаласы, «DANA» баспасы. - 2023. - 206 б.

25. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві (ҚР ОММ). [Central State Archive of the Republic of Kazakhstan (Central State Archive of the Republic of Kazakhstan).] 81-қор, 1-тізім, 1570-іс

26. Атырау облысы Махамбет ауданы мемлекеттік архиві: 490-қор, 4 тізім, 8 іс

27. Қазақстан Республикасы Президенті архиві.632- іс.

28. Жумагулов Б., Хайдаров Е. Борцы за справедливость 1920-х годов (на примере Западно-Казахстанской области). Вестник Атырауского университета имени Халела Досмухамедова. Атырау:-75(4). - 2024.- С.38-50.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Алипова Д., Бердіғожин Л., Кайргалиева Г. ГУРЬЕВ АУМАҒЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІК БИЛІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС (1929-1933 ЖЖ). Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2026;80(1):83-97. https://doi.org/10.47649/vau.26.v80.i1.08

For citation:


Alipova D., Berdyguzhin L., Kairgaliyeva G. POPULAR STRUGGLE AGAINST SOVIET POWER IN THE GURYEV REGION (1929-1933). Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2026;80(1):83-97. https://doi.org/10.47649/vau.26.v80.i1.08

Қараулар: 79

JATS XML


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)