Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: АЙМАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.39

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада аймақты дамытудың инновациялық факторы ретіндегі әлеуметтік кәсіпкерліктің рөлі қарастырылады. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуы маңызды әлеуметтік мәселелерді шешудің нарықтық тетігін көрсететінімен айқындалса, халықтың әртүрлі топтарының өмір сүру сапасының теңсіздігі, жұмыссыздық, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерді жеткіліксіз өндіру, әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуының тежелуі және оның күрделілігі, заманауи жағдайға байланысты орын алған өзектілігі осы мәселелердің айқын көрінісі болып табылады. Аталған мәселенің шешімі елімізде әлеуметтік кәсіпкерліктің белсенді дамуын қажет етеді. Өйткені, аталған кәсіпкерліктің дамуы тиімді сұраныстың шекарасын кеңейту арқылы халықтың әлсіз қорғалатын әлеуметтік топтарын бизнеске тартуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар, жаңа экономикалық инновациялық инфрақұрылым нысандарын құруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік саладағы инновациялық үрдістердің белсенділігін арттыру, өз кезегінде, әлеуметтік кәсіпкерлердің өзгеріс агенттері бола отырып, қоғамның әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз етеді және олар әлеуметтік тепе-теңдікті орнатуға мүмкіндік беретіні белгілі. Әлеуметтік кәсіпкерлердің инновациялар қызметтерін жүзеге асыруда бастамашысы ретіндегі мемлекеттің рөлі айқындалса, осыған байланысты, қоғамда халық үшін қолайлы әлеуметтік атмосфераны құруға негізделген заңнамалық тұрғыдағы қолдау ретінде табылған нормативтіқұқықтық актілер аталған мақалада қарастырылады.

Мақаланың негізгі мақсаты - аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде әлеуметтік кәсіпкерліктің рөлін ғылыми талдау, оны аймақтық деңгейде инновациялық даму факторы ретінде айқындау және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді тетіктерін жобалар негізінде ұсыну. Сонымен бірге, әлеуметтік кәсіпкерлік шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларға тоқталып, осы жобаларды қолдау әлеуметтік кәсіпкерліктің белсенділігін ынталандыратыны, оның іскерлік құндылығын арттырып, оң әлеуметтік әсер беретін басымдылықтары да айқындалады. Осы орайда, АҚШ-тағы әлеуметтік инновацияларды енгізу мысалдарының тәжірибелік нәтижелеріне зерттеу жасалады. Біздің елімізде де әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау шаралары жүзеге асырылуда екені белгілі болса, оның мысалы ретінде Атырау облысы бойынша жүзеге асырылып отырған «Жарқыра» әлеуметтік жобасы аталған мақалада қарастырылады және оның аймақ экономикасын дамыту кезіндегі инновациялық рөлі анықталады.

Авторлар туралы

Г. Жантелеуова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

Гулден Жантелеуова - доктаранты,

010008, Астана қ.



Л. Избасарова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Лиза Избасарова – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор,

060000, Атырау қ.



А. Кадырбергенова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Асель Кадырбергенова – РhD,

060000, Атырау қ.



Ж. Ерниязова
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қазақстан

Жанат Ерниязова - экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры,

120000, Қызылорда қ.



Әдебиет тізімі

1. Сингх С.К., Гаур С.С. Предпринимательство и инновационный менеджмент в странах с развивающейся экономикой // Руководство. Decis. 56. 2018. – С. 2-5.

2. Алверсон К.Ю., Ямамото С.Х. Разговор с учителями, администраторами и родителями: предпочтения в визуальном отображении данных об образовании // J. Education. Исследование. – 2. – 2014. С. 114-125

3. Кикул Дж., Гандри Л., Митра П. и Берсо Л. Проектирование с целью: пропаганда инноваций, воздействия, устойчивости и масштаба в образовании по социальному предпринимательству. Предприниматель. Образование// Pedagog. 1. – 2018. С. 205–221

4. Веретенникова А. Ю. Мировые научные школы исследования социального предпринимательства // А.Ю. Веретенникова, К.М. Козинская, Е.В. Попов//Вестник Тюменского государственного университета. Социальноэкономические и правовые исследования. – 2019. – Т. 5. № 1. С. 157-177

5. Московская А.А. Социальное предпринимательство в системе социальной политики: мировой опыт и перспективы России / А.А. Московская, И.В. Соболева // Проблемы прогнозирования. – 2016. - № 6 (159). – С. 103-111

6. Дуглас Э., Прентис С. (2019). Инновации и мотивация к получению прибыли в социальном предпринимательстве: анализ нечетких множеств // J. Bus. Res. 99, P. 69-79

7. Окутаева С.Т., Байбашева Г.Т., Тансыкбаева Г.О. Развитие социального предпринимательства в Kазахстане (на примере социальной мастерской green tal) // Вестник Казахского университета экономики, финансов и международной торговли. – 2023. - № №2 (51). С.164-170

8. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 24 маусымдағы № 52-VII ҚРЗ. - Available at: - URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2100000052 (қаралу уақыты: 03.01.2025)

9. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. - Available at: - URL: https://atameken.kz/kk/pages/39-missiya-palaty (қаралу уақыты: 03.01.2025)

10. Martens C., Lacerda F., Belfort A., Freitas H. Research on Entrepreneurial Orientation: Current Status and Future Agenda // International Journal of Entrepreneurial Behavior. – 2016. - №6. – Р.557–567

11. «Жарқыра» Программа развития социального предпринимательства. - - Available at: - URL: https://efca.kz/proekty/podderzhka_predprinimatelstva/programma_razvitiya_socialnogo_p (қаралу уақыты: 03.01.2025)

12. Б. Бимбетова, Ж. Кенжин, Г. Жанибекова, Ж. Кинашева, А.Оспанова Социальное предпринимательство: роль и возможностей в современном обществе // Научный журнал «Вестник НАН РК». – 2023.- 404 (4). – С. 378– 391.

13. Gita Surie, Aard Groen The importance of social entrepreneurship in national systems of innovation — An introduction // Technogical Forecasting and social Change– 2017. - Volume 121. – P. 181-183

14. Интыкбаева С.Ж., Есенова Г.Ж., Алибаева А.Д. Социальное предпринимательство: теория и практика. Вестник университета «Туран». – 2021. ‒ (1). – С. 9-16


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жантелеуова Г., Избасарова Л., Кадырбергенова А., Ерниязова Ж. ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: АЙМАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;79(4):433-444. https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.39

For citation:


Zhanteleuova G., Izbassarova L., Kadyrbergenova A., Yerniyazova Zh. SOCIAL ENTREPRENEURSHIP: AS AN INNOVATIVE FACTOR IN THE DEVELOPMENT OF THE REGION. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;79(4):433-444. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.39

Қараулар: 99

JATS XML


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)