МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НОРМАЛАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.46
Аңдатпа
Мақаланы зерттеу барысында ТМД интеграциялық бірлестігінің азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыруға және құқықтық реттеу перспективаларына талдау қарастырылды. Мақаланың мақсаты - ТМД елдеріндегі зейнетақымен қамсыздандыру тетіктеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу, қарт адамдардың құқықтарын қорғаудағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының рөлін анықтау және демографиялық пен экономикалық сын-қатерлер жағдайында азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік емес зейнетақымен сақтандыру жүйелерін жетілдіру қажеттілігін негіздеу болып табылады. ТМД азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыруды реттеу жөніндегі негізгі құжаттар, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық екіжақты шарттары қарастырылған. Егде жастағы адамдар үшін кепілдендірілген кірісті қамтамасыз ету қазіргі заманғы қоғамның қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік қамсыздандыру мақсаттарының ішіндегі ең маңызды міндеті болып табылады. Адамның әлеуметтік қамсыздандыру құқығымен тығыз байланыстылығын көрсетіп отырған жоғарыдағы мақсаттың міндетіне жету үшін қарттарды осалдық қаупінен жүйелі түрде қорғауды қамтамасыз ететін, сенімді механизмдер қажет. Халықтың ішінарасы өзінің күш-жігеріне сүйене отырып қорғаныс механизміне қол жеткізеді, ол жеке жинақ шоттарына несесе жеке тұрғын үйге иелік етудің арқасында жүзеге асырылады, кейбір жағдайларда ұрпақтанұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасылық қолдау тетіктерін қолдану бар екені белгілі. Бірақ осы аталған қорғану тетіктеріне сүйенгенімен еңбекке қабілетті жаста да табыс көздеріне деген сенімсіздік басым болып тұрғанын көруге болады, әсіресе бұл жағдай дамушы елдерде жиі кездеседі. Атап айтқанда, тікелей құрылымдық байланыстың бейресми салдары көптеген елдердегі экономикалық даму проблемалары ретінде танылып, әлем халықтарының аз ғана бөлігі қартайған кезде өзін-өзі қамтамасыз ете алатыны белгілі. Демек, егде жастағы адамдарды әлеуметтік қорғау жүйелері маңызды рөл атқарады. Шет елдердің тәжірибесін диалектикалық тану және талдау әдісі зерттеу тақырыбын толық және анық ашуға, сондай-ақ Қазақстандағы мемлекеттік емес зейнетақы қорларын одан әрі жетілдіруді назарға алуға мүмкіндік береді.
Осылайша, қартайған кездегі кепілдендірілген табыс әлемдік қоғамдастықтың тұрақты даму мақсаттары шеңберінде алға қойған мақсаттарына жетуде шешуші рөл атқарады және кедейліктің барлық нысандарында, соның ішінде 2030 жылға қарай кедейлікті жоюды қоса алғанда, барлық адамдарға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін негізгі міндеттемені орындауға ықпал етеді.
Авторлар туралы
А. СуйменбаеваҚазақстан
Акмарал Суйменбаева – құқық магистрі, Мемлекеттік және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы,
Сулейманов көшесі, 7, 080000, Тараз қ.
С. Суркова
Қазақстан
Светлана Суркова – философия докторы (PhD), Азаматтық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы,
Сулейманов көшесі, 7, 080000, Тараз қ.
А. Алдаберген
Қазақстан
Айдана Алдаберген – құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі, заң факультеті,
Желтоқсан көшесі, 69Б, 800000, Тараз қ.
Әдебиет тізімі
1. Соловьев В.Н. Право собственности на средства пенсионных накоплений, переданных в негосударственный пенсионный фонд. Юрист. № 2. 2009. - С. 14-20.
2. Право социального обеспечения /под общей редакцией д. ю. н. профессора И. В. Гущина - [Электронный ресурс]- URL: https://publications.hse.ru/pubs/share/direct/546297975.pdf (қаралу уақыты: 12.02.2025).
3. Пенсионные Фонды Всемирного банка прогнозируют проблемы пенсионного обеспечения. [Электронный ресурс] - URL: ttps://www.hmnpf.ru/manual/interesnyye-fakty/?id=137 (қаралу уақыты: 12.02.2025).
4. Қазақстан Республикасының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын пайдалану мен басқарудың негізгі басымдықтары / Б. А. Жакупова, С. И. Игильманова, Н. В. Калюжная, Б. С. Бимбетова. – Вестник университета Туран. No. 4(92). 2021. - Б. 54-61.
5. Жакипбеков С. Анализ современного состояния и необходимость модернизации накопительных пенсионных фондов в Казахстане / С. Жакипбеков, Д. С. Жакипбекова, А. А. Аблаева. Известия Иссык-Кульского форума бухгалтеров и аудиторов стран Центральной Азии. № 2-2(5). 2014. - С. 185-189
6. Ниязбаева А. А. Негосударственные пенсионные фонды в пенсионных системах России и Казахстана: специальность 08.00.10 "Финансы, денежное обращение и кредит": автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата экономических наук / Ниязбаева Айгуль Амангельдыевна. Казань, 2013. - 26 с.
7. Починок Н.Б. Перспективы развития негосударственного пенсионного обеспечения (по результатам комплексного общероссийского социологического исследования перспектив развития негосударственного пенсионного обеспечения): монография / колл. авторов. – Москва: РУСАЙНС. 2016. – 224 с.
8. Тункин Г.И. Теория международного права. Под общей ред. проф. Л. Н. Шестакова. Серия: Русское юридическое наследие. М.: Зерцало. – 2009. – 26 с.
9. Всеобщая декларация прав человека. Принята резолюцией 217 А (III) Генеральной Ассамблеи ООН от 10 декабря 1948 года [Электронный ресурс] - URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/O4800000001 (дата обращение: 12.02.2025).
10. Международный пакт об экономических, социальных и культурных правах. Принят резолюцией 2200 А (XXI) Генеральной Ассамблеи от 16 декабря 1966 года [Электронный ресурс] - URL: https://www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/pactecon.shtml (қаралу уақыты: 12.02.2025)
11. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы// [Электрондық ресурс] - URL: https://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtynkazakstan-halkyna-zholdauy (қаралу уақыты: 12.02.2025)
12. Медушевскеий А.Н. Сравнительное конституционное право и политические институты. Курс лекций. - М.: ГУ ВШЭ. – 2002. – 373 с.
13. Шоломицкий А.Г. Построение негосударственных пенсионных схем: актуарные принципы и элементы международного опыта / Доклад на заседании Коллегии пенсионных актуариев России. - 2005 -[Электронный ресурс] - URL: http://afservices.ru/publications/4/ (қаралу уақыты: 12.02.2025)
14. Малютина Н.Н. Развитие системы пенсионного обеспечения в зарубежных странах. Труд за рубежом. – №3. – 1995. – С. 110-117
15. U.S. Department of Labor, Employee Benefits Security Agency. Private Pension Plan Bulletin: Abstract of 2000 Form 5500 Annual Reports. 2005. July. Р. 120-125.
16. Шушков В.В., Топунова И.Р. Обобщение мирового опыта проведения пенсионных реформ. Трудовое право. – № 6. – 2008. 125 с.
17. Романов А. А. Международные договоры о социальном обеспечении в странах СНГ и Балтии. Пенсия. – № 10. – 2002. 156 с.
18. Топилин А. В. Миграция и общий рынок труда ЕАЭС: вызовы и пути интеграции. Миграция и социальноэкономическое развитие. – № 1. – 2016. – С.39-62
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Суйменбаева А., Суркова С., Алдаберген А. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НОРМАЛАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;79(4):518-528. https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.46
For citation:
Suymenbayeva A., Surkova S., Aldabergen A. LEGAL REGULATION OF THE ACTIVITIES OF NON-GOVERNMENTAL PENSION FUNDS: INTERNATIONAL NORMS AND NATIONAL PECULIARITIES. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;79(4):518-528. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.46
JATS XML






