Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

«ҚАЗАҚШЫЛДАР» АСТЫРТЫН ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ 1928 ЖЫЛҒЫ ШЫМКЕНТ ҮНДЕУІ: ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КҮРЕСТІҢ БЕЛГІСІЗ ПАРАҚТАРЫ

https://doi.org/10.47649/vau.26.v80.i1.07

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазақстан аумағында XX ғасырдың 1920–1980 жылдары аралығында өмір сүрген жасырын ұйымдардың қалыптасуы мен дамуы – кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсы қоғамның ішкі қарсылығының бір көрінісі болды. Бұл ұйымдардың көпшілігі ұлттық бағыттағы зиялы қауым өкілдері мен жастар бастамасымен құрылған. Олар жазбаша үндеулер тарату, әдеби шығармалар арқылы халықты ояту, қоғамдық наразылық тудыру секілді әртүрлі тәсілдерді қолданды. Мұндай ұйымдарға мысал ретінде «ЕСЕП» (1940–1950 жж.), «Жас қазақ» (1960 ж.), «Жас тұлпар» (1963 ж.) және 1928 жылы Шымкент қаласында құрылған «Қазақшылдар» ұйымын атауға болады. Мақаланың мақсаты – Қазақстан аумағында ХХ ғасырдың 1920 жылдарының соңында құрылған «Қазақшылдар» астыртын ұйымының қалыптасу алғышарттарын, мақсат-мүддесі мен қызметін тарихи деректер негізінде жан-жақты талдау. Мақалада 1920 жылдардың соңында Кеңестік билікке қарсы бағытталған ұлттық-демократиялық астыртын ұйым – «Қазақшылдар» қозғалысының құрылуы, мақсат-мүддесі мен қызметі тарихи деректер негізінде қарастырылады. Шымкент қаласында құрылған бұл ұйым кеңестік отарлық саясатқа наразылық білдіріп, «Басыңды көтер, қазақ!» атты үндеу жариялап, қазақ жастарын отаршылдыққа қарсы күреске шақырған. Үндеуде кеңестік үкіметтің астық дайындау саясаты, ұлттық мәдениеттің ассимиляцияға ұшырауы, «қазақтандыру» ұранының жалғандығы және жер мәселесі сынға алынған. Мақалада ұйым мүшелерінің өмірбаяны, олардың қамауға алынуы және кейіннен ақталу процестері баяндалады. Сонымен қатар, бұл ұйымның қызметі мен үндеулерінің сол кезеңдегі халықтық көтерілістерге рухани серпін бергені көрсетіледі. Кеңестік билік тарапынан қуғын-сүргінге ұшыраған бұл ұйымның іс-әрекеттері бүгінгі күн тұрғысынан ұлт-азаттық күрестің заңды жалғасы ретінде қарастырылады. Мақалада мұрағаттық деректер мен тергеу құжаттарына сүйене отырып, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру қажеттілігі дәлелденеді.

Автор туралы

С. Мамраймов
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің
Қазақстан

Серікбай Мамраймов – Тарих ғылымдарыныц кандидаты, доценті,

160000, Шымкент қ.



Әдебиет тізімі

1. Бугай Н.Ф. Защита состоялась, проблемы остаются... // Приволжский научный вестник. – 2014. – №7 (35). – 123 с.

2. Губогло М.Н. Политика и право в сфере этно-государственных отношений Кабардино-Балкарии. – М.; Нальчик. – 2001. – Т.1. – 73 с.

3. Ястребов А.В. Репрессии народов СССР: последствия трагедии. — Самара: ГУСО ДДН. – 2007. – 63 с. – http://scahi.org/download/astaxov_repressii.pdf (Қаралған күні: 11.07.2025).

4. Закон РСФСР от 26.04.1991 №1107-1 «О реабилитации репрессированных народов». - base.garant.ru (Қаралған күні: 12.06.2025).

5. Түркістан облысының қоғамдық саяси тарихының мемлекеттік архиві, 11-қор, 1-тізбе, 60-іс, Б.1–23.

6. Дулатов М. Оян, қазақ! Роман, өлең-жырлар, әңгімелер. Алматы: Атамұра. – 2003. - 192 б.

7. Түркістан облысының қоғамдық саяси тарихының мемлекеттік архиві, 11-қор, 1- тізбе, 60-іс, Б.17–18.

8. Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві, 40-қор, 9- тізбе,1211-іс.Б.1–14.

9. Түркістан облысының қоғамдық саяси тарихының мемлекеттік архиві, 11-қор, 1- тізбе. 60-іс, Б.19–2.

10. «Открытый список» – самая полная база данных жертв политических репрессий в СССР (1917–1991 гг.). Электронный ресурс https://ru.openlist.wiki/ (қаралған күні. 01.07.2025).

11. Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві. 31-қор, 1- тізбе, 19-іс, Б.1-11.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мамраймов С. «ҚАЗАҚШЫЛДАР» АСТЫРТЫН ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ 1928 ЖЫЛҒЫ ШЫМКЕНТ ҮНДЕУІ: ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КҮРЕСТІҢ БЕЛГІСІЗ ПАРАҚТАРЫ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2026;80(1):76-82. https://doi.org/10.47649/vau.26.v80.i1.07

For citation:


Mamraimov S. THE UNDERGROUND ORGANIZATION “KAZAKIISHYLDAR” AND THE 1928 SHYMKENT MANIFESTO: UNKNOWN PAGES OF THE NATIONAL LIBERATION STRUGGLE. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2026;80(1):76-82. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.26.v80.i1.07

Қараулар: 78

JATS XML


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)