Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ САЛАСЫНДАҒЫ ШОБ СУБЪЕКТІЛЕРІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.33

Толық мәтін:

Аңдатпа

Шағын және орта кәсіпкерлік – ұлттық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі ретінде елдің инновациялық дамуына ықпал етіп, нарықты қажетті тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етеді, сондайақ экономикалық жүйенің икемділігі мен тұрақтылығын арттырады. Шағын және орта бизнесті (ШОБ) қаржылық қолдау оның тұрақты дамуының негізгі шарты болып табылады Бұл қолдау айналым капиталына, инвестицияларға және инновацияларға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға, ЖІӨ өсуіне, экономиканың әртараптануына және экспорт потенциалын арттыруға ықпал етеді. Мақалада елімізде кәсіпкерлік саланың ахуалы мен белсенділігі, сондай-ақ, ШОБ-тың ел экономикасындағы орны мен үлесі қарастырылған. Мақаланың мақсаты — Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік (ШОБ) субъектілерін қаржылық қолдау бағдарламаларының тиімділігіне статистикалық талдау жасау, қаржыландыру тетіктерін зерттеу және кәсіпкерлердің қаржылық құралдарға қолжетімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Қазақстан Республикасындағы өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ субъектілеріне бағытталған қаржылық қолдау бағдарламаларының мазмұны мен жүзеге асу тетіктері қаралып, олардың нәтижелері статистикалық тұрғыдан бағаланды. Әр бағдарламаның ерекшеліктері мен артықшылықтарына салыстырмалы түрде талдау жасалынды. ШОБ субъектілерін қаржыландыруда екінші деңгейлі банктердің белсенділігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатынан өндеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдараламаның жұмыс істеу тетігі мен нәтижелері зерттелген. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қаржылық құралдаға қолжетімділік мәселелеріне анықталып, оларды шешу бойынша ұсыныстар берілген.

Авторлар туралы

К. Абдикаликов
«Тұран-Астана» университеті
Қазақстан

Кулмухаммед Абдикаликов – докторанты,

Астана қ., 010000



Б. Искаков
«Тұран-Астана» университеті
Қазақстан

Бауыржан Искаков – экономика ғылымдарының кандидаты, профессоры,

Астана қ., 010000



К. Рахимжанова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

Каламкас Рахимжанова – PhD, «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы.

Астана қ., 010000



Әдебиет тізімі

1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы. [Электрондық ресурс] — URL: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-adiletti-kazakstan-zan-men-tartipekonomikalyk-osim-kogamdyk-optimizm-atty-kazakstan-halkyna-zholdauy-285659 (қаралу уақыты: 02.02.2025).

2. ҚР Ұлттық Статистика Бюросы. Салалық статистика. [Электрондық ресурс] – URL: – https://stat.gov.kz/industries/business-statistics/stat-org/publications/281797/ (қаралу уақыты: 31.03.2025).

3. Рост есть, рост будет. [Электрондық ресурс] – URL: https://dknews.kz/ru/chitayte-v-nomere-dk/353153-rostest-rost-budet (қаралу уақыты: 31.03.2025).

4. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі №250 қаулысы.

5. А.О. Сыздықова. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуді талдау. Торайғыров университетінің Хабаршысы. ISSN 2710-3552 Экономикалық сериясы. – №3, – 2024, - 348 б.

6. «Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы» бірнеше министрліктің бірлескен бұйрығы, 21.11.2023ж, ҚР Әділет министрлігінде 27.11.2023 жылы №33681 болып тіркелген.

7. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-дың ресми сайты. Бағдарламалар бойынша есеп. [Электрондық ресурс] – URL: https://damu.kz/reports/reports. (қаралу уақыты: 31.03.2025).

8. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі №354 қаулысы.

9. ҚР Премьер Министрінің ресми сайты. Жаңалықтар. [Электрондық ресурс] – URL: https://primeminister.kz/ru/news/reviews/moratoriy-na-proverki-i-osvobozhdenie-ot-nalogov-kak-budet-razvivatsyabiznes-v-rk-v-blizhayshie-3-goda (қаралу уақыты: 02.07.2025).

10. G.Talapbayeva, Zh.Yerniyazova, A.Shilmanova, R.Muratbekuly. Government support for small and mediumsized businesses in Kazakhstan: trends, problems and prospects, Bulletin of Kh.Dosmukhamedov Atyrau University. – №2 (73), – 2024, - 146 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Абдикаликов К., Искаков Б., Рахимжанова К. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ САЛАСЫНДАҒЫ ШОБ СУБЪЕКТІЛЕРІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;79(4):364-374. https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.33

For citation:


Abdikalikov K., Iskakov B., Rakhimzhanova K. FINANCIAL SUPPORT PROGRAMS FOR SMES IN THE MANUFACTURING SECTOR OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;79(4):364-374. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v79.i4.33

Қараулар: 92

JATS XML


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)